Bereke Bank үшін клиент – жай тұтынушы емес, сенімді серіктес
Bereke Bank үшін клиентпен қарым-қатынас жай ғана қызмет көрсету, кешбэк немесе маусымдық акциялармен шектелмейді. Бұл – күн сайын қалыптасатын, ортақ ниет пен сенімге құрылған тірі байланыс. Клиент мобильді қосымшаны ашқан сәттен бастап, байланыс орталығына қоңырау шалғанда, бөлімшеге кіргенге дейін, алғашқы картамен төлем жасаудан бастап маңызды қаржылық шешім қабылдағанға дейін – банкпен болған әрбір сәт сенімді нығайтуы тиіс. Осы байланыстардың барлығы клиенттің ішкі «мен осы банкті дұрыс таңдадым ба?» деген сұрағына үнсіз, бірақ нақты жауап беруі керек.
Банк үшін басты мақсат клиентті ұстап қалу емес, оның сенімін жүйелі түрде ақтау болды. Себебі қазіргі қаржы нарығында таңдау көп, ал ұзақ мерзімді серіктестік тек өзара түсіністік пен ортақ құндылықтар тоғысқан жерде ғана қалыптасады. Дәл осы ұстаным жаңа ниеттестік бағдарламасының негізіне айналды. Нарықты мұқият талдай келе, Bereke Bank командасы классикалық бонустық жүйелердің замана талабына жауап бермейтінін түсінді. Клиентке формалды емес, адами тұрғыдан қарайтын, маңызды сәттерде жанынан табылатын, қолданушының өмірлік сценарийлеріне сай сөйлей алатын платформа қажет еді. Сондықтан банк «қораптық» дайын шешімдерден бас тартып, алғашқы картадан бастап күрделі қаржылық өнімдерге дейін клиентпен қатар жүретін экожүйені таңдады.
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін Bereke Bank Solanteq компаниясының SOLAR Loyalty платформасына тоқталды. Бұл таңдау технология үшін емес, ең алдымен философия үшін жасалды. Платформа ниеттестікті басқаруды стратегиялық деңгейге көтеруге бейімделген: мінез-құлыққа негізделген архитектура, икемді ережелер конструкторы және банк жүйелерімен терең онлайн-интеграция клиентпен қарым-қатынасты жай деректер жиынтығынан мағыналы диалогқа айналдырды.
Жобаның маңызды ерекшеліктерінің бірі – ішкі команданың дербестігі. Bereke Bank үшін заманауи маркетинг – бұл жылдам ойлау, батыл гипотезалар және дер кезінде қабылданған шешімдер. Сондықтан ниеттестік платформасы маркетологтарға эксперимент жасауға еркіндік беруі тиіс еді. SOLAR Loyalty бұл талапты толықтай ақтады.
Жобаны енгізу барысында-ақ маркетинг командасы бірнеше жаңа механиканы ұсынып, оларды банк мамандары өз күшімен іске қосты. Қосымша келісімдерсіз, ұзақ бюрократиясыз. Нәтижесінде ниеттестік бағдарламасы статикалық жүйе емес, тірі, икемді және бизнес міндеттеріне жедел жауап беретін құралға айналды.
Алайда бұл серіктестіктің құндылығы тек технологиямен шектелмейді. Solanteq командасы алғашқы күннен бастап вендор рөлінен шығып, ортақ нәтижеге жауапты серіктес ретінде әрекет етті. Бірге ойланды, бірге талқылады, қажет жерде пікірталасқа да барды. Bereke Bank клиенттік базасының ерекшеліктерін терең түсініп, нақты нәтиже беретін шешімдерді таңдады. Жобаның күрделі кезеңдерінде дәл осы кәсіби сенім мен ортақ ниет алға жылжуға мүмкіндік берді.
Bereke Bank ниеттестік бағдарламасын дамыту басқармасының директоры Қанат Рахимов серіктестікті былай түйіндейді:
«Бұл жоба біз үшін жай ғана платформа енгізу емес, ниеттестік мәдениетін қалыптастыру болды. Solanteq командасы технология ұсынып қана қойған жоқ, біздің мақсатымызды өз мақсаты ретінде қабылдады. Клиенттеріміз үшін шынайы құндылық әкелетін шешімдер дәл осындай серіктестікте ғана туады».
Бүгінде Bereke Bank-тегі ниеттестік бағдарламасы – ережелер жиынтығы емес. Бұл – клиентпен үздіксіз диалог жүргізетін, оның қаржылық өміріне табиғи түрде енетін ортақ тіл. Ал Solanteq үшін бұл жоба технологияның ең жоғары құндылығы адамға бағытталған кезде ғана ашылатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Bereke Bank пен Solanteq алдағы кезеңге жаңа бірлескен бастамаларды жоспарлап отыр. Себебі бірге болу – бұл стратегия емес, саналы таңдау. Ал нағыз қаржылық ниеттестік дәл осы таңдаудан басталады.