Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Business: әр клиентке ерекше көзқарас танытудың жаңа философиясы

Жаңа философияның мәні «Құлақ асатын банк» концепциясына негізделген: клиенттердің барлық сұрақтары, ұсыныстары, шағымдары егжей-тегжей зерттеліп, талданады және Bereke Bank өнімдерін әзірлейтін қызметкерлер осы мәселелердің жүйелі шешімдерін ұсынады. Bereke Business экожүйесін өз кәсіпорны үшін барынша ыңғайлы және тиімді ету мақсатында клиент жаңартылған қызметті бақылап көреді.

Бұл ретте Bereke Bank бизнес-клиенттерімен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа түрін ұсынады, мұнда әркім өз идеясын / шағымын/ пікірін айта алады және айтылған әр ой міндетті түрде ескеріліп, іске асады.

Кері байланысты орнату «жеке менеджерге» міндеттелген. Бұл жаңа опция енді әр клиентке қолжетімді. Бұрын мұндай мүмкіндік тек ірі бизнес сегментінде болған. Енді кез келген кәсіпорын Bereke Business платформасында тіркелгеннен кейін бірден өз кеңесшісінің байланыс нөмірін алады және оған өз қаржысына қатысты барлық мәселелері бойынша жүгіне алады.

Ал менеджерлер өз кезегінде өздерінің қызметі аясында, сонымен қатар адами тұрғыдан да барынша көмек беруге тырысады. Қазірдің өзінде мұндай оқиғалар банктің тәжірибесінде бар және Bereke Bank медиа ресурстарындағы «Бақытты клиент» жобасы аясында банк менеджерлері - «BB амбассадорлары» клиенттерге жасалған қолайлы жағдай туралы айтатын болады.

Bereke Business-тің негізгі назарында кәсіпкердің өзі болғандықтан, оның жеке оқиғаларына ерекше мән беріледі. «Берекелі Кәсіпкер» жаңа жобасы клиенттердің жетістіктерін бақылауға, олардың табысы жөнінде білуге, бизнес құндылықтарын қоғамға таратуға мүмкіндік береді.

Bereke Business-те кәсіпкердің өз шығармашылығы мен импровизациясына еркіндік беріледі, ал менеджер клиентке сенімділік пен қуаныш сезімін сыйлау мақсатында күнделікті қаржылық міндеттерін өз мойнына алады. Яғни, Bereke Bank қазақстандық бизнестің өркендеуіне мүдделі және оны дамыту мақсатында барынша күш салуда.

Bereke Business - бұл сандық платформа, офлайн қолдау, жаңа өнімдер, жеке менеджер немесе қосымша қызметтермен қатар, әр адамға Bereke-лі бизнесін құруға мүмкіндік беретін жаңа экожүйе.