Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank мемлекеттік қызметтерді банк қызметтерімен цифрлық интеграциялау тәжірибесін БҰҰ ЭСКАТО дөңгелек үстелінде ұсынды

Full 1756358749e10f007ccff7aa1fde846dd89ac6f110 Webp

Санкт-Петербургте шағын және орта бизнеске арналған цифрлық мемлекеттік қызметтер тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті. Бұл шара бірнеше елдің мемлекеттік органдары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Bereke Bank Қазақстан делегациясының құрамында осы шараға қатысып, негізгі баяндамашылардың қатарында сөз сөйледі.

Бұл шара Ресей Федерациясының қолдауымен, 2024–2026 жылдарға арналған ЭСКАТО-ның Солтүстік және Орталық Азиядағы бизнестің цифрлық экожүйелерін дамытуға бағытталған екіжылдық жобасы аясында ұйымдастырылды.  

Дөңгелек үстел аймақта өткен консультациялар мен сұхбаттар сериясының соңғы кезеңі болды және онда беделді саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және жеке институттардың өкілдері жиналды. Негізгі назар жоба нәтижелеріне аударылды, соның ішінде саяси ұсыныстар мен блокчейн-платформадағы цифрлық бизнес-картаның Proof of Concept прототипі таныстырылды. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік қызметтерінің цифрлық жетілу деңгейін бағалаудың жаңа әдісі және Азия-Тынық мұхиты ақпараттық супермагистралі (АТИС) аясында сарапшылар тобын құру бастамасы ұсынылды.

Форумда бизнес үшін "бір терезе" моделін дамытуға, цифрлық мемлекеттік қызметтер стандарттарын үйлестіруге, олардың ауылдық аймақтарда қолжетімділігін арттыруға және шағын және орта бизнестің әкімшілік жүктемесін азайтуға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестіктің маңызды үлесі мен коммерциялық платформаларды мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялаудың маңыздылығы атап өтілді.

Full 1756358842d160f8baefad6341aea5b48305e934be Webp

Іс-шара аясында Bereke Bank мемлекеттік қызметтердің цифрлық интеграциялау тәжірибесімен бөлісіп, инновациялық шешімдердің кәсіпкерлікті қолдау мен экономиканы дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.

Өз сөзінде "Bereke Bank" АҚ ( Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) заңды тұлғаларға арналған цифрлық арналардағы өнімдерді әзірлеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина банк секторының трансформациясын атап өтіп, бизнесті қолдаудағы мемлекеттік қызметтердің цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады.

"Бүгінде әлем банктері жан-жақты қызмет көрсететін толыққанды экожүйелерге айналуда. Осы үрдіске сай, Bereke Bank мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ақпараттық жүйелерімізді интеграциялап жатыр. Нәтижесінде, клиенттерімізге бизнесті тіркеуден бастап, рұқсат құжаттарын алу мен салықтық әкімшілендіруге дейінгі барлық үдерістерді қамтитын – "бір терезе" қағидаты бойынша кешенді қызмет ұсынамыз. Бастамаларымыздың сәтті жүзеге асуы мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынатын заманауи цифрлық инфрақұрылымның арқасында мүмкін болып отыр. Бұл – мемлекет пен бизнестің өзара сенімге негізделген табысты ынтымақтастығының айқын көрінісі", – деді Гүлмира Акинбашина.

Full 175635890831fa05a31fa19aa369430eb0a665fbbd Webp

Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске арналған сервистер таныстырылды, олар банк экожүйесінде кәсіпкерлерге бизнесті тіркеуден бастап есепшот ашу, лицензия алу, салықтық әкімшілендіру және операциялық қызметті онлайн режимінде жүргізуге дейінгі толық жолды өтуге мүмкіндік береді.

Bereke Bank-тің халықаралық форумға қатысуы Қазақстанның цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту және мемлекеттік-жеке серіктестікті қолдаудағы белсенді рөлін айқын көрсетті. Банктің тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді банк инфрақұрылымына сәтті интеграциялаудың үлгісі ретінде жоғары бағаланып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасап қана қоймай, елдің цифрлық экожүйесіне деген сенімді одан әрі нығайтты.

Айым Болатқызы

 

Дереккөз: https://stan.kz/bereke-bank-memlekettik-kizmetterdi-bank-kizmetterine-c-422644/