Клиенттердің салымдары Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.
Бір салымшыға барлық депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік:
ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша - 20 миллион теңгеге дейін
ұлттық валютадағы ағымдағы шоттар және басқа депозиттер бойынша - 10 миллион теңгеге дейін
шетел валютасындағы шоттар мен салымдар бойынша - 5 миллион теңгеге дейін
Салымдарға кепілдік беру жүйесі туралы толығырақ - kdif.kz сайтында.
Мобильді қосымшада:
Негізгі бетте «Депозит ашу» бөліміне өтіп, қажет өнімді таңдаңыз.
Банк бөлімшесінде:
Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Шет мемлекеттердің азаматтарында ЖСН болуы керек.
Депозитті төрт валютада ашуға болады:
теңге, ресей рублі, еуро және АҚШ доллары.
Bereke Bank мобильді қосымшасында өз шоттары арасындағы аударымдар жасау арқылы
Банкоматтар мен терминалдар арқылы
Банк бөлімшесінің кассасында қолма-қол ақшамен
Телефон нөмірі*, карта немесе шот нөмірі бойынша басқа банктерден сыртқы аударымдар арқылы
Рaydala терминалдары арқылы - толықтыру комиссиясыз.
Бір клиенттің шотын тәулігіне толықтырудың ең жоғары сомасы 500 000 теңгені құрайды. Каражат бірден есепке алынады.
Paydala терминалдары арқылы төлем жасау нұсқаулығы мен терминалдардың мекенжайлары банк сайтындағы «Құжаттар» бөлімінде қолжетімді.
*Телефон нөмірі бойынша аударымдар Alatau City Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, ЦентрКредит Банкі, Freedom Bank, сондай-ақ Қазпошта және Kassa24 төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Bereke Bank мобильді қосымшасында өз шоттары арасындағы аударымдар жасау арқылы
Банк бөлімшесінің кассасында
Банкоматтарда (депозиттен картаға ақша аударылғаннан кейін)
Басқа банктерге аудару арқылы
Телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар біздің Банктің шоттарынан Alatau City Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, ЦентрКредит Банкі, Freedom Bank шоттарына, сондай-ақ Қазпошта және Kassa24 төлем жүйелеріне қолжетімді.
Банк есептеген пайыздар салым сомасына қосылады және келесі күні сыйақы бұрын есептелген пайыздарды қоса алғанда, барлық сомаға есептеледі.
Салым бойынша сыйақы төлеу күн сайын жүргізіледі.
Депозиттер үш түрге бөлінеді:
Жинақ депозиттер - теңгедегі салымдар арасындағы сыйақы мөлшерлемесі ең жоғары, қайтарылып алынбайтын депозит.
Мерзімді депозиттер - сыйақыны ішінара жоғалтумен қаражатты ішінара немесе толық алуға мүмкіндік беретін ымыралы нұсқа.
Мерзімсіз депозиттер - ең икемді формат: салымды кез келген уақытта толтыруға және алуға болады (төмендетілмейтін қалдықты сақтай отырып). Олар бойынша Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне жақын ең төменгі мөлшерлемелер қолданылады, бірақ қаражатты басқарудың барынша ыңғайлылығы қолжетімді.
Жинақ депозиттері бойынша сыйақы айына бір рет номиналды мөлшерлеме бойынша күнделікті қалдыққа есептеледі.
Мерзімсіз депозиттер бойынша пайыздар күн сайын есептеледі және салым сомасына қосылады.
Есеп номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
Құбылмалы мөлшерлеме Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің және салым ашылған күні Банк белгілеген пайыздық спредтің сомасы ретінде анықталады.
Спред тіркеледі және депозиттің қолданылу мерзімі ішінде өзгермейді (ұлғаю мүмкіндігін қоспағанда).
Базалық мөлшерлеменің өзекті мәнін nationalbank.kz сайтынан көруге болады.
Пайыздық спредтің мөлшері сайтта «Құбылмалы мөлшерлеме шарттары» бөлімінде көрсетілген.
ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі өзгерген кезде құбылмалы мөлшерлеме қайта қаралады және қосымша келісімге қол қоюсыз, келесі операциялық күннен бастап қолданысқа енеді. Егер депозитті орналастыру кезеңінде құбылмалы мөлшерлеме теріс болса, оның мәні нөлге тең деп қабылданады.