Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Кепілсіз кредит

Ақшаны онлайн ресімдеу және алу

Кепілсіз кредит
Өзіңіз таңдаған санатқа 10% кешбэк береміз
Өзіңіз таңдаған санатқа 10% кешбэк береміз
8 000 000 ₸ дейін

Кредит сомасы

5 жылға дейін

Кредиттің мерзімі

Комиссиясыз

Мерзімінен бұрын өтеу

Кредитті қалай алуға болады
1

Кредитті есептеңіз және өтінімді толтырыңыз

Алдын ала шешімді күтіңіз


2

Bereke қосымшасын жүктеп алыңыз

3

Қосымшада құжаттарға қол қойыңыз

Кредиттік калькулятор
Кредитті есептеңіз және кредит жөнінде шешімді алыңыз
Ай сайынғы өтеу әдісі

1 қадамның 2-еуі
Сіздің деректеріңіз қорғалған
  1. Kaspi немесе Halyk Банктің мобильді қосымшасында "Үзінді көшірме" бөлімін табыңыз
  2. Cоңғы 6 айдағы кезеңді таңдаңыз
  3. Үзінді көшірмені телефонның "Файлдарына" PDF форматында сақтаңыз
  4. Үзінді көшірмені төмендегі тармаққа жүктеңіз
Үзінді көшірмені қалай жүктеуге болады
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Кредит туралы толығырақ
Bereke Bank-тің кепілсіз кредиттің шарттары
Жалпы ақпарат

Кредиттің валютасы

Теңге

Кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия**

Кредиттің сомасынан 0% -дан бастап

Кредиттің мақсаты

Тұтынушылық мақсаттарға

Кредиттің ең төменгі сомасы

150 000 теңге

Кредиттің ең жоғары сомасы*

8 000 000 теңге (Bereke Bank картасына жалақы алатын жеке тұлғалар үшін)

Кредиттің ең төменгі мерзімі

7 ай

Кредиттің ең ұзақ мерзімі

5 жыл

Егер қарыз алушы кредит талаптарын орындамаса, банк мына шараларды қабылдауға құқылы:

— мерзімі кешіктірілгені үшін 90 күн ішінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу – мерзімі кешіктірілген әр күн үшін кешіктірілген төлем сомасынан 0,5%, бірақ Шарт қолданылған әрбір жыл үшін берілген Қарыз сомасынан 10% артық емес мөлшерде);

— кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу — мақсатсыз пайдаланылған сомадан 25% мөлшерінде;

— ерекше шарттарды бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу - ерекше шарттарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күніне негізгі борыш қалдығынан 0,01% мөлшерінде;

— кез келген банктердегі қарыз алушының банктік шоттарынан ақшаны оның қосымша келісімінсіз есептен шығару;

— Шарт бойынша берешекті өндіріп алуды үшінші тұлғаларға тапсыру;

— кредитті мерзімінен бұрын толық өтеуді талап ету; 

— банктің немесе оның филиалының тіркелген жері бойынша сотқа жүгіну.

Пайыздық мөлшерлеме***
28%-дан 42%-ға дейін, (ЖТСМ 31,02%-дан 45,50%-ға дейін)
Қарыз мерзімінің 25-ші айынан бастап қарыз мерзімінің екінші жартысында сыйақы мөлшерлемесін төмендету қарастырылған.

** Комиссиялар Банктің Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитетінің 02.04.2025 жылғы №19 §1а шешімімен бекітілген

*** Мөлшерлемелер «Bereke Bank» АҚ «Бөлшек кредиттеу» тобының Заңнамалық отырысының 16.08.2024 ж. №23 хаттамасының §2 үзінді көшірмесімен бекітілді

Bereke қосымшасында
  1. Егер Сізде жоқ болса, Bereke Bank картасын ашыңыз
  2. Басқа банктің мобильді қосымшасында Bereke картасына аударымды таңдаңыз
  3. Bereke мобильді қосымшасының басты бетінде өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз, ай сайынғы төлем сомасын есептен шығару шоты мен аудару шотын таңдап, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сома кредитті төлеу күні есептен шығарылады
Bereke Bank банкоматында
  1. Негізгі экранда «Картасыз енгізу», ары қарай «Кредитті өтеу» таңдаңыз
  2. Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз, өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Ай сайынғы төлемді төлеу» батырмасын басыңыз 
  3. Қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Төлем туралы чекті алуды ұмытпаңыз
Банк бөлімшесі арқылы
  1. Ең жақын бөлімді таңдаңыз
  2. Менеджерге хабарласыңыз және ақшаны кассаға салыңыз
  3. Кредитті төлеу туралы чек алыңыз

Ең жылдам әрі қолайлы тәсіл — мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі арқылы өтеу. Сонымен қатар, өзіңіздің ағымдағы шотыңызды толықтырыңыз, өтелу сомасы төлем кестесі бойынша автоматты түрде өзі шешіледі.

Маңызды: қаражат төлем кестесіндегі төлем күні кешіктірілмей, сағат 21:00-ге дейін енгізілуі қажет.

Мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі:

• Карталарыңызда төлемді жабуға жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.

• Кредит мәзіріне кіріп → «Төлем жасау» тармағын таңдаңыз.

• Шығатын соманы дебеттік картаңыздан жасау үшін оны таңдаңыз.

• Ай сайынғы төлем сомасын енгізіп → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

• Операцияны растаңыз.

Ақша кредитті өтеу үшін бірден ұсталады, төлем кестесі жаңарады. 

Ағымдағы шотты толықтыру:

• Ағымдағы шотыңызды банкомат, банк кассасы немесе «Қазпошта» арқылы толықтырыңыз.

• Немесе басқа Банктегі өз шотыңыздан ағымдағы шотқа ақша аударыңыз.

• Төлем кестесі бойынша ағымдағы шоттан қаражат автоматты түрде ұсталады.

• Егер төлем күні жұмыс күніне сәйкес келсе, ақша 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады.

• Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, ақша алдағы жұмыс күнінде 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады және төлем кешіктірілген болып саналмайды.

Назар аударыңыз: кредитті өтеуге жұмсалатын қаражат дебеттік картадан тікелей ұсталмайды. Тек «Төлем жасау» сервисін пайдаланып немесе ағымдағы шотты толықтыру арқылы төлем жасауға болады.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемді Bereke Bank қосымшасында қалай төлеуге болады?

Bereke Bank банкоматтары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?

Басқа банктен аударым арқылы ай сайынғы төлемді өтеу үшін Bereke Bank шотын қалай толықтыруға болады?

Ай сайынғы төлемді есептен шығару кесте бойынша өтеу күні жүргізіледі.

Егер ай сайынғы төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, онда ай сайынғы төлем одан кейінгі жұмыс күні тұрақсыздық айыбысыз және айыппұлдарсыз есептен шығарылады.

Ай сайынғы төлемдерді өтеу кестесін мобильді қосымшаның кредит мәзірінен көре аласыз. Сондай-ақ, бұл кесте Банктік қарыз шартымен бірге беріледі.

Егер сіз бөлек алдын ала төлем жасаған болсаңыз, жаңа кесте мобильді қосымшада жаңарады — тек қайта кіріп, ақпараттың жаңартылғанын тексеруіңіз қажет.

Ішінара алдын ала өтеу — бұл сіз ай сайынғы тұрақты төлемнен бөлек қосымша сома төлеп, келесі айлардың төлемдерін немесе кредит мерзімін қысқарта аласыз. Мұны жүзеге асыру үшін ай сайынғы төлем сомасына тең немесе одан жоғары қаражат енгізу қажет.

Ай сайынғы төлем сомасын қысқартуға арналған ішінара алдын ала төлеуді кез келген кредит бойынша комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.

Ал кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тәсілдері кредит түріне байланысты болады.

Bereke Bank мобильді қосымшасы мен банкоматтарында:

• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында)


Банк бөлімшелерінде:

• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар (тек мерзімнің екінші жартысында)

• 7500 теңге комиссиямен — жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген бір мөлшерлемесі бар кредиттер, тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредит түрлері; жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында), тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредиттер.


Екі мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тек мерзімнің екінші жартысында жүзеге асырылады.

Толық мерзімінен бұрын өтеу — бұл Сіз кредитті толық жабу үшін қарыздың барлық сомасын төлейтін жағдай.

Кез келген кредитті толық мерзімінен бұрын өтеуді комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.

Толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, себебі Банк күн сайын кредит бойынша қалған қарыз сомасына пайыз есептейді. Бүгінгі күнге өзекті соманы мобильді қосымшадағы өз кредиттіңіздің мәзірінен → «Мерзімінен бұрын өтеу» → «Толық өтеу» бөлімінен көре аласыз.

Толық мерзімінен бұрын өтеуді тек жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жасауға болады.

Кредитті Bereke Bank мобильді қосымшасында мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады? 

Кредитті Bereke Bank АҚ банкоматтары арқылы мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?

Ағымдағы күнге сәйкес қарыздың көлемін мобильді қосымшада көруге болады. Ол үшін кредит мәзіріне кіріп → «Алдын ала өтеу» → «Алдын ала толық өтеу» бөлімін таңдаңыз.

Назар аударыңыз: алдын ала толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, өйткені банк күн сайын кредиттің қалған қарызына пайыз есептейді.

 

Егер кредит онлайн ресімделсе, қаражат ағымдағы шотыңызға аударылады. Ағымдағы шоттан толық мақұлданған соманы Банк бөлімшесіндегі кассадан комиссиясыз алуға болады.

5 миллион теңгеге дейінгі соманы кез келген Банк бөлімшесінде жұмыс уақыты ішінде алуға болады. 5 миллион теңгеден жоғары соманы алу үшін оған алдын ала, кем дегенде 2 жұмыс күні бұрын тапсырыс беру қажет, сонда бұл сома бөлімшеде дайын болады. Сомаға тапсырыс беру үшін Bereke Bank-тің қолдау қызметіне байланыс орталығына қоңырау шалу немесе мобильді қосымшадағы чат арқылы хабарласыңыз.

Комиссиясыз қаражатты алу тек ағымдағы шоттан ғана және кредит қаражаты түскеннен кейін дереу жүзеге асады:

• Мақұлданған сома картаға аударылғаннан кейін, стандартты шектеулер мен комиссиялар қолданылады.

• Ақшаны ағымдағы шоттан картаға аударып, қайтадан ағымдағы шотқа аудару кезінде комиссиялар қолданылады.

• Егер ағымдағы шотыңызда кредит мақұлданбас бұрын қаражат бар болған болса, кассадан комиссиясыз тек кредит сомасын ғана алуға болады.

 

Иә, біздің банкте басқа банктердің кредиттерін қайта қаржыландыруға болады. Қайта қаржыландыруға өтініш мобильді қосымша арқылы немесе Банк бөлімшесінде беруге болады.

Кредитті қайта қаржыландыру туралы банк келісімшарты жасалғаннан кейін, басқа банктегі қарызды жабу үшін ақша аударымын жасауға өтініш толтыру қажет болады. Ақшаның басқа банктегі есепшотқа түсу мерзімі — 1–3 жұмыс күні.

 

Бұл – мүлікті кепілге қоймай берілетін тұтынушылық мақсаттағы банк кредитті. Банк шешімді клиенттің деректеріне, табысына және кредит тарихына сүйене отырып қабылдайды.

Көп жағдайда жеке куәлік пен ЖСН жеткілікті болады. Кейбір жағдайларда банк мәліметтерді тексеру немесе табысты растау үшін қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.

Ең ыңғайлы тәсіл – кредит калькуляторын пайдалану. Ол ай сайынғы болжамды төлемді, кредит мерзімін және жалпы артық төлем көлемін көрсетуге мүмкіндік береді.

Bereke Bank картасына жалақы алатын клиенттердің жекелеген санаттары үшін кредит сомасы 150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.

Иә, ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Нақты шарттар мен тәртіп келісімшартқа және банктің қолданыстағы тарифтеріне байланысты анықталады.

Банк клиенттің төлем қабілеттілігін, табыс деңгейін, кредит тарихын, қолданыстағы қарыздық жүктемесін және өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын ескереді.

Кепілсіз кредит – бұл пәтерді, автокөлікті немесе өзге де мүлікті кепілге қоймай рәсімдеуге болатын тұтынушылық кредит. Қаражат жеке мақсаттарға беріледі, ал банк шешімді клиент туралы мәліметтер негізінде, оның табысына және кредит тарихына сүйене отырып қабылдайды.

Мұндай кредит түрі жеке мақсаттарға қаражат қажет болған және оны қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешу маңызды болған жағдайда қолайлы. Bereke Bank-те кредитінің сомасы клиенттердің жекелеген санаттары үшін 150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін, ал мерзімі 7 айдан 5 жылға дейін беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі мен ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) өтінімді қарау нәтижелері бойынша банк жеке айқындайды.


Қазақстандағы кепілсіз кредит – кімдерге қолайлы және оның ерекшеліктері қандай?


Қазақстанда кепілсіз кредит көбіне нақты мақсаттар үшін рәсімдейді: жөндеу жұмыстарын жүргізу, оқу ақысын төлеу, тұрмыстық техника немесе жиһаз сатып алу, медициналық шығындарды жабу, сапарға шығу және басқа да жеке қажеттіліктер үшін. Мұндай кредит бірнеше мақсатқа жұмсалатын шығындар болған жағдайда да ыңғайлы, өйткені оларды төлем кестесі түсінікті бір кредитке біріктіруге болады.

Көптеген адамдар кепілсіз тұтынушылық кредитті рәсімдеуінің қарапайым болуына байланысты таңдайды. Мүлікке қатысты құжаттарды жинаудың, оны бағалаудың немесе кепілмен кредит рәсімдеу кезінде талап етілетін қосымша рәсімдерден өтудің қажеті жоқ.


Кепілсіз кредит мен кепілмен берілетін кредиттің айырмашылығы неде?


Негізгі айырмашылық – кепілдің болмауы. Кепілмен кредит рәсімделген кезде банк қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлікті, автокөлікті немесе басқа активті қабылдайды. Ал кепілсіз кредит жағдайында мұндай талап қойылмайды, яғни мүлікті кепілге ұсынудың қажеті жоқ.

Кепілсіз ақшалай кредит бойынша өтінімге қатысты шешім клиенттің қаржылық жағдайына байланысты қабылданады: табыс деңгейі, ағымдағы міндеттемелер және кредит тарихы ескеріледі. Кепілмен берілетін кредиттерде сонымен қатар мүліктің нарықтық құны мен құқықтық тазалығы тексеріледі, сондықтан мұндай рәсімдеу әдетте көбірек уақыт алады.


Қай жағдайда кепілсіз кредитті таңдаған дұрыс?


Кепілсіз кредитті рәсімдеу жылдамдығы мен қарапайымдылығы маңызды болған кезде таңдаған жөн. Егер қаражат қысқа мерзімде қажет болса және кепіл рәсімдеумен айналысуға уақыт немесе мүмкіндік болмаса, бұл нұсқа қолайлы шешім болуы мүмкін. Өтінімді онлайн беріп, рәсімдеу үдерісін қашықтан аяқтауға болады.

Кепілсіз мақсатсыз кредит қаражат бірден бірнеше міндетті шешуге қажет болған жағдайда да ыңғайлы. Мысалы, кредиттің бір бөлігін жөндеуге, екінші бөлігін оқуға немесе тұрмыстық техника сатып алуға жұмсауға болады. Нәтижесінде төлем кестесі түсінікті бір кредит рәсімделеді және оны бақылау әлдеқайда жеңіл болады.


Кепілсіз кредиттің шарттары


Кепілсіз кредит рәсімдеу кезінде кредиттің негізгі параметрлерін алдын ала бағалау маңызды. Bereke Bank-та кредиттер теңгемен беріледі. кредиттеудің түпкілікті шарттары өтінім қаралғаннан кейін айқындалады.


Кредит сомасы, мерзімі және сыйақы мөлшерлемесі


Bereke Bank-тың қолданыстағы шарттары:

  1. 1. Кредит сомасы. Ең төменгі сома – 150 000 теңге. Ең жоғары сома Bereke Bank картасына жалақы алатын жеке тұлғалар үшін 8 000 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

  2. 2. Кредит мерзімі. Ең қысқа мерзім – 7 ай, ең ұзақ мерзім – 5 жылға дейін.

  3. 3. Сыйақы мөлшерлемесі. Өтінім параметрлеріне байланысты және жылдық 28%-дан 42%-ға дейін болуы мүмкін.

  4. 4. ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) – жылдық 31,02%-дан 45,50%-ға дейін.

Нақты шарттар кредит сомасына, таңдалған мерзімге, клиенттің табыс деңгейіне, кредит тарихына және банк өтінімді қарау нәтижелеріне байланысты анықталады.

Кредиттерді салыстыру кезінде тек сыйақы мөлшерлемесіне ғана емес, ЖТСМ көрсеткішіне де назар аударған жөн. Бұл көрсеткіш барлық міндетті төлемдерді ескере отырып, кредиттің нақты құнын көрсетеді және шарттарды дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Bereke Bank-та клиенттердің жекелеген санаттары үшін кредиттің екінші жартысында, яғни 25-айдан бастап, сыйақы мөлшерлемесін төмендету қарастырылған.


Банк қарыз алушыға қандай талаптар қояды?


Қарыз алушыға қойылатын талаптар банктің ішкі қағидаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады. Әдетте келесі критерийлер ескеріледі:

  • • банктің талаптарына сәйкес келетін жас;

  • • Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе ел аумағында заңды тұру құқығы;

  • • қолданыстағы ЖСН;

  • • табыс деңгейі және жалпы төлем қабілеттілігі;

  • • кредит тарихы;

  • • басқа кредиттер бойынша қолданыстағы міндеттемелер.

Кейбір жағдайларда банк қосымша мәліметтер сұратуы мүмкін. Бұл өтінім бойынша ақпаратты нақтылау және клиенттің қаржылық жүктемесін дәлірек бағалау үшін қажет.


Рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?


Кепілсіз кредит алу үшін өтінім беру қажет. Көп жағдайда жеке куәлік пен ЖСН жеткілікті болады. Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін. Бұл деректер клиентті сәйкестендіру және өтінімді қарау мақсатында пайдаланылады.

Кредит сомасына, клиент санатына немесе алдын ала тексеру нәтижелеріне байланысты банк қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Банктен кепілсіз кредит рәсімдеу туралы шешім қабылдаған кезде кредиттеу шарттарымен, төлем кестесімен, мерзімінен бұрын өтеу тәртібімен және міндеттемелерді орындамау жағдайындағы жауапкершілікпен мұқият танысу ұсынылады.


Кепілсіз кредитті онлайн қалай рәсімдеуге болады?


Bereke Bank-та кредитті банктің цифрлық сервистерін пайдалана отырып қашықтан рәсімдеуге болады. Клиент өтінімді сайт арқылы немесе бірден мобильді қосымшада бере алады немесе банк бөлімшесіне жүгініп көмек ала алады. Бұл ретте рәсімдеуді аяқтау, құжаттарға қол қою және қаражатты шотқа аудару мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.


Сайт арқылы өтінім беру


Клиент өтінімді толтырып, қажетті мәліметтерді көрсетеді және сауалнаманы қарауға жібереді. Өтінім жіберілгеннен кейін банк қарау нәтижесі туралы SMS-хабарлама жолдайды. Банктің ақпаратына сәйкес, өтінім бойынша шешім бірнеше минут ішінде қабылдануы мүмкін. Егер өтінім мақұлданса, хабарламада Bereke Bank мобильді қосымшасына өтуге арналған сілтеме жіберіледі.

Одан кейін клиент рәсімдеуді қосымшада жалғастырады: кредит шарттарымен танысады, келісімін растайды, құжаттарға қол қояды және қаражаттың шотқа немесе картаға аударылғанын алады. 


Кредитті бірден мобильді қосымшада рәсімдеу


Бұл — кредитті қашықтан рәсімдегісі келетін клиенттер үшін ыңғайлы тәсіл. Банктің мобильді қосымшасына кіргеннен кейін өтінім беруге, қолайлы параметрлерді таңдауға және өтінішті қарауға жіберуге болады.

Келесі кезеңдердің барлығы да қосымшада өтеді: клиент банк шешімін алады және құжаттарға қол қояды. Рәсімдеу аяқталғаннан кейін қаражат клиенттің картасына немесе шотына аударылады. Барлық кезеңдер бір жерде шоғырланғандықтан, процесс түсінікті әрі ыңғайлы болып қалады.


Клиент банк бөлімшесіне келген жағдайда кредитті қалай рәсімдеуге болады?


Егер клиент банк бөлімшесіне жүгінсе, маман рәсімдеуді бастауға көмектеседі және өнім шарттары бойынша кеңес береді. Алайда келесі кезеңдердің барлығы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімшеде процесс тек басталады, ал негізгі рәсімдеуді клиент өз телефонында аяқтайды:

  • • QR-кодты сканерлеу және қосымшаға кіру;

  • • банк шешімін алу;

  • • құжаттарға қол қою;

  • • қаражаттың шотқа немесе картаға аударылуы.

Өтінім берілгеннен кейін шешім бірнеше минут ішінде қабылдануы мүмкін. Құжаттарға мобильді қосымшада қол қойылады. Растаудың алдында кредит сомасын, мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін және ЖТСМ көрсеткішін мұқият тексеру маңызды.


Кепілсіз онлайн кредиттің төлемін қалай есептеуге болады?


Кепілсіз кредитті онлайн рәсімдемес бұрын болашақтағы қаржылық жүктемені алдын ала бағалаған пайдалы. Ол үшін кредит калькуляторын қолдануға болады. Бұл құрал асықпай отырып өзіңізге ыңғайлы шарттарды таңдауға көмектеседі.


Кредит калькуляторы не үшін қажет?


Кредит калькуляторы кредит бойынша негізгі көрсеткіштерді алдын ала есептеу үшін пайдаланылады:

  • • ай сайынғы төлем мөлшерін;

  • • кредит бойынша жалпы артық төлем көлемін;

  • • қысқа және ұзақ мерзім арасындағы айырмашылықты;

  • • таңдалған кредит сомасының төлем мөлшеріне әсерін.

Мұндай құрал бірнеше нұсқаны салыстыруға және ең қолайлы шешімді таңдауға мүмкіндік береді.


Ай сайынғы төлем мөлшеріне не әсер етеді?


Ай сайынғы төлем көлемі кредиттің негізгі параметрлеріне байланысты:

  • • кредит сомасы – сома неғұрлым жоғары болса, төлем де соғұрлым көп болады;

  • • мерзімі – мерзім ұзарған сайын ай сайынғы төлем әдетте төмендейді, алайда жалпы артық төлем көлемі артуы мүмкін;

  • • сыйақы мөлшерлемесі – кредиттің түпкілікті құнына тікелей әсер етеді;

  • • өтеу тәсілі – егер өтеу кестесінің бірнеше нұсқасы қолжетімді болса, төлем мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Онлайн өтінім берер алдында калькуляторда бірнеше ықтимал нұсқаны есептеп көрген жөн.


Кепілсіз кредитті қалай алуға және мақұлдану мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Банктен кепілсіз кредит алуды жоспарлағандар үшін бірнеше қарапайым қадамнан бастаған жөн: құжаттарды алдын ала тексеру, өтінімде нақты әрі дұрыс мәліметтер көрсету, болашақ төлем көлемін бағалау және өз қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін кредит сомасын таңдау. Мұндай тәсіл артық бас тартулардың және қайта өтінім берудің алдын алуға көмектеседі.


Өтінімді қарау кезінде банк үшін не маңызды?

Кепілсіз кредит алу үшін келесі талаптардың сақталуы маңызды:

  1. 1. Дұрыс мәліметтер. Өтінімде нақты және өзекті ақпарат көрсетілуі қажет.

  2. 2. Жеткілікті табыс. Банк қарыз алушының төлемдерді уақытылы жүзеге асыра алатынын бағалайды.

  3. 3. Қалыпты қарыздық жүктеме. Қолданыстағы міндеттемелер табыс көлемімен салыстырғанда неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы.

  4. 4. Оң кредит тарихы. Бұрынғы міндеттемелер бойынша төлемдерді уақытында орындау жаңа өтінімді қарау кезінде сенімділікті арттырады.

Өтінімді қарау барысында банк ішкі талаптарды және нақты кредит өніміне қатысты параметрлерді де ескеруі мүмкін.


Неліктен банк қосымша ақпарат сұратуы мүмкін?


Қосымша мәліметтерді сұрату – қалыпты тәжірибе және ол өтінімнің міндетті түрде қабылданбайтынын білдірмейді. Қосымша ақпарат келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:

  • • табыс деңгейін немесе жұмыс орнын нақтылау қажет болғанда;

  • • өтінімде көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін;

  • • скоринг жүргізу және тәуекелдерді бағалау рәсімдері аясында;

  • • өтінімді қарауды аяқтау үшін қосымша деректер қажет болған жағдайда.

Егер банк қосымша ақпарат сұратса, оны мүмкіндігінше тез ұсынған жөн. Бұл өтінімді қарау процесін жеделдетуге көмектеседі.


Кепілсіз кредитті өтеу


Кредитті рәсімдемес бұрын төлемдердің қалай жүзеге асырылатынын және қарызды мерзімінен бұрын жабу мүмкіндігі бар-жоғын алдын ала білген жөн. Төлем кестесін сақтау және мерзімі өткен берешектің туындауына жол бермеу маңызды. Bereke Bank клиенттері үшін кредитті өтеудің бірнеше тәсілі қарастырылған, соның ішінде банктің қашықтан қызмет көрсету сервистері де бар.


Ай сайынғы төлемдерді қалай төлеуге болады?


Кепілсіз кредит бойынша ай сайынғы төлемді өзіңізге ыңғайлы тәсілмен жүзеге асыруға болады:

  1. 1. Bereke Bank мобильді қосымшасы арқылы. Клиент қажетті кредитті, қаражат есептен шығарылатын шотты таңдап, төлемді растайды.

  2. 2. Карта немесе банк шоты арқылы. Қажет болған жағдайда Bereke Bank картасын алдын ала толықтырып, кейін төлем жасауға болады.

  3. 3. Bereke Bank банкоматтары арқылы. Ол үшін ЖСН бойынша кредитті өтеу функциясы пайдаланылады.

  4. 4. Банк бөлімшесі арқылы. Төлемді касса арқылы енгізуге болады.

Қаражат төлем кестесінде көрсетілген күнге дейін уақытында түсуі үшін төлемді алдын ала жасаған дұрыс.


Мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар ма?

Кепілсіз кредит бойынша мерзімінен бұрын өтеу қолжетімді болуы мүмкін. Bereke Bank-та мұндай өтеу комиссиясыз жүзеге асырылады. Нақты шарттарды рәсімдеу күніндегі келісімшарт пен тарифтерден нақтылаған жөн. Мерзімінен бұрын өтеудің екі негізгі түрі бар:

  1. 1. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу – клиент міндетті төлемнен бөлек қосымша сома енгізіп, негізгі қарыз қалдығын азайтады. Бұл алдағы төлем мөлшерін төмендетуге немесе кредит мерзімін қысқартуға мүмкіндік беруі мүмкін.

  2. 2. Толық мерзімінен бұрын өтеу – клиент кредит бойынша қалған берешекті толық көлемде бір жолғы төлеммен өтейді.

Мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырмас бұрын қарыз қалдығын, төлем кестесіндегі ықтимал өзгерістерді және операцияны банк қосымшасында жүргізу тәртібін тексеріп алған пайдалы.


Банктен кепілсіз кредит алмас бұрын неге назар аудару керек?


Қазақстанда кепілсіз кредит рәсімдемес бұрын келесі негізгі шарттарға назар аудару маңызды:

  • • ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі);

  • • комиссиялар – бір реттік және қосымша төлемдер;

  • • кредит мерзімі аяқталғанға дейінгі жалпы артық төлем сомасы;

  • • мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі және оның тәртібі;

  • • қарыз алушыға қойылатын талаптар;

  • • өтінім мақұлданғаннан кейін қаражаттың картаға аударылу жылдамдығы;

  • • онлайн рәсімдеу мүмкіндігі және сервистің ыңғайлылығы.

Банкті таңдаған кезде мынадай практикалық факторларды ескерген жөн:

  • • түсінікті шарттар және төлемдердің ашық құрылымы;

  • • ыңғайлы онлайн өтінім;

  • • төлемдерді есептеудің ашық әрі түсінікті тәртібі;

  • • өтінім бойынша жауапты онлайн алу мүмкіндігі;

  • • кредитті өтеудің қолайлы тәсілдері;

  • • кредитті мерзімінен бұрын жабу мүмкіндігі;

  • • сапалы клиенттік қолдау қызметі.

Кепілсіз кредит ұсынатын банктерді бағалау кезінде тек жарнамалық ұсыныстарға емес, келісімшартта көрсетілген нақты шарттарға сүйеніп салыстырған дұрыс.


Неліктен кепілсіз кредит жеке тұлғалар үшін ыңғайлы шешім болуы мүмкін?


Кепілсіз кредит жеке тұлғалар үшін қаражат жеке мақсаттарға қажет болған жағдайда және кепіл немесе кепілгер ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде ыңғайлы шешім болуы мүмкін. Мұндай формат онлайн өтінім беруге, төлемдерді алдын ала есептеуге және қолайлы мерзімді таңдауға мүмкіндік береді. Клиентке пәтерді, автокөлікті немесе басқа мүлікті кепілге қоюдың қажеті жоқ, ал кредитті өтеу шарттары келісімшартқа қол қойылғанға дейін белгілі болады.

Егер кепіл рәсімдемей және шарттары түсінікті кредит алу маңызды болса, мұндай өнім тиімді шешім болуы мүмкін. Өтінім берер алдында төлемдерді алдын ала есептеп, кредиттеу шарттарымен мұқият танысып шыққан жөн.


Bereke Bank-тағы кепілсіз кредиттің артықшылықтары


Бірнеше минут ішінде рәсімдеу. Өтінім беру және шешім қабылдау банктің цифрлық сервистері арқылы жылдам жүзеге асырылады.

Онлайн шешім. Өтінім банк бөлімшесіне бармай-ақ қашықтан қаралады.

Кепілсіз және кепілгерсіз. Кредит мүлікті кепілге қоймай және кепілгер ұсынбай рәсімделеді.

Толық ашықтық. Клиент келісімшартқа қол қойғанға дейін кредит сомасын, мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін және ЖТСМ көрсеткішін алдын ала көреді.

Икемді кредит сомасы. Клиент санатына байланысты 150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін.

Мерзімінен бұрын өтеу еркіндігі. Кредитті ішінара немесе толық көлемде комиссиясыз өтеу мүмкіндігі бар.




Назар аударыңыз:

* Кредиттер Bereke Bank талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі.

* Кредит шарттары, сыйақы мөлшерлемесі және кредит сомасы өтінімді қарау нәтижесінде жеке тәртіппен анықталады.

* Банк себептерін түсіндірмей-ақ кредит беруден бас тартуға құқылы.