Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Жеке тұлғадан кредит

Қаржыны шұғыл қажет ететін жағдайларда адамдар тез шешім қабылдауға тырысады, сондықтан банктің стандартты рәсімдері ұзақ болып көрінуі мүмкін. Осындай сәтте жеке тұлғадан кредит алу туралы хабарландыру мәселенің оңай шешімі сияқты әсер қалдырады. Мұндай ұсыныстарда қаражатты небәрі бір сағат ішінде, артық анықтамасыз және ұзақ тексерусіз береміз деп уәде етіледі. Алайда мұндай қарапайымдылықтың астарында белгілі бір тәуекелдер болуы мүмкін. Сондықтан сенімді баламаны қарастырған дұрыс. Мысалы, Bereke Bank-тің кредитін бірнеше минут ішінде онлайн рәсімдеуге болады.

Жеке тұлғадан алынатын кредит дегеніміз не?

Бұл – басқа жеке тұлғадан қарызға ақша алу. Мұндай жағдайда жеке тұлға өз қаражатын белгілі бір сыйақы мөлшерлемесімен қарызға береді және мәміле шарттарын белгілейді.

Әдетте тараптар қарыз шартын жасайды немесе қолхат рәсімдейді. Бұл құжат ақшаның берілгенін растап, оны қайтару жөніндегі міндеттемелерді бекітеді. Кепілдің болмауы пәтерді немесе автокөлікті қамтамасыз ету ретінде ұсынудың қажеті жоқ екенін білдіреді. Алайда қарыз сомасын толық көлемде қайтару міндеті сақталады.

Жеке тұлғадан алынатын кредит банктік кредиттен несімен ерекшеленеді?

Жеке тұлғадан алынатын қарыз бен банктік кредиттің негізгі айырмашылығы – қарыз алушының құқықтық қорғалу деңгейінде:

  • жеке тұлғадан алынатын қарыздың шарттары субъективті сипатта болуы мүмкін және жасырын талаптарды қамтуы ықтимал;

  • банкте мәміле шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы мен банктің ішкі қағидаларына қатаң сәйкес реттеледі;

  • жеке тұлға қарыз берген кезде қолхат, алдын ала төлем немесе қосымша кепілдіктер талап етуі мүмкін;

  • ресми қаржы ұйымы төлемдердің нақты кестесін және кредиттің толық әрі ашық құнын ұсынады.

Жеке тұлғалардың барлық ұсыныстары алаяқтық болып саналмайды, бірақ олар жүйелі мемлекеттік бақылауға жатпайды. Сондықтан жеке тұлғадан кредит алу кезінде қарыз алушы мәміленің құқықтық талаптары мен шарттарын мұқият тексеруі қажет.

Неліктен адамдар жеке тұлғадан кредит іздейді?

Ақша шұғыл қажет болғанда (мысалы, техника бұзылғанда немесе жедел емделу қажет болғанда), көптеген адамдар банктердің стандартты тексеру рәсімдерінен өтпейміз деген үмітпен жеке тұлғадан кредит іздейді. Көп жағдайда мұндай мүмкіндікке банктен жоғары борыштық жүктеме немесе табыстың ресми расталмауы себепті бас тарту алғаннан кейін жүгінеді.

Сондай-ақ қарыз алушыларды жеке тұлғадан алынатын кредиттердің кепілгерсіз рәсімделуі қызықтырады. Бұл қаржылық қиындықтарды жақындары мен әріптестерінен құпия сақтауға мүмкіндік береді. Алайда ресми талаптардың аз болуы көбіне кредиттің жалпы құнының жоғары болуына әкелуі мүмкін.

Жеке тұлғадан алынатын кредиттің тәуекелдері

Ресми түрде рәсімделмеген қарыздардың негізгі тәуекелі – қарыз алушының кредитор алдында құқықтық тұрғыдан жеткілікті қорғалмауы. Төменде негізгі құқықтық және қаржылық тәуекелдер қарастырылған.

Мөлшерлеменің ашық болмауы және артық төлемнің жоғары болуы

Жеке инвестор қарызды сөз жүзінде ең төменгі мөлшерлемемен ұсынуы мүмкін. Алайда іс жүзінде шартқа жасырын комиссиялар, төлемді кешіктірген әр күн үшін жоғары өсімпұлдар және күрделі есептеу тетіктері енгізілуі ықтимал. Соның салдарынан қайтарылатын жалпы сома бірнеше есе артып кетуі мүмкін.

Қолхат, қарыз шарты және құқықтық салдары

Ұқыпсыз рәсімделген құжат сот дауларына себеп болуы мүмкін. Сондықтан кредит сомасы мен кредит мерзімі көрсетілген әрбір тармақты мұқият тексеру маңызды. Құжатта көрсетілмеген ауызша уәделердің заңды күші болмайды.

Алдын ала төлем және күмәнді ұсыныстар

Егер қаражатты бермей тұрып сізден «сақтандыру», «аударым үшін комиссия» немесе кредит тарихын тексеру» үшін алдын ала төлем жасауды сұраса, мұндай ұсыныстан бас тартқан жөн. Бұл – адал емес схеманың айқын белгісі.

Bereke Bank кредиті – жеке тұлғадан алынатын қарызға сенімді балама

Егер сіз үшін қауіпсіздік пен заңдылық маңызды болса, ресми банктік кредитті таңдаған жөн. Bereke Bank кез келген мақсатқа арналған кредитті сыйақыны есептеудің ашық шарттарымен және өтінімді жедел қараумен ұсынады. Өтінімді банктің ресми сайты арқылы беруге болады. Қысқа сауалнаманы толтырып, бірнеше минут күтіңіз. Телефоныңызға шешім туралы SMS хабарлама және мобильді қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме келеді.

Кредитті мобильді қосымша арқылы да рәсімдеуге болады. Егер қосымша бұрыннан орнатылған болса, бүкіл рәсім бірнеше рет басу арқылы орындалады. Өтінім сол жерде мақұлданып, қаражат бірден банк картасына аударылады. Егер банк бөлімшесіне жеке келсеңіз, кредит менеджері арнайы QR-код ұсынады. Клиент оны сканерлеп, мобильді қосымшаны орнатады және рәсімдеуді өз смартфоны арқылы аяқтайды.

Банктік кредит қай жағдайда жеке тұлғадан алынатын қарызға қарағанда тиімдірек?

Банктік кредит ай сайынғы төлемнің алдын ала белгілі болуын және заңмен қорғалуды қажет ететін жағдайда анағұрлым қолайлы. Банк кредиттің қалдығын бақылауға арналған жеке кабинет ұсынады, сондай-ақ кредитті мерзімінен бұрын айыппұл санкцияларысынсыз өтеуге мүмкіндік береді.

Кепілсіз кредитті қалай рәсімдеуге болады?

Bereke Bank-те кепілсіз кредитті алу алгоритмі үш кезеңнен тұрады:

  1. Банктің ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы өтінімді қашықтан беру;

  2. Бірнеше минут ішінде автоматты скорингтен өтіп, өтінім бойынша шешім алу;

  3. Кашықтан сәйкестендіруден өтіп, шартқа электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою және қаражаттың шотқа аударылуы.

Процесті бастау үшін қарыз алушыға тек жарамды жеке куәлік қажет.

Кредитті рәсімдеу алдында неге назар аудару керек?

Қарыз шарттары төлем қабілетіңізге сай болуы тиіс, бұл төлемдерді уақытында өтей алмау тәуекелін азайтады. Шартқа қол қоймас бұрын, борыштық жүктемеңізді мұқият есептеп шыққаныңыз жөн.

Төмендегі негізгі параметрлерді тексеріңіз:

  • тұрақты ай сайынғы төлемнің нақты мөлшері;

  • жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

  • шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішіндегі жалпы артық төлем;

  • қарыз алушыға қойылатын талаптар мен банктің ішкі қағидаларына сәйкестігі.

Кредитті жауапкершілікпен рәсімдеу қаржылық қауіпсіздікті сақтауға және бюджетіңіздің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

FAQ

Иә, мұндай қарыздар бар. Олар жеке тұлғалар арасында қолхат немесе қарыз шарты негізінде рәсімделеді.

Банктік кредит заңнамаға сәйкес реттеледі, тіркелген сыйақы мөлшерлемесіне және нақты төлем кестесіне ие. Ал жеке тұлғалар арасындағы қарыздың шарттары тараптардың өзара келісіміне байланысты болады.

Негізгі тәуекелдерге жасырын комиссиялар, төлемді кешіктіргені үшін жоғары айыппұлдар және алдын ала төлем талап ететін алаяқтық схемалар жатады.

Қолхаттың немесе қарыз шартының мәтінін мұқият оқып шығыңыз, кредитордың жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерін, қарыздың нақты сомасын, сондай-ақ ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдерін тексеріңіз.

Иә. Банк өтінім беруден бастап қаражатты алғанға дейінгі барлық кезеңді толықтай қашықтан өтуге мүмкіндік береді.

Жоқ. Бүкіл рәсім цифрлық форматта жүргізіледі және қарыз алушының смартфоны арқылы жүзеге асырылады.

Деректерді тексеру автоматтандырылған. Өтінім бойынша шешім туралы SMS хабарлама телефонға шамамен үш минут ішінде келеді.

Құжаттарға қол қою Bereke Bank-тің ресми мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.