Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Ұзақ мерзімді кредит

Ұзақ мерзімді кредит

Ұзақ мерзімді кредит – жеке мақсаттарға мүлікті кепілге қоймай қаржыландыру алуға мүмкіндік беретін тұтынушылық кредит. Мұндай формат ірі шығындарды жоспарлап, төлемдерді ұзақ мерзімге бөлгісі келетіндерге қолайлы.

Ұзақ мерзімді кредит ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға және қаржылық жүктемені анағұрлым болжамды етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте кредиттің түпкілікті шарттары өтінімді қарау нәтижелеріне және банк белгілеген талаптарға байланысты айқындалады.

Bereke Bank-тегі ұзақ мерзімді кредит

Bereke Bank-тегі ұзақ мерзімді кредит – мүлікті кепілге қоймай рәсімделетін тұтынушылық кредит. Өтінім бойынша шешім клиенттің деректерін қарау және оның төлем қабілеттілігін бағалау нәтижесінде қабылданады.

Өтінімді Bereke Bank-тің ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Алынған қаражатты кредит шартының талаптарына сәйкес кез келген мақсатқа пайдалануға болады.

Ұзақ мерзімді кредитті қашан алған тиімді?

Ұзақ мерзімді кредит әдетте қомақты сома қажет болғанда және төлемдерді ұзақ уақытқа бөлген маңызды болған жағдайда таңдалады. Мұндай қаржыландыру пәтерді жөндеуге, тұрмыстық техниканы сатып алуға, оқу ақысын төлеуге, медициналық емделуге, сапарларды қаржыландыруға немесе отбасының басқа да ірі шығындарын жабуға қолайлы болуы мүмкін. Сондай-ақ бірнеше шығынды бір кредит төлеміне біріктіру қажет болған жағдайда да ыңғайлы.

Осындай қаржылық өнімнің көмегімен ірі сатып алудың құнын ұзақ мерзімге бөліп төлеуге болады. Кредит мерзімі ұзарған сайын ай сайынғы төлем мөлшері, әдетте, азаяды. Бұл тұрақты шығындар тұрғысынан қарызды өтеуді қолайлырақ етеді. Сонымен қатар төлемдердің жалпы сомасы жоғары болуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Кепілсіз ұзақ мерзімді кредитті қалай рәсімдеуге болады?

Кепілсіз ұзақ мерзімді кредитті бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады. Алайда Bereke Bank-те қаражат алу процесінің негізгі кезеңдері цифрлық форматта жүзеге асырылады. Кепілсіз тұтынушылық кредитті рәсімдеу тәсілдері:

  1. Банктің ресми сайты арқылы. Клиент банктың ресми сайтында өтінімді толтырады. Бірнеше минут ішінде шешім туралы SMS хабарлама келеді. Өтінім мақұлданған жағдайда хабарламада мобильді қосымшаға сілтеме жіберіледі, онда рәсімдеу аяқталып, құжаттарға қол қойылады.

  2. Мобильді қосымша арқылы. Клиент кредит шарттарын өз бетінше таңдап, деректерді толтырады және өтінім жібереді. Одан кейінгі кезеңдер – банк шешімін алу, шартқа қол қою және қаражатты алу – цифрлық форматта жүзеге асырылады.

  3. Банк бөлімшесі арқылы. Банк бөлімшесіне жүгінген кезде клиент маманнан кеңес алып, рәсімдеуді мобильді қосымша арқылы бастайды. Кредит менеджері QR-код арқылы қосымшаға өтуге көмектеседі. Одан кейін өтінім беріп, құжаттарға онлайн қол қоюға болады.

Табыс туралы анықтамасыз кредитті қашықтан рәсімдеу – ыңғайлы формат. Ол өтінімді беру мен оны қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді кредиттің шарттары

Bereke Bank-тегі ұзақ мерзімді кредит тұтынушылық мақсаттарға теңгемен беріледі. Өнімнің негізгі шарттары төменде көрсетілген.

Параметр

Шарттары

Кредиттің валютасы

Теңге

Кредит сомасы

150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін*

Кредит мерзімі

7 айдан 5 жылға дейін

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 28%-дан 42%-ға дейін

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 31,02%-дан 45,50%-ға дейін

Кредитті ұйымдастыру комиссиясы

Кредит сомасының 0%-дан бастап

Өтеу тәсілі

Шартта көзделген төлем кестесіне сәйкес

Мерзімінен бұрын өтеу

Кредит өнімінің шарттарына сәйкес

Кепіл

Талап етілмейді

* Кредиттің ең жоғары сомасы жалақысын Bereke Bank картасына алатын жеке тұлғалар үшін қолданылады.

Өтінім беру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, ұялы телефон нөмірі және өтінімді қарау барысында банк сұратуы мүмкін басқа да мәліметтер қажет.

Ұзақ мерзімді кредит неліктен ыңғайлы болуы мүмкін?

Көптеген қарыз алушылар үшін ұзақ мерзімді кредит қаржылық жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Кредит мерзімінің ұзаруының арқасында дәл осындай кредит сомасын қысқа мерзімге алған жағдаймен салыстырғанда ай сайынғы төлем мөлшері, әдетте, төменірек болады.

Мұндай тәсіл жеке бюджетті жоспарлауды жеңілдетеді және кредит өнімінің қолайлы шарттарын таңдауға мүмкіндік береді. Өтінім беру кезінде клиент өзіне ең қолайлы өтеу нұсқасын таңдау үшін кредит сомасы мен мерзімінің әртүрлі комбинацияларын бағалай алады.

Қосымша артықшылығы – жылжымайтын мүлікті, автокөлікті немесе басқа мүлікті кепілге қоюдың қажеті жоқ. Рәсімдеудің негізгі кезеңдері анықтамалар мен кепілгерлерсіз мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Кредит калькуляторы

Кредит калькуляторы өтінім бермес бұрын кредиттің негізгі параметрлерін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кредит сомасы мен кредит мерзімін өзгертуге, өтеу нұсқаларын салыстыруға және ай сайынғы болжамды төлемді есептеуге болады.

Сондай-ақ калькулятор таңдалған параметрлерге байланысты болжамды сыйақы мөлшерлемесін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін, жалпы артық төлемді және төлем кестесін көруге мүмкіндік береді. Бұл болашақтағы кредиттік жүктемені алдын ала бағалап, қаржыландырудың ең қолайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі.

Есептеу нәтижелері алдын ала ақпараттық сипатқа ие екенін және банктің жария офертасы немесе түпкілікті ұсынысы болып табылмайтынын ескерген жөн.

Кредитті қалай өтеуге болады?

Кредитті өтеу кредит шартының ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Міндеттемелерді уақытылы орындау үшін кезекті төлем күнін бақылап, шотта қаражаттың жеткілікті қалдығын қамтамасыз ету маңызды.

Төлемдерді Bereke Bank мобильді қосымшасы, интернет-банкинг арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар банк кассалары арқылы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа екінші деңгейдегі банктерінен шот деректемелері бойынша аударым жасау мүмкіндігі де қолжетімді.

Егер кредит шартының талаптарында толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу қарастырылса, қарыз алушы кредит мерзімі аяқталғанға дейін берешек сомасын азайта алады. Мұндай төлемді жасамас бұрын оны рәсімдеу тәртібімен алдын ала танысып шығу ұсынылады.

Өтінім берер алдында нені ескерген жөн?

Ұзақ мерзімді кредитті онлайн рәсімдемес бұрын, бүкіл кредит мерзіміне арналған қаржылық жүктемені байыппен бағалау маңызды. Борыштық жүктеме ұзақ уақытқа қалыптасатындықтан, табыстың тұрақтылығы мен түсімдердің тұрақты түрде келуін алдын ала ескерген жөн. Сондай-ақ банк қарызы шартының талаптарына ерекше назар аудару қажет. Олар кредиттің жалпы құнын және төлемдердің құрылымын айқындайды.

Шарт талаптары бұзылған жағдайда банк кредит шартының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдануға құқылы. Төлемді кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбы есептелуі мүмкін.

FAQ

Иә, Bereke Bank-те кепіл ұсынбай-ақ тұтынушылық кредитке өтінім беруге болады. Шешімді банк әрбір өтінім бойынша жеке қабылдайды.

Кредит мерзімі өнімнің шарттарына және өтінімді қарау нәтижелеріне байланысты 7 айдан 5 жылға дейін.

Өтінімді Bereke Bank-тің ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Шешім алынғаннан кейін рәсімдеу мобильді қосымшада жалғасады.

Жоқ. Кредитті рәсімдеу мен алу процесін мобильді қосымша арқылы толықтай онлайн аяқтауға болады.

SMS хабарламада мобильді қосымшаға сілтеме жіберіледі. Сол сілтеме арқылы өтіп, рәсімдеуді аяқтап, құжаттарға қол қою қажет.

Иә, өтінімді Bereke Bank мобильді қосымшасында тікелей рәсімдеуге болады.

Әдетте, жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі қажет. Өтінімді қарау барысында банк қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін.

Иә, кредит шартының талаптарына сәйкес кредитті толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады.

Алдын ала есептеуді өнім бетінде орналасқан кредит калькуляторының көмегімен жасауға болады.

Сыйақы мөлшерлемесі мен қолжетімді кредит сомасын банк әрбір клиент үшін жеке айқындайды. Олар қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау нәтижелеріне және кредит тарихына байланысты.