Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Ірі сомадағы кредит

Ірі сомадағы кредит

Ірі сомадағы кредит – тұтынушылық мақсаттарға мүлікті кепілге қоймай қаржыландыру алуға мүмкіндік беретін кредит. Мұндай формат жеке қажеттіліктері үшін қомақты қаражат қажет болатын клиенттерге қолайлы. Кредиттің ең жоғары сомасы өтінімді банк қарау нәтижелері бойынша айқындалады.

Ірі сомадағы кредит қашан қажет болуы мүмкін?

Қомақты сомадағы кредит жеке жинақтар елеулі шығындарды жабуға жеткіліксіз болғанда және жоспарларды кейінге қалдыру орынсыз болған жағдайда қажет болуы мүмкін. Көбінесе мұндай қаражат мынадай мақсаттарға тартылады:

  • тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге;

  • оқу ақысын төлеуге;

  • тұрмыстық техника мен электрониканы сатып алуға;

  • маңызды отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруға;

  • ірі сапарларды немесе басқа да ауқымды шығындарды қаржыландыруға.

Сондай-ақ кепілсіз ірі сомадағы кредит бірнеше шығынды бір қаржылық шешім аясында біріктіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол анықтамалар мен кепілгерлерсіз рәсімделеді.

Ірі сомадағы кредит пен кәдімгі тұтынушылық кредиттің негізгі айырмашылығы – сұратылатын қаражат көлемінде. Алайда ірі кредитке берілген өтінімдерді қарау кезінде банк клиенттің қаржылық жағдайын неғұрлым жан-жақты бағалайды.

Bereke Bank-тегі ірі сомадағы кредит шарттары

Bereke Bank-тегі ірі сомадағы кредит тұтынушылық мақсаттарға теңгемен беріледі.

Параметр

Шарттары

Кредит сомасы

150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін

Кредит мерзімі

7 айдан 5 жылға дейін

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 28%-дан 42%-ға дейін

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 31,02%-дан 45,50%-ға дейін

Кредитті рәсімдеу комиссиясы

Кредит сомасының 0%-дан бастап

Мерзімінен бұрын өтеу

Шарт талаптарына сәйкес

Әртүрлі қарыз алушылар үшін кредиттің ең жоғары сомасы өзгеше болуы мүмкін. Өтінім берілгеннен кейін банк кредит берудің жеке шарттарын есептеп, қолжетімді лимит туралы хабарлайды.

Ірі сомадағы кредитті рәсімдемес бұрын нені ескерген жөн?

Қаржы өнімінің шарттарын таңдағанда кредит мерзімі мен ай сайынғы төлем мөлшерінің өзара байланысын ескерген жөн. Ұзақ мерзім төлемдерді ұзақ кезеңге бөлуге мүмкіндік береді, бұл әдетте тұрақты ай сайынғы төлемді азайтады. Алайда мұндай жағдайда кредит бойынша жалпы артық төлем ұлғаюы мүмкін. Ал қысқа мерзім, керісінше, ай сайынғы төлемнің жоғары болуын білдіреді, бірақ берешекті өтеу кезеңі қысқарақ болады.

Ірі сомадағы кредитті таңдағанда тек сыйақы мөлшерлемесіне ғана емес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне де назар аудару ұсынылады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі шартта көзделген барлық төлемдерді ескере отырып, кредиттің толық құнын көрсетеді және әртүрлі кредит ұсыныстарын объективті түрде салыстыруға мүмкіндік береді.

Ірі сомадағы кредитті қалай алуға болады?

Bereke Bank-те ірі сомадағы кредитті рәсімдеу бірыңғай цифрлық процесс ретінде жүзеге асырылады. Клиент өтінім берудің өзіне ыңғайлы тәсілін таңдайды.

Банктің ресми сайты арқылы.

Кредитті банктің ресми сайты арқылы рәсімдеуге болады. Процесс бірнеше кезеңнен тұрады:

  • клиент арнайы форма арқылы онлайн өтінімді толтырады;

  • деректер қарауға жіберіледі;

  • қысқа уақыт ішінде өтінім бойынша шешім туралы SMS хабарлама келеді;

  • оң шешім қабылданған жағдайда хабарламада мобильді қосымшаға сілтеме жіберіледі;

  • мобильді қосымшада рәсімдеу аяқталады – шарттар енгізіліп, шартқа қол қойылады.

Қаражат клиенттің шотына аударылады.

Мобильді қосымша арқылы.

Ірі сомадағы кредитті қашықтан рәсімдеудің тағы бір тәсілі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • клиент Bereke Bank мобильді қосымшасын ашады;

  • кредит өнімін таңдап, кредит параметрлерін көрсетеді;

  • қажетті мәліметтерді толтырып, өтінімді жібереді;

  • өтінімді қарау кезеңінен өтеді;

  • өтінім мақұлданған жағдайда құжаттарға тікелей мобильді қосымшада қол қояды.

Бұл тәсіл уақытты үнемдеуге және кез келген мақсатқа ақшаны барынша жылдам алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – қаржы ұйымының мақұлдауынан өту.

Банк бөлімшесі арқылы

Ірі сомадағы кредит алу үшін банк бөлімшесіне жүгінуге болады. Процесс келесі кезеңдерден тұрады:

  • клиент банк маманына жүгінеді;

  • кредит шарттары бойынша кеңес алады;

  • кредит менеджерінің QR-кодын сканерлеп, мобильді қосымшаны орнатады;

  • рәсімдеуді цифрлық форматта жалғастырады: өтінімді беру, келісу және құжаттарға қол қою мобильді қосымшада жүзеге асырылады.

Ақшаны алу үшін банкке қайта келудің қажеті жоқ.

Банк қолжетімді кредит сомасын қалай анықтайды?

Кредит сомасы өтінімді жан-жақты бағалау нәтижесінде айқындалады. Соманы есептеу кезінде мынадай негізгі факторлар ескеріледі:

  • төлем қабілеттілігі – табыс мөлшері және оның тұрақты түсуі;

  • қолданыстағы кредиттік міндеттемелер;

  • кредиттік тарих және бұрынғы қарыздарды өтеу тәртібі;

  • ағымдағы борыштық жүктеме деңгейі;

  • таңдалған кредит мерзімі;

  • банктің ішкі скорингтік модельдері.

Талдау нәтижелеріне байланысты бекітілетін кредит сомасы сұралған сомадан өзгеше болуы мүмкін.

Ірі сомадағы кредитті алу мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Қарау шарттарының неғұрлым дәл әрі объективті болуы үшін өтінімді алдын ала дұрыс дайындау маңызды:

  • тек шынайы әрі өзекті мәліметтерді көрсету;

  • сұралатын кредит сомасын нақты төлем қабілетіңізге сәйкестендіру;

  • қолданыстағы кредиттер мен өзге де қаржылық міндеттемелерді ескеру;

  • қателері бар немесе әртүрлі мәліметтер көрсетілген қайталама өтінімдерден аулақ болу;

  • кредит мерзімі мен сомасын өзіңізге қолайлы ай сайынғы төлемді ескере отырып таңдау.

Бұл әрекеттер банкке клиенттің қаржылық бейінін неғұрлым дәл бағалауға және кредиттің қолайлы шарттарын ұсыну мүмкіндік береді.

Ірі сомадағы кредитті қалай есептеуге болады?

Өтінім берер алдында клиент кредит калькуляторын пайдаланып, кредит параметрлерін алдын ала бағалай алады. Ол үшін қажетті кредит сомасы мен мерзімін көрсету жеткілікті – жүйе кредит шарттарының шамамен есептелген нұсқасын ұсынады.

Калькулятор кредит шарттарының әртүрлі нұсқаларын салыстыруға көмектеседі. Есептеу нәтижелері алдын ала ақпараттық сипатқа ие және банктің түпкілікті шешімі болып табылмайды.

Ірі сомадағы кредитті өтеу

Кредитті өтеу банк қарызы шартының ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Төлем күндері мен сомаларын Bereke Bank мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Сондай-ақ төлемдерді осы қосымша арқылы енгізуге болады. Бұдан бөлек, төлемдерді интернет-банкинг, банк кассалары және басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы жүргізуге болады. Уақтылы өтеу мерзімі өткен берешектің туындауына жол бермеуге көмектеседі.

Егер мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылған болса, қарыз алушы кредит мерзімін қысқарта алады немесе артық төлем мөлшерін азайта алады. Ол үшін екі тәсіл қолжетімді:

  1. Ішінара өтеу. Міндетті ай сайынғы төлемнен бөлек қосымша соманы енгізу арқылы берешек мөлшерін азайтуды көздейді.

  2. Толық өтеу. Кредит шартының мерзімі аяқталғанға дейін қарыздың бүкіл қалған сомасын бір жолғы төлеммен толық өтеуге мүмкіндік береді.

Мерзімінен бұрын өтеуді рәсімдеу тәртібі, қолжетімді тәсілдері мен шарттары кредит шартында және банктің мобильді қосымшасында көрсетіледі.

FAQ

Өтінімді Bereke Bank-тің ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Өтінім қаралғаннан кейін клиент шешім алып, рәсімдеуді мобильді қосымшада аяқтайды.

Кредиттің ең жоғары сомасы кредит өнімінің шарттарына және банк өтінімді қарау нәтижелеріне байланысты айқындалады.

Иә. Өтінім беру, шешім алу, құжаттарға қол қою және қаражатты алу процестерінің барлығы мобильді қосымша арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Өтінімнің параметрлеріне, клиенттің қаржылық жүктемесіне және кредит өнімінің шарттарына байланысты.

Кейбір жағдайларда банк өтінімді қарау барысында растайтын құжаттарды немесе қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін.

Иә, бірақ QR-кодты сканерлегеннен кейін рәсімдеу процесі бәрібір мобильді қосымша арқылы жалғасады.

Кредит сомасы мен мерзімін көрсете отырып, банк сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы кредит калькуляторы арқылы алдын ала есептеуге болады.

Иә, кредит шартының талаптарына сәйкес толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады.

Клиент ұсынылған сомамен келісіп, кредитті рәсімдей алады немесе одан бас тарта алады.

Тұтынушылық мақсаттарға: жеке шығындарға, сатып алуларға, оқу ақысын төлеуге, жөндеу жұмыстарына және басқа да қажеттіліктерге.