Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Сбер Қазақстанда еншілес банкті сату бойынша мәмілеге қол қойды

Сбербанк тобы мен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі Сбербанк Қазақстанға ("Сбербанк" АҚ ЕБ) Сбербанк акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды.

Сбербанк ағымдағы геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады.

Сбербанк Қазақстан өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік портфельге ие және көптеген жылдар бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі болып табылады.

Сатып алу туралы шешім қабылдай отырып Сбербанк Қазақстан, "Бәйтерек" холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банктің қазіргі заманғы инфрақұрылымы мен технологиялары қысқа мерзімде банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді.

Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Қазіргі клиенттер үшін банк өнімдерінің барлық шарттары өзгеріссіз қалады.

Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде қайта бастауға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан нарығында клиенттермен 15 жылдан астам өзара іс-қимыл жасауда үлкен тәжірибе жинақтаған Сбербанк Қазақстан қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастырады.

Тараптар жақын арада мәмілені жабуды жоспарлап отыр.

 

Сілтеме:

https://baiterek.gov.kz/ru/pr/news/kholding-bayterek-i-sber-podpisali-sdelku-po-kuple-prodazhe-dochernego-banka-v-kazakhstane