Енді ЖШС-ны онлайн тіркеуге болады
Алғаш рет ЖШС-ны банктің мобильді қосымшасы арқылы тіркеу мүмкіндігі пайда болды
Бұл – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен Банк және Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру нәтижесінде туындаған қызмет.

Қызмет Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жалғыз құрылтайшысы бар ЖШС үшін қолжетімді.
Аталған коллаборацияның артықшылығы – қолайлы әрі қолжетімді, енді ЖШС-ны тіркеу көп уақытыңызды алмайды. Айта кетерлігі, бұрын аталған қызметке тек «Электрондық үкімет» веб-порталында немесе ХҚКО-да қол жеткізуге болатын.
Тіркелу үшін небәрі бір-екі минут қажет, ол үшін тек заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының ТАӘ, бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді, салым сомасын, ЖШС құру туралы шешімнің деректемелерін, жылжымайтын мүлік туралы деректерді, қызмет түрін және т.б. көрсету керек.
ЖШС ашқысы келетін әр кәсіпкерде смартфон, сондай-ақ «B-Business» қосымшасы болса жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі, бұл процессты жүзеге асыру үшін бар болғаны бір-екі минутыңызды жұмсайсыз, бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан тіркеуден өткеніңіз туралы куәлік аласыз.
Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан 7744 нөмірі арқылы алуға болады (ҚР аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия