Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Мемлекеттік қызмет пен қаржы технологиясының арасындағы байланыс

Бішкек қаласында достастық елдерінен және Еуропадан келген банк, қаржы саласында, сондай-ақ IT, инновациялық технологияларды әзірлеумен айналысатын халықаралық компанияларда қызмет ететін сарапшылардың қатысуымен халықаралық «Digital Kyrgyzstan» ПЛАС-Форумы өтті. Форумға құрметті қонақ әрі сарапшы ретінде «Bereke Bank» АҚ-ның Технологияларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рафаэль Валеев шақырылды.  

 

ПЛАС-форум – цифрлық технологиялар саласында байланыс орнататын әрі тәжірибемен алмасатын, сондай-ақ негізгі ойыншылармен қарым-қатынас қалыптастыратын алаң. Аталған шарада шамамен 70 спикер сөз сөйледі, олар электрондық үкіметті дамыту, бөлшек саудаға инновациялық шешімдерді ендіру, электрондық коммерция және т.б. сияқты әртүрлі тақырыпты қозғады.

Рафаэль Валеев, атап айтқанда, «Трансформацияланып жатқан банктік бизнес» пленарлық сессия барысында бүгінде мемлекеттік қызмет пен қаржы технологиясының интеграциясы қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Ол мемлекет тарапынан цифрлық сәйкестендіру менеджменті саласында бизнес пен банктер үшін сервистер мен деректер көптеп ендіріліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ТМД елдерінде мемлекеттік қызметтер мен қаржы технологиясын біріктіру нәтижесінде пайда болған кейстерді де баяндады.

Сәтті жасалған e-gov жобалар ретінде төмендегілерді атап өтті:

  • Bereke Bank-тің «B-Bank» мобильді қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» сервисі, ол жерде шамамен 20 құжат берілген;
  • Bereke Bank жүзеге асырған көлік иелеріне арналған мемлекеттік қызметтер – көлікті заңдастыру және онлайн қайта тіркеу қызметі.

Сондай-ақ ол РФ қорының жеке сақтандыру шотының жағдайы туралы мәліметтерді қосқанда, жеке тұлға туралы бірден шамамен 40 мәлімет алуға мүмкіндік беретін ресейлік «Сандық профиль қызметі» кейсі туралы да айтып өтті.

Форумның соңында қатысушылардың түйіндеуі бойынша цифрлық технологиялар – бұл әлемнің болашағы, кез келген елдің дамуының негізі драйвері. Бүгіннің өзінде бизнес және мемлекет үлкен қызығушылық танытып отыр, талқылауға арналған көптеген өзекті тақырыптар бар және оларды талқыға салуға дайын лайықты сарапшылар да жеткілікті.