Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

B-Bank арқылы ақша аударымдары жылдым, тиімді әрі оңай жасалады

«Bereke Bank» АҚ B-Bank мобильді қосымшасында «Золотая Корона» жүйесі арқылы жасалатын жылдам ақша аударымдары қызметін іске қосты.

Енді Bereke Bank-тің клиенттері өзге елде тұратын туыстары мен достарына АҚШ долларымен, Еуромен, рубльмен ақша аудару үшін Банк бөлімшесіне бармаса да болады. Аударым жасау үшін Банктің B-Bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, бірнеше әрекетті орындаса жеткілікті. Алушыға ақша бірден түседі. Сонымен, ақша аудару үшін бар болғаны мынадай 4 қадамды орындау қажет:  

 

  • 1 қадам: B-Bank қосымшасындағы «Ақша аударымдары» бөлімінде «Золотая Корона» қызметін таңдау;
  • 2 қадам: «Ел» және «Қала» жолағын толтыру;
  • 3 қадам: паспортта көрсетілген деректерге сай алушының ТАӘ толтыру;
  • 4 қадам: соманы енгізіп, ақша аударымын растау.

Дайын! Алушы түскен ақшаны ала алады.  

«Золотая Корона» ақша аударымдары — бұл қауіпсіздікті, сапа мен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жедел аударма қызметі. B-Bank қосымшасы арқылы онлайн аударым жасау үшін алушының паспорттық деректері ғана керек.

Демек, Банк клиенттері кез келген жерде және кез келген уақытта 24/7 режимінде қолма-қол ақшасыз жүргізілетін ақша аударымдарын жүзеге асыра алады. Комиссия сомасы сервис тарифтеріне сәйкес аударатын соманы енгізгеннен кейін "Комиссия" жолағында көрсетіледі, сондай-ақ комиссия сомасы аударым сомасына, валютасына және бағытына да байланысты болады.

Bereke Bank өз клиенттерін өте жоғары бағалайды және B-Bank мобильді қосымшасында мүмкіндіктерді көбейту арқылы өз өнімдері мен қызметтерінің онлайн болғанын қамтамасыз етуге тырысады.