Bereke Bank «Kazneftegazservice–2026» конференциясының серіктесі атанды
Bereke Bank «Kazneftegazservice–2026» атты XIII жыл сайынғы салалық конференциясының серіктесі ретінде қатысып, ел экономикасының өзекті салаларының бірі – мұнай-газ кешенінің дамуына белсенді үлес қосатынын тағы бір мәрте айқындады. Аталған маңызды жиын 3 сәуір күні Астана қаласында өтіп, мұнай-газ саласының жетекші өкілдерін, мемлекеттік органдарды, бизнес қауымдастықты және халықаралық серіктестерді бір алаңға тоғыстырды.
Бұл конференция дәстүрлі түрде саланың стратегиялық даму бағыттарын талқылайтын маңызды платформа саналады. Биылғы басқосуда мұнай-газ химиясын дамыту, ірі газ жобаларын жүзеге асыру, өндірісті жергіліктендіру және қазақстандық компаниялардың жаһандық жеткізу тізбегіне қатысуын кеңейту мәселелері кеңінен қозғалды. Әсіресе, ауқымды инвестициялық бастамалар аясында қазақстандық мазмұнды арттыру тақырыбына ерекше назар аударылды.
Форум аясында Bereke Business өз көрме экспозициясын ұсынып, қатысушыларға бизнеске арналған заманауи қаржылық шешімдерді таныстырды. Атап айтқанда, факторинг қызметтері, сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) қолдау құралдары, сондай-ақ халықаралық аударымдарды жылдам әрі ыңғайлы жүзеге асыру тетіктері көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараның іскерлік форматы банк мамандарына корпоративтік сектор өкілдерімен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізуге мүмкіндік берді. Кездесулер барысында мұнай-газ саласындағы компаниялардың қажеттіліктері талқыланып, олардың операциялық және инвестициялық қызметін қолдауға бағытталған тиімді қаржылық құралдар ұсынылды.
Bereke Bank-тің Атырау филиалының директоры Зауреш Мендіғалиева өз сөзінде: «Kazneftegazservice конференциясына қатысу – біз үшін жай ғана серіктестік емес, ел экономикасының негізгі саласының трансформациясының дәл ортасында болу мүмкіндігі. Бүгінде мұнай-газ саласы тек инвестицияны ғана емес, икемді әрі технологиялық қаржылық шешімдерді қажет етеді. Біз бизнестің есеп айырысуды жеделдетуге, өтімділікті тиімді басқаруға және халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін құралдарға деген сұраныстың жоғары екенін байқап отырмыз. Біздің міндетіміз – клиенттер үшін жай ғана банк емес, олардың өсуі мен ауқымын кеңейту жолында сенімді қаржылық серіктеске айналу», – деп атап өтті.
Форумға ұлттық компаниялар, халықаралық инвесторлар, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік құрылымдар қатысып, тәжірибе алмасумен қатар, B2B кездесулер аясында нақты келісімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.
Іскерлік бағдарламаға қоса ұйымдастырылған көрме аймағында салаға арналған заманауи инженерлік және цифрлық шешімдер таныстырылып, олардың қолданыстағы жобаларда тиімді пайдаланылу мүмкіндіктері көрсетілді.
Bereke Bank-тің серіктес мәртебесіндегі бұл қатысуы банктің Қазақстан экономикасының негізгі салаларын қолдаудағы белсенді рөлін және бизнеске арналған қаржылық инфрақұрылымды дамытуға қосып отырған үлесін айқын көрсетеді.