Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank «Digital Bridge 2023» ауқымды технологиялық форумға демеуші болды

Bereke Bank  «Digital Bridge 2023» ауқымды технологиялық форумға демеуші болды

Өткен аптада Астанада «Digital Bridge 2023» технологиялық форумы өтті. Оған 30 мыңнан астам адам қатысты және 30 елден 300-ден астам IT-компаниялардың өкілдері жиналды. Bereke Bank дәстүрлі түрде Digital Bridge форумның демеушісі болды және өзінің жаңа өнімін – B-Bank мобильді қосымшасында крипто әмиянды толтыру қызметін ұсынды. ҚР «Цифрлық активтер туралы» заңнамасы шеңберінде іске асырылған бұл сервис қазақстандықтарды өздерінің цифрлық қаржы активтеріне заңды инвестицияларды тартуға ықпал етеді.

Форум барысында бірқатар панельдік сессиялар ұйымдастырылды, онда бизнес-процестерді цифрландырудың ең өзекті мәселелері, IT-индустрияның даму үрдістері мен перспективалары талқыланды. «Bereke Bank» АҚ Басқарушы директоры Рафаэль Валеев «Data-Driven ұйымдар: актив ретіндегі деректер»  панельдік сессияға қатысып,  қаржы институты big data-мен қалай жұмыс істейтіні туралы және бизнес-процестерді оңтайландыру үшін, сондай-ақ Банктің табыстылығын арттыру мақсатында деректердің маңыздылығын қалай айқындайтыны туралы айтты.

«Банкте технологиялармен де, деректермен де жұмыс бизнес желілерінің жобаларымен терең біріктірілген. Біз қашанда белгілі бір модельді қолданғанда оның бүкіл конверсиялық сату шұңқырды немесе бизнес-процесті қалай жақсартатынын нақты түсінеміз. Біз деректерді қолданғанда бизнеске және тұтынушыларымызға маңызды болатын кейстерді анықтаймыз. Біз ең алдымен цифрландырудағы ең маңызды бағыттарды талдап, анықтап аламыз және осы принциптерді нақты ұстанамыз. Тек назар аудару арқылы ғана цифрлық өнімдерді түрлендіруде табысқа жетуге болады», - деді өз сөзінде «Bereke Bank» АҚ-ның басқарушы директоры Рафаэль Валеев.

Bereke Bank өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін цифрлық қызмет көрсету арналарының технологиялылығы мен дамуына ерекше назар аударады. Банктің міндеті - клиенттерге күнделікті қаржылық қажеттіліктердің максималды санын қанағаттандыруға болатын ең жақсы банктік тәжірибені ұсыну.

«Bereke Bank» АҚ екінші деңгейдегі қазақстандық банк болып табылады. Оның акцияларының 100% -ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.09.2023 ж. жағдай бойынша Bereke Bank ҚР ЕДБ ТОП-10 құрамына кіреді. Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақ мерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі болып табылады.

 

Банк 2022 жылғы 20 қыркүйекте №1.2.199/93/31 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген Лицензиясы бойынша қызмет етеді.