Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank пен Недвижка.kz цифрлық кепілді кредит бойынша жаңа сервисті іске қосты

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында мәмілелердің үйреншікті рәсімдерін айтарлықтай өзгерте алатын жаңа шешім пайда болды. Bereke Bank пен Недвижка.kz-тың proptech-платформасы бірлескен цифрлық жүйені іске қосты, ол арқылы жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, кредитті тікелей Недвижка.kz сайтында ресімдеуге болады.

Қазақстанда алғаш рет ірі банк адамдар пәтер іздейтін әрі агенттермен жұмыс істелетін платформаға цифрлық кепілді кредитті тікелей енгізді.

Енді жөндеу жұмыстары, білім алу, бизнес бастау немесе жеке армандарыңыз сияқты маңызды мақсаттарға қаржы керек болса, қажетті соманы алу үшін пәтерді сатудың қажеті жоқ. Bereke Bank пен Недвижка.kz-тың proptech-платформасы бірлескен бағдарламаны іске қосты, ол жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, кредитті сайтта батырманы бірнеше рет қана басу арқылы ресімдеуге мүмкіндік береді.

Бұл шешім уақытты бағалайтын және ұзақ офлайн процесінен өткісі келмейтін жандарға арналған. Бұл – жылжымайтын мүлік агенттері үшін жарнамаға қосымша шығындар жұмсамай әрі артық күш салмай табыс табуға болатын жаңа мүмкіндік.

Көптеген қазақстандықтар үшін бұл – «дәл қазір» ақша қажет болған жағдайда тұрғын үйді сатудың баламасы. Негізгі идеясы мынадай: клиент қаражат алады, бірақ өз мүлкін сақтап қалады. Кредитке өтінім Недвижка.kz интерфейсі арқылы онлайн беріледі, ал Bereke Bank орта есеппен бір сағаттан аз уақытта шешім қабылдайды.

«Біз қаржылық шешімдерді мүмкіндігінше қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтыламыз. Цифрлық формат бұл процесті оңай әрі ашық етеді, ал Недвижка.kz-пен бірлесіп іске қосылған жаңа сервис клиенттерге заманауи әрі сұранысқа ие қаржылық құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді Александр Стецко, «Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) басқарушы директоры.

Клиенттер қызметті «бір терезеден» алу мүмкіндігіне ие болады: сіз объектіні өзіңіз немесе өзіңіздің агентіңіз арқылы таптыңыз, қаржыны бірден ресімдей аласыз, басқа сайттарға кіру немесе банкке бару қажет емес.

Агенттер үшін: қосымша табыс табу мүмкіндігі

Недвижка.kz агенттері үшін бұл серіктестік клиенттерге Bereke Bank-тің цифрлық кепілді және кепілсіз кредиттерін ұсынудың, сондай-ақ әр жасалған мәміле үшін сыйақы алудың жаңа жолы.

Бұл әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:

• клиент пәтерді таңдайды, бірақ қаражаты жетпейді;

• сатып алу үшін қажетті соманы жылдам төлеу қажет болса;

• жылжымайтын мүлікті сақтап қалу керек, алайда ақша дәл қазір керек болса.

«Біз клиент бір жерде бірнеше мәселені шешетін заманауи экожүйе құрып отырмыз, ал агенттер қызмет сапасын арттырып, табысын көбейте алады. Bereke Bank-пен орнатылған бұл серіктестік қаржыны тұрғын үйді іздейтін жерде-ақ алуға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдейді және процесті әлдеқайда ыңғайлы етеді», - деді Бақыт Құдайбергенов, «Недвижка.kz» басшысы

Бұл қалай жұмыс істейді

Сіз онлайн-өтінімді Недвижка.kz. платформасында толтырасыз, өтінім автоматты түрде Bereke Bank-ке жіберіледі. Цифрлық жылжымайтын мүлік кепілі – қағазсыз шешім және жоғары жылдамдық: time to yes – шамамен 3 сағат, қаражат бірнеше күнде беріледі.

Нарық үшін бұл неге маңызды

Bereke Bank пен Недвижка.kz арасындағы серіктестіктің маңызы: технология мен банктік сараптама клиенттердің, жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін жандардың өмірін жеңілдетеді.

Клиенттер үшін – жылжымайтын мүлікті сатпай-ақ, тез арада қаражат алу жолы. '

Агенттер үшін – табысты көбейту және өз жұмысының тиімділігін арттыру тәсілі.

Жалпы нарық үшін – жылдам әрі қазіргі талапқа сай мәмілелерге көшу.