Ең тиімді валюта бағамы — енді смартфоныңызда
Валютаны айырбастау бұрынғыдан да оңай, жылдам әрі тиімді болды.
Bereke Bank мобильді қосымшасында жаңа онлайн айырбастау қызметін іске қосты — қолайлы бағаммен, кезексіз, бір ғана қосымша арқылы.
Енді сізге ең тиімді бағамды іздеп, айырбастау пунктерінде кезекке тұрудың қажеті жоқ — бәрі сіздің телефоныңызда!
Bereke Bank валютаны айырбастау қызметінің мүмкіндіктері:
• Қолжетімді – 24/7
• Үздік бағам — сағат 10:30-дан 17:00-ге дейін (биржаның жұмыс уақыты бойынша)
• Жеке бағам (тәулік бойы) —10 000 $-дан жоғары сома үшін (немесе басқа валютаның баламасы)
• Айырбастау сомасына шектеу жоқ — бір тәуілікте шексіз
• Валюта жұптарының саны – 20-дан астам, әрі қарай көбейеді
• Бағамды бекіту — мәміле жасалған сәттен 1 минутқа дейін бекітіледі
Бұл қызмет қалай жұмыс істейді:
1. Bereke Bank мобильді қосымшасын ашыңыз
2. Басты бетте «Валютаны айырбастау» бөліміне немесе «Қызметтер» бөліміне өтіңіз
3. Валюта жұбын және соманы таңдаңыз
4. Ақша шығарылатын және түсетін есепшоттарды көрсетіңіз
5. Операцияны СМС-код арқылы растаңыз
6. Нәтижесі операциялар тарихында көрсетіледі
Егер сізде қажетті валютадағы есепшот болмаса — айырбастау кезінде оны онлайн ашыңыз. Бұл өте оңай және бірнеше қадам арқылы орындалады.
10 000 $-дан жоғары сомаға жеке бағам қарастылған:
1. Егер енгізілген сома 10 000 $-дан төмен болса — соманы арттыру ұсынылады
2. «Жеке бағам алу» батырмасын басыңыз
3. Банк белгілі бір уақыт аралығында жарамды бағамды ұсынады
4. СМС -код арқылы растаңыз
5. Дайын — операция аяқталып, тарих бөлімінде көрсетіледі
Неліктен осы қызметті пайдаланған жөн:
• Тиімді — нақты, биржа бағамына жақын тиімді бағам
• Ыңғайлы — қоңыраусыз және кезексіз айырбастау мүмкіндігі
• Сенімді — барлық операциялар қорғалған
• Жылдам — бірнеше басу арқылы жылдам айырбастау
Bereke Bank мобильді қосымшасын жүктеңіз де, бүгіннен бастап валютаны оңай әрі тиімді айырбастаңыз!