Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank клиенттерге арнап BSS-ның Digital2VerbAI платформасы көмегімен қазақ тілінде роботтандырылған жаңа қызмет түрін енгізді

BSS компаниясы Bereke Bank-те (Қазақстан) байланыс орталығының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған Digital2VerbAI атты бірыңғай зияткерлік диалогтық платформаны сәтті түрде жүзеге асырды. Жобаның аясында дауыстық көмекші мен мәтіндік бот, сөйлеуді талдау және дауысты биометрия модульдері енгізілді, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлеуді автоматты тану (ASR) моделі әзірленді.

Жобаның негізгі мақсаты — пайдаланушылардың өзара әрекетін, қажеттіліктері мен жауаптарын талдау арқылы клиенттермен орнатылатын қарым-қатынас пен ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту үшін бірыңғай шешім қабылдау. Диалогтық интерфейс Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілін және ресми тілі – орыс тілін қамтиды, бұл барлық клиенттер үшін ыңғайлы болмақ.

Дауыстық және мәтіндік боттар тәулік бойы жұмыс істейді, күнделікті сұраныстарды өңдеп, жүктеменің ең жоғары кезінде байланыс орталығына түсетін жүктемені азайтады. Сөйлеуді талдау көмегімен банк қызметкерлері сату және қызмет көрсету сапасын арттыруға қажетті құнды мәліметтер алады, ал дауыстық биометрия парольдер мен құпия сөздерді есте сақтауды қажет етпей, клиенттерді ыңғайлы әрі қауіпсіз анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Digital2VerbAI платформасы қуатты визуалды no-code құралдарымен жабдықталған, бұл банк қызметкерлеріне бағдарламашыларды тартпай-ақ, қызмет көрсету сценарийлерін өздері құруға және бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қысқа мерзім ішінде BSS командасы негізгі техникалық шешімдерді жүзеге асырды, соның ішінде:

• қазақ тілінде жеке ASR моделі

• түрлі телефония жүйелерімен біріктіруге арналған жаңа адаптер

• мәліметтерді ыңғайлы талдау үшін оңтайландырылған есеп беру нысаны

«Біз қол жеткізген нәтижелерімізге үлкен мақтанышпен қараймыз. Біз банктің командасымен тығыз ынтымақтастық орната отырып, қауіпсіз әрі тиімді бірегей өнімді жасадық. Жобаның нәтижесінде банкте байланыс орталығының жұмысын автоматтандыру бойынша қуатты жүйе іске қосылды, бұл қызмет өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктеріне, қызмет сапасын бақылау құралдарына және клиенттердің жеке деректерін қорғауға арналған заманауи әдістерді қамтиды», — деді BSS компаниясының бас директорының орынбасары Василий Жилов.

«Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Онлайн-сату және клиенттерді қолдау департаментінің директоры, байланыс орталығының басшысы Алла Зацепилова былай деп атап өтті:

«Жоба біздің жұмыс барысымызды оңтайландыруда өте пайдалы құралға айналды. Клиенттермен орнатылатын қарым-қатынасты автоматтандыру, қызмет сапасын жақсарту және қауіпсіздікті жоғары деңгейде сақтау мүмкіндігіне қол жеткіздік. Алдағы уақытта платформаны коллекторлық қызметтерге, алаяқтықпен күрес бөлімшелеріне және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларына да енгізуді жоспарлап отырмыз».

Digital2VerbAI платформасын Bereke Bank-те енгізу жобасы цифрлық трансформация жолында маңызды қадам болып саналады және банктің нарықтағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді. Инновациялық технологияларды қолдану қызмет көрсету сапасын және қауіпсіздік деңгейін арттырумен қатар, клиенттердің тілдік және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, оларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. BSS мен Bereke Bank-тің бірлескен еңбегінің нәтижесінде банк қаржы саласындағы үздіксіз өзгерістерге бейімделе алатын, заманауи әрі икемді, кеңейтуге қолайлы шешімге ие болды.

«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) − Қазақстандағы көпжылдық тарихы бар ең ірі банктердің бірі, негізгі көрсеткіштері бойынша еліміздегі үздік қаржы институттарының ондығына тұрақты түрде енеді.