Бизнес және салық кодексі: Bereke Bank кәсіпкерлерді жаңа салық жүйесіне дайындауда
23 маусымда Семей қаласында Bereke Bank ұйымдастырған ауқымды кәсіпкерлерге арналған бизнес-тур басталды. Бұл семинарлар еліміздің ең ірі қалаларында өтеді. Семинардың басты тақырыбы — «2026 жылғы Салық кодексі: бизнестің алдағы өзгерістерге дайын болуы үшін нені білуі қажет». Бұл жоба банктің Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту стратегиясының маңызды жалғасы болып табылады.
Тақырыптың маңыздылығы бүгінгі күнмен одан сайын арта түсті — дәл бүгін Салық кодексі қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарылды. Бұл бизнестің алдағы өзгерістерге алдын ала дайын болуы және дер кезінде ақпараттануы қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрсетіп отыр.
Бизнес тілімен сөйлейтін банк
Бүгінде шағын және орта бизнес иелері тек нарықтағы қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар үнемі өзгеріп отыратын заңнамаларға жылдам бейімделуге мәжбүр. Bereke Bank — еліміздегі кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығы мен құқықтық білімін жүйелі түрде қолдап, дамытуға инвестиция салатын аз санды банктердің бірі.
Жаңа бизнес-тур — бұл жай ғана семинар емес, реформалар мен бизнес, теория мен нақты тәжірибе арасындағы көпір.
Бизнес-таңғы ас форматы сұхбатты мазмұнды, ыңғайлы әрі қолжетімді етеді, ал мемлекеттік деңгейдегі сарапшының қатысуы оның маңыздылығын арттырады.
Өзі бизнес құрып отырған сарапшы
Жобаның негізгі спикері — Берік Заиров, салық кеңесшісі, кәсіпкер және ҚР Тәуелсіз бизнес одағының төрағасы. Ол 2023 жылы арнайы салық режимдерін реформалау бойынша жұмыс тобының жетекшісі болды, оның ішінде бөлшек сауда салығы, дивиденд салығын жою және ТЖЖ-ны алып тастау мәселелері де бар.
Заиров алдағы өзгерістер туралы ғана айтумен шектелмей, жаңа жағдайларда бизнес қалай әрекет етуі керектігін түсінуге көмектеседі, сол арқылы оның тұрақтылығын сақтауға жәрдемдеседі. Семинар барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарын талқылап, тегін жеке консультация алуға мүмкіндік алады.
«Жаңа Салық кодексі жобасында Қаржы министрлігі өздерінің бар «армандарын» жүзеге асырды. Кәсіпкерлерге алдын ала неге дайындалу керек екенін, бизнесті қалай қайта құру қажет екенін білу маңызды, сонда ғана жаңа Салық кодексіндегі барлық жаңалықтарға төтеп бере алады», — дейді Берік Заиров.
Әлеуметтік миссия: жай ғана банк емес, даму серігі
Bereke Bank мықты, хабардар және тұрақты кәсіпкерлік қоғамдастығын құру миссиясын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Әсіресе өңірлердегі шағын және орта бизнесті қолдау — банктің дамуындағы басты бағыттардың бірі.
«Bereke Business кәсіпкерлерге кең ауқымды өнімдер мен сервистер ұсынады. Біз ең тиімді жағдайды жасап, бизнестің дамуына қолдау көрсетуді мақсат етеміз. Шағын және орта бизнес жоғары бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді, сондықтан тиімді басқарумен қатар қаржылық сауаттылыққа ие болу және заңнаманың барлық тұстарын түсіну өте маңызды. Қаржылық сауаттылық пен заңнаманы түсіну кәсіпкерлер үшін шешуші маңызы бар. Біз өз рөлімізді тек бизнеске өнім мен қызмет ұсынумен шектемей, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға қажетті білім беру деп санаймыз», — деді Аслан Шигибаев, «Bereke Bank» АҚ филиалының Абай облысы бойынша директоры.
Бизнес-тур — Қазақстандағы кәсіпкерлік экожүйесіне қосылған маңызды үлес. Ол бизнес өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасу алаңын құрып, Bereke Bank-тің ел экономикасының дамуына белсенді қатысушы екенін көрсетеді.
Банк бұған дейін жетекші сарапшылардың қатысуымен өңірлік семинарларды сәтті өткізді. Алдағы уақытта Bereke Bank бұл бастаманы кеңейтіп, өзекті тақырыптар бойынша тұрақты түрде оқыту іс-шараларын ұйымдастырып, білім беру жобаларын дамытуды жоспарлап отыр.
Bereke Bank — көпжылдық тарихы бар, негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша елдің ең үздік он банкіне тұрақты түрде кіретін қазақстандық қаржы институты.
Bereke Business — бұл жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған қарапайым интернет-банкинг емес, офлайн қолдаумен бірге жаңа жеке өнімдер мен қызметтерді ұсынатын цифрлық платформа. Бұл толықтай кешенді экожүйе, онда әр кәсіпкер өз бизнесін құрып, дамытуға мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта банк шамамен 100 мың жеке және заңды тұлға клиентіне қызмет көрсетеді. Bereke Business интеграцияланған сервистері кәсіпкерлерге барлық қажетті қызметтерді бір ыңғайлы қосымшада алып, істерін тиімді дамытуға мүмкіндік береді.