Bereke Bank білім беру бағдарламалары арқылы IT саласындағы әйелдерге қолдау көрсетті
Bereke Bank технология саласындағы әйелдерді қолдауға бағытталған бастамаларды белсенді дамытуда. Жақында банк IT бойынша бизнес-аналитиктер мектебінің алғашқы ағынын аяқтады, бұл – қыздарға цифрлық әлемге алғашқы қадам жасауға және сұранысқа ие кәсіби дағдыларды игеруге көмектесу мақсатында жасалған бірегей жоба. Бағдарлама қорытындысы бойынша оқуды сәтті тәмамдаған және білімін тәжірибеде қолдануға дайын 26 қатысушы сертификат алды.
Бағдарлама екі айға созылды, ол теориялық дайындықтан, тәжірибелік тапсырмалардан тұрды, командалар кейстерді бірігіп талдады. Іріктеу кезінде қатысуға 263 өтінім келіп түсті, оның ішінен ынталы 34 қатысушы таңдалды. Оқытуды халықаралық тәжірибесі бар мамандар жүргізді, ал түлектер hard және soft skills саласында білім алды, бұл оларға еңбек нарығында сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.
Мектеп ашу идеясы Bereke Bank-тің халықаралық Women in Tech Global қауымдастығымен орнатқан серіктестігі аясында пайда болды. Бұл ынтымақтастық инновация және технология саласында жұмыс істейтін әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Банк серіктестік орнату туралы келісімге қол қойып, сәуір айында Жапонияда өткен Women in Tech Global Summit саммитінде қазақстандық делегацияның ресми демеушісі болды.
Алина Аникина, «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) бастаманың маңыздылығын былай деп атап өтті:
«Біздің жаңа миссиямыз клиенттерімізге түсіністік пен құрмет білдіргуе негізделген. Менің ойымша, тіршіліктің бастауы – әйелдің, қазіргі қыздардың энергиясы клиенттің қажеттіліктеріне қамқорлық танытып, назар аударуға септігін тигізеді. Цифрландыру, жаңа трендтер, даму мүмкіндіктері қыздар үшін жаңа көкжиектер ашады. Сондықтан біз бұл бастаманы қолдайтын болып шештік. Бүгінгі таңда біз гендерлік шекаралардың біртіндеп жойылып бара жатқанын көріп отырмыз. Егер бұрын белгілі бір шектеулер болса, қазір қыздардың әлеуеті зор. Негізінде, егер ынта-жігеріңіз болса, кез келген мақсатқа қол жеткізуге болады. Біз тек мүмкіндік беріп қана қоймадық, сондай-ақ кәсіби дайындықтан да өткізуге тырыстық, себебі бизнес-анализ – бұл дәстүрлі білім беру жүйесінде әрдайым ұсыныла бермейтін маңызды функция. Ал бизнесті, өнімдерді немесе сервистік шешімдерді дамыту үшін бұл сала үлкен рөл атқарады. Біз бұл бағыттың барынша сұранысқа ие болатынын түсіндік, сол үшін таңдадық. Біз қыздарға өздерін банк саласында ғана емес, басқа да салада сынап көруге мүмкіндік бергіміз келді. Олар бұл дағдылар жиынтығымен кез келген корпорацияға, компанияға бара алады немесе тіпті, өз бизнесін бастай алады, ал ол үшін бизнес-анализдің қыр-сырын жақсы меңгерген абзал.»
Bereke Bank гендерлік шектеулерге қарамастан, болашақта да жас мамандардың дамуына қолдау көрсете отырып, білім беру жобаларын кеңейтуді және күн санап өзгеретін технология әлеміне бейімделуге көмектесуді жоспарлап отыр.