Fitch Bereke Bank-тің «B+» деңгейіндегі рейтингісін тұрақты болжаммен растады
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Bereke Bank-тің (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) ұзақ мерзімді рейтингісін «Тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінде растады. Бұл шешім банктің қаржылық тұрақтылығы мен макроэкономикалық құбылмалылық жағдайында тиімді қызмет ету қабілетін айқындайды.
2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі аясында Fitch агенттігі мұнай өндірудің жоғары деңгейі мен инвестициялық белсенділіктің артуы экономикадағы өсудің жалғасуына ықпал етеді деп болжайды. Бұл жағдай банкке өзінің стратегиясын табысты жүзеге асыруға тиімді макроэкономикалық орта қалыптастырады.
2024 жылы катарлық Lesha Bank LLC банктің негізгі акционері атанды, бұл банкке халықаралық серіктестік пен стратегиялық өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Fitch агенттігі банктің өз операциялық тәуелсіздігі мен стратегиялық тұрақтылығын сақтап отырғанын атап өтеді.
Банк тұрақты қаржылық жағдайға ие және бөлшек несие беру көлемін белсенді ұлғайтуда; барлық проблемалық несиелер резервтермен толық қамтамасыз етілген, ал өтімділік деңгейі айтарлықтай артты.
Bereke Bank-тың жағдайы тұрақты: банк ай сайын пайда тауып, пруденциалды талаптарды орындайды және негізгі қаржылық көрсеткіштерін жақсартып келеді. Bereke Bank Қазақстандағы ірі банктер қатарына кіріп, халық пен бизнес салымдарының көлемінің өсімін көрсетуде.
Банктің несие портфелінің тұрақты түрде тексерілуі оның сенімділігін және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақытында орындау қабілетін растайды. Bereke Bank клиенттерге тиімді ұсыныстар жасап, нарықта өз жайғасымын одан әрі нығайта беруді көздеп отыр.