Bereke Bank қазақстандық экспорттаушыларды қолдайды
Жалпы сандарды алып қарасақ, қазақстандық экспорт импортқа қарағанда 20 млрд-қа артық.* Алайда құрылым шикізат пен қазбалардың басым үлесін көрсетеді.
*stat.gov.kz:. қаңтар – қыркүйек 2024 ж ҚР экспорт $61 млрд 387 млн, импорт – $42 млрд 958 млн құрады.
«Шын мәнінде, Қазақстанға еліміздің экспорттық құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі күрт өсуі үшін кем дегенде Қытайға азық-түлік жеткізуді дұрыс жолға қоюдың өзі жеткілікті. Алайда, кәсіпкерлердің көпшілігі білімнің жетіспеушілігі және ірі нарықтарда тым «ұсақ жеткізуші» болып қалам деген қорқыныштан отандық нарықтан шығуға батылы бармайды», - дейді Гүлмира Юсупова, экспорт саласында 12 жылдық тәжірибесі бар ҚР экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы, экономика ғылымдарының профессоры.
Осыған байланысты ҚР экспорттаушылар қауымдастығы Бас серіктесі - Bereke Bank-тің қолдауымен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен Қазақстанда алғашқы экспорт форумын өткізеді.
Форумның міндеті – экспорттың ағымдағы жағдайын талқылау және өзекті мәселелерді шешудің нұсқаларын ұсыну ғана емес, ең бастысы – бизнестің өз ауқымына қарамастан тауарлары мен қызметтерін Қазақстаннан тыс елдерде сатуға үйрету. Форум қатысушылары салалар бойынша, жеткізудің бағытжолы, қажетті құжаттаманы жасау негіздері және әртүрлі елдердің заңнамалары мен қазыналық режимдерін сақтау бойынша әлеуетті нарықтар тұрғысынан нақты білім алды.
Өз тарапынан Bereke Bank сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға компанияның қаржылық қызметі мен кез-келген мәселелері бойынша көмектесуге арналған өзінің Құзыреттілік орталығының мүмкіндіктерін ұсынды.
«Бизнеспен жұмыс істейтін банктер бүгінде өздерінің операциялық процестерін толығымен автоматтандырды, алайда соған қарамастан әр клиентке қолдау көрсетудің жаңа деңгейіне шығатын кез келді. Біз әр бизнеске ерекше көңіл бөлеміз. Яғни, біздің клиентіміз, тіпті банкке қатысы жоқ кез-келген сұрағын енді өзінің жеке менеджеріне қоя алады, ал менеджер өз кезегінде оған банкте арнайы құрылған Құзыреттілік орталық арқылы көмектеседі. Онда біз сыртқы экономикалық қызметпен байланысты әртүрлі секторлар бойынша жетекші сарапшыларды жинаймыз. Валюталық келісімшарт жасау; логистика; кедендік мәселелер бойынша кеңес беру және тағы басқа қызметтер бойынша клиент біздің Құзыреттілік орталығында барлық сұрағына жауап табады және Банктің ерекше қолдауына ие болады. Банк оған инфрақұрылым әрі оның сенімді серіктесі, тіпті досы ретінде қабылданады. Осылайша, Bereke Bank өзінің даму көкжиегін кеңейтуге дайын кәсіпкерлерді қолдайды», - дейді «Bereke Bank» АҚ-ның заңды тұлғаларға арналған цифрлық арналарда өнімдерді әзірлеу мен дамыту бойынша атқарушы директоры Гүлмира Ақынбашина.
Экспорт бойынша алғашқы Қазақстандық форумға еліміздің түкпір-түкпірінен ауыл шаруашылығы, логистика, тамақ өнімдерін өндіру және инвестициялау сияқты экономиканың түрлі салаларынан 400-ге жуық кәсіпкер қатысты.