Bereke Bank шағын және орта бизнеске арналған сервистерін таныстырды
Digital Day 2024 аясында Bereke Bank BerekeBusiness мобильді қосымшасы арқылы лицензия алу, салық күнтізбесін және салық калькуляторын қолдану сияқты шағын және орта бизнеске арналған сервистерін таныстырды.
Бүгінде банктің 98,5 мың жеке кәсіпкер және заңды тұлға клиенттері бар. Ұсынылған сервистер біздің клиенттерімізге бизнесті жүргізуге қажетті барлық қызметтерді бір ғана қосымшаның көмегімен алуға мүмкіндік береді.
«Қаржы министрлігі мен барлық бөлімшелер қазақстандықтардың қашықтан қызмет алуын әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Сондай тәсілдердің бірі – өзара іс-әрекеттерді екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыру, қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Кредиттік ұйымдардың тізімі артады. Бұл жобаны іске асыру — мемлекеттік және қаржылық қызметтерді цифрландыру жолында жасалатын тағы бір маңызды қадам. Бұл қаржы ұйымдарының клиенттеріне бір терезе режимінде сенімді мемлекеттік дереккөздерден қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндіріп өтті қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.
Вице-министр мемлекет пен банк секторының бірлескен жұмысының арқасында қазақстандықтардың ыңғайлы әрі қауіпсіз сервиске қол жеткізетінін атап өтті.
«Қазіргі таңда мемлекеттік қаржыны цифрлық тұрғыдан трансформациялау жай ғана тренд емес, бұл — бизнес үшін ашық, тиімді және қолжетімді орта құрудан туындап отырған қажеттілік. Digital Day 2024 аясында ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен біз Bereke Bank сервистерінің шағын және орта бизнеске мемлекеттік органдармен жылдам, ыңғайлы әрі сенімді өзара іс-әрекеттер жасауға және Bereke Business мобильді қосымшасында көпшілік қолданатын мемлекеттік қызметтерді алуға қалай көмектесетінін көрсеттік» - деді Әсет Тұрысов.
«Bereke Business — бизнес-құжаттаманы тиімді басқару және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-әрекеттер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын әрбір кәсіпкерге цифрлық болашақты ашатын кілт. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру елімізде кәсіпкерліктің өркендеп, дамуына негіз болатынына сенімдіміз», - деп атап өтті «Bereke Bank» АҚ-ның Технологияларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рафаэль Валеев.