Bereke Bank жаңа бизнес-клиенттерге комиссиясыз қызмет көрсетуді ұсынады
Bereke Bank іскери кезеңнің басталуымен «Bereke-мен 0 теңге» арнайы акциясын іске қосты. Мұнда Банктің жаңа клиенттеріне теңге мен валютада тегін аударым жасау, банкомат арқылы қолма-қол толтыруға/шешуге, валюталық келісімшартты тіркеуге, конверсиялық мәмілелерге, сондай-ақ халықаралық аударымдарға жеңілдік шарттары қарастырылған.
Бұл тарифтік жоспар арнайы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге банкпен бастапқы іскерлік қарым-қатынас барысында комиссия туралы ойланбай, банктің негізгі қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Тарифтік жоспарда есеп-шотты тегін ашуға, интернет-банкингке қызмет көрсетуге, сондай-ақ ең сұранысқа ие операцияларға лимит берілген: оның ішінде теңге аударымдары, қолма-қол операциялары (ЗТ/ЖК есеп-шотынан толтыруға/шешуге), валюталық контрактілерді тіркеу, конверсиялық мәмілелер, сонымен бірге халықаралық аударымдар бар. Лимит аясында осы қызмет түрлеріне банктік комиссия 0 теңгені құрайды.
Акцияның мақсаты – Bereke Business қаржы қызметтерінің тәжірибесін алу барысында «драйв-тест» мүмкіндігін беру, кәсіпкерлердің ақша үнемдеуге тырысуын қолдап, бизнесін дамытуға ден қоюына жағдай жасау.
Заңды тұлғаларға үш айға айына мынадай тегін лимит беріледі
- Қазақстан банктеріне теңгемен 20 аударым жасауға
- Банктің банкоматтары арқылы қолма-қол толтыруға/шешуге 20 операция
- Валюталық келісімшарттың 5 тіркеуі
- Конвертациялық 10 операция
- Валютамен (рубль кіреді) 10 аударым жасауға.
Жеке кәсіпкерлерге бір айға
- Қазақстан банктеріне теңгемен 10 аударым жасауға
- Bereke Bank-тің банкоматтары арқылы қолма-қол ақшамен толтыруға/шешуге 10 операция беріледі.
Ал Bereke Business мобильді қосымшасы арқылы онлайн есеп-шот ашқан кәсіпкерлер бес күн ішінде жарнамалық баннерді басу арқылы осы тарифтік жоспарды қоса алады. Ол бірден жеке кабинетте көрінген соң өтінімге қол қоюға болады.