Bereke Bank «Депозит + Кешбэк» бірегей өнімін ұсынады
Bereke Bank «Депозит + Кешбэк» атты жаңа өнімін іске қосқанын қуана хабарлайды, бұл депозит бойынша тиімді шарттар мен карта бойынша түсетін кешбэктің қосындысы. Аталған өнім өз қаражатын барынша бақылауда ұстағанды жөн көретін клиенттерге арналған.
Bereke Bank-тің депозиті, бұл – жылдық 18,2%-ға дейін жоғары мөлшерлеме, өзіңізге қолайлы опцияны таңдау, сондай-ақ күн сайын есептелетін пайыздар әрі табысыңызды жоғалтпастан, қаражатыңызды 24/7 режимінде шешіп алу және толықтыру мүмкіндігі.
Bereke Bank мобильді қосымшасында кез келген депозит ашып, B-Bonus+ бағдарламасын іскен қосқан кезде, клиенттер дебеттік карталар бойынша барлық саудаға 3%-дан 7%-ға дейін кешбэк алады:
• 100 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін депозитіңіз болса, барлық саудаға 3% кешбэк.
• 500 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін депозитіңіз болса, барлық саудаға 5% кешбэк.
• 7 000 000 теңгеден көп депозитіңіз болса, барлық саудаға 7% кешбэк.
Сонымен қатар депозитінде 100 000 теңгеден көп қаражаты бар клиенттер төменде көрсетілген санаттар бойынша жасалатын саудаға жоғары кешбэк ала алады:
• 10% - Такси және жанармай құю;
• 30% - арнайы санат: Кино.
Және де карта ашқан кезде барлық саудаға берілетін 1,5% стандарт кешбэк те бар, бұл біздің клиенттерімізге қосымша артықшылықтар беріп, күнделікті шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Аталған өнімнің көмегімен клиенттер тиімді мөлшерлеме арқылы ақшаларын сақтап, көбейтіп қана қоймай, кешбэк есебінен қосымша табыс таба алады. 1 кешбэк-бонус 1 теңгеге тең, жиналған кешбэкті қосымшадағы «Төлемдер» бөлімінде жұмсауға әрі оларды қайта ақшаға айналдыруға болады. Демек, карта бойынша жасалған әр сауда сізге қосымша табыс алып келеді!
Bereke Bank — бірегей қаржылық шешімдер ұсыну арқылы клиенттерге ерекше қолайлы жағдай жасайды. Банктің бұл өнімі біздің клиенттерімізге пайда әкеліп қана қоймай, қаржылық жоспар құруға да көмектеседі деген ойдамыз.
Bereke Bank-пен бірге табысыңызды еселеңіз!