Екі қадам арқылы декларация тапсыру: Bereke Bank бірінші болып мобильді қосымшаға декларацияның жаңа нысанын енгізді!
Bereke Bank қаржы институттары арасында бірінші болып, B-Bank мобильді қосымшасында ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Салық кодексімен бекітілген жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның жаңа нысанды (270.00-нысан) енгізу жұмыстарын іске асырды.
Bereke Bank ақпараттық жүйелерінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ интеграциясының арқасында B-Bank қосымшасын пайдаланушылар енді декларацияны оңай және жылдам тапсыра алады.
Бұл сервис қосымшаның «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қолжетімді және процесті бірнеше минут ішінде аяқтауға мүмкіндік береді. B-Bank қосымшасында енді декларацияны тапсыру оңай әрі жылдам болды, бұл сервис клиенттерімізге уақыт пен күш-жігерді үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз өз клиенттеріміз үшін заманауи және ыңғайлы құралдарға қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және оларға осындай қызметті ұсынғанымызды мақтан тұтамыз.
Осы мүмкіндікті пайдалану үшін B-Bank қосымшасын смартфонға жүктеп алып, бірнеше минут ішінде Bereke Bank-тің клиенті болудың өзі жеткілікті. Бұл сізге үйден шықпай-ақ, декларацияны тапсыруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс екенін еске саламыз. 2024 жылы 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250-нысан) бұрын ұсынған барлық жеке тұлғалар үшін 270-нысанды толтыру қажет.
Осылайша, 2024 жылы 270 нысан бойынша декларацияны кімдер тапсырады:
• Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар;
• Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары;
• «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті жүктелген адамдар.
Банк, ҚР ҚМ МКК және ЭҚО АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық жаңа арна арқылы сервистің қолайлылығы мен қолжетімділігін арттыруды көздейді. Бұрын жаңартылған декларация нысанын ҚР ҚМ МКК салық төлеушінің кабинетінде және E-salyq мобильдік қосымшасы арқылы ғана тапсыруға болатын.
Bereke Bank қашан да өз клиенттерінің мүддесін жоғары қояды және оларға қаржылық операцияларды жеңілдету үшін ең жақсы шешімдерді ұсынуға тырысады. Біз өз қызметтерімізді жақсарту бойынша және өз клиенттерімізге қаржылық міндеттерін жеңілдету үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға қуаныштымыз.
Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан 5030 нөмірі бойынша алуға болады (ҚР аумағында ұялы телефондардан қоңырау шалу үшін тегін).