Банктің мүлкі — Банктің меншігіндегі мүлік. Бұл мүлік аккредиттелген электрондық сауда алаңында аукцион өткізу арқылы сатуға ұсынылады (бұдан әрі — «ЭСА»).
Аукцион — объектіні жеке және заңды тұлғаларға сатуға бағытталған сауда-саттық нысаны. Мұнда жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемі — қатысушылар ұсынған баға.
Аукционға қалай қатысуға болады?
- ЭСА сайтында тіркеліңіз.
- Аукцион өткізу шарттарын шолып шығыңыз.
- Қатысуға өтінім жіберіңіз.
- Кепілдік жарнаны төлеңіз.
- Аукционға қатысыңыз.
Аукцион аяқталғаннан кейін жеңімпаз анықталады. Егер жеңімпаз болсаңыз, Банктің жауапты қызметкері сізге хабарласып, ары қарай не істеу керегін айтып береді.