Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

ALL IN дебеттік картасы – үлкен мүмкіндіктер

Бiр карта — күн сайын керемет шарттар

ALL IN дебеттік картасы – үлкен мүмкіндіктер
3%-ға дейін кэшбэк

Адал және үлкен ақшаны қайтару әлемін ашыңыз

Комиссиясыз

500 000 ₸ дейін қолма-қол ақша шешіп алу және кез келген банктерге аударымдар

Интернетсіз және QR-сыз телефон арқылы төлеу

Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay

Пластикалық картасына тапсырыс беріңіз
1-қадам – Ақпарат
ЖСН
Телефон нөмірі
2-қадам – Жеткізу мекенжайы
Қала
Көше немесе шағын ауданы
Үйдің нөмірі
Подъездің нөмірі
Пәтердің нөмірі

3-қадам – Жеткізу уақыты

Картаны үйден шықпай алыңыз
ALL IN картасы туралы
1

Bereke қосымшасын жүктеңіз және тіркеліңіз

2

Цифрлық карта бірден ашылады, оны толтырыңыз және онлайн сауда үшін кешбэк алыңыз  

3

Пластикалық картаны біздің бөлімшелерімізден алыңыз немесе Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін жеткізуге тапсырыс беріңіз.

ALL IN картасы туралы
Тарифтер, сенімділік бағдарламалары, құжаттама, сондай-ақ бұл жерден өзіңізді жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар алуға болады
Қызмет көрсету құны

Картаны шығару

0 ₸

Картаға қызмет көрсету

0 ₸ (немесе тегін)

егер өткен айдағы орташа күндік қалдық — 100 000 теңгеден бастап болса

500 ₸

айына басқа жағдайларда

СМС-Банкинг

0 ₸

Жасаған саудаға кешбэк

Сауда үшін берілетін кешбэк (1 бонус = 1 теңге) *

Стандарт бонус*

Барлық сатып алуларға 1% (депозитсіз)

Депозит болған кезде санаттар бойынша берілетін бонустар

• 3% - барлық саудаға, 1 000 000 ₸ салым болған жағдайда

• 5% - барлық саудаға, Bereke Premium картасын ашқанда

Ай сайынғы кэшбэктың максималды сомасы депозиттердегі қалдықтарға байланысты:

• 5 млн ₸ дейінгі депозиттер үшін – 15 000 ₸

• 5 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 30 000 ₸

• 10 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 60 000 ₸

• 20 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 100 000 ₸

• 100 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 200 000 ₸

Бонустарды теңгеге немесе Bereke мобильді қосымшасында төлемдер жасауға айырбастаңыз

* Bereke мобильді қосымшасында B-Bonus бағдарламасын қосқан кезде

Ақша аударымдары

Телефон нөмірі бойынша клиентке аудару

Комиссиясыз

ЖТЖ(жедел төлемдер жүйесі) аударымы (телефон нөмірі бойынша)

Комиссия жоқ

Шот реквизиттері бойынша аударым

Комиссия жоқ

Карта нөмірі бойынша аударым

Соманың 0,8%, ең төменгі комиссия — 150 теңге

Қолма-қол ақшаны ҚР банкоматтардан шешіп алу

Айына 500 000 ₸ дейін

Комиссия жоқ

Айына 500 000 ₸ жоғары, 2 000 000 ₸ дейін

1%

Айына 2 000 000 ₸ жоғары (басқа валютадағы баламасы)

3%

ҚР-дан тыс орналасқан банкоматтардан қолма-қол ақша алу(сомасына қарамастан)Соманың 2,5% + 1000 теңге (тұрақты сома)
Bereke Bank-тің кассасынан қолма-қол ақшаны бөлімшеге барып алу

2 000 000 ₸ дейін (басқа валютадағы баламасы)

1%

2 000 000 ₸ жоғары (басқа валютадағы баламасы)

3%

ҚР-дағы басқа Банктердің кассасынан алуСоманың 2,5% + 1000 теңге (тұрақты сома)
ҚР-дан тыс орналасқан басқа Банктердің кассасынан алуСоманың 2,5% + 1000 теңге (тұрақты сома)
Картаны қайта шығаруКомиссия жоқ 

Кез келген бөлімшесінде 10 минут ішінде немесе цифрлық (виртуалды) картаны мобильді қосымшада 3 минут ішінде өзіңіз аша аласыз, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Bereke мобильді қосымшасы арқылы картаны тегін жеткізуге тапсырыс бере аласыз.

1. «Аударымдар» бөліміне өтіңіз.


2. Қажетті аударым түрін таңдаңыз:


• ҚР бойынша аударымдар «Телефон нөмірі/карта/шот бойынша»


• Халықаралық: «SWIFT арқылы деректемелер бойынша», «Ресейге деректемелер бойынша», «Орталық Азияға және Ресейге телефон нөмірі немесе карта бойынша», «Золотая Корона арқылы алушының тегі мен аты бойынша»


3. Қосымшадағы нысан деректерін толтырыңыз.


4. Енгізілген алушы деректерін тексеріңіз және аударымды жіберіңіз.

Картаны шығару - тегін. Қызмет көрсету - барлық шоттар бойынша орташа күндік қалдық 100 000 ₸-ден бастап болғанда немесе картаға жалақы түскен жағдайда айына 0 ₸. Басқа жағдайларда екінші айдан бастап - 500 ₸.

Қазіргі уақытта ALL IN картасын мынадай үш валютаның бірінде шығарамыз: теңге, доллар немесе еуро. Және әртүрлі валютада екі немесе үш карта шығара аласыз.

Иә, кез-келген банкоматқа барыңыз, әмиянды іске қосыңыз және телефонды немесе сағатты банкоматтағы NFC белгішесіне апарыңыз (осы әдіспен басқа банктердің банкоматтары арқылы алуға болады, егер олар NFC функциясын қолдаса). Маңызды! NFC функциясымен ақша алу әдеттегі картадан алуға ұқсас, тарифтер мен шектеулер бірдей

ПИН-кодты мобильді қосымша немесе Bereke Bank банкоматтары арқылы орната аласыз

Иә. Дебеттік карта 14 жастан бастап клиенттерге қолжетімді. Баланың атына картаны ата-анасының немесе заңды өкілдердің келісімімен рәсімдеуге болады.  

Минималды аударым сомасы Bereke қосымшасында — 100 ₸. Егер картаңыз доллармен немесе еуромен болса, ең төменгі сома карта валютасындағы баламасына тең болады.

Қосымшадағы аударымдардың жалпы лимиті — тәулігіне 10 млн ₸. Қазақстан ішінде және одан тыс жерлердегі карталар арасында (p2p) аударым лимиті — тәулігіне 4,2 млн ₸ (жалпы лимитке кіреді). Халықаралық SWIFT-аударымның лимиті — тәулігіне 4,2 млн ₸. Барлық операциялар бойынша лимиттер Жадынамада жинақталған.

 

Сіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар үшін ағымдағы шот аша аласыз. Кейін зейнетақы немесе жәрдемақы аудару үшін шот реквизиттерін ЦОН-ға (ХҚКО-ға) ұсына аласыз.

Мобильді қосымшада. Дебеттік картаны таңдаңыз — әдетте ол «Менің өнімдерім» бөлімінде көрсетіледі, содан кейін «Деректемелер» батырмасын басыңыз.

Сіз картаңызды жақын жердегі Банк бөлімшесіне жүгініп, бірден қайта шығара аласыз. Қайта шығару - тегін.

ПИН-кодты қалпына келтіру Төлем картасының ұстаушысымен Банктің қызмет көрсету бөліміне хабарласу және Банк анықтаған нысан бойынша ПИН-код есептегішін қалпына келтіруге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Ең жылдам жолы — Bereke мобильді қосымшасында жасау. Сондай-ақ, карта иесі 5030 нөмірі бойынша банкке қоңырау шала алады, бірақ сол кезде өз код сөзін есте сақтау керек, әйтпесе карта бұғатталмайды.  

Ең оңай жолы — Bereke мобильді қосымшасында жасау:

  1. Мобильді қосымшаның басты бетінде картаны таңдаңыз — әдетте ол «Менің өнімдерім» бөлімінде көрсетіледі;

  2. «Әрекеттер» бөлімін ашыңыз;

  3. «Картаны жабу» батырмасын басыңыз.

 

Ең оңай жолы — Bereke мобильді қосымшасында онлайн алу:

  1. Басты бетте қажетті картаны таңдаңыз;

  2. «Көшірме алу» батырмасын басыңыз;

  3. Көшірме қажет мерзімді көрсетіңіз.

Сонымен қатар, карта иесі көшірмені кез келген Bereke Bank бөлімшесінен ала алады.

 

Жинау бір ай ішінде жүзеге асырылады. Инкассациядан кейін карталар Банктің бас кеңсесіне жеткізіледі және 1 айға дейін сақталады. Егер карта Қазақстан Республикасының басқа банкінен болса, онда 3 айға дейін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін карталар жойылады. Картаны алу үшін жеке куәлігіңізбен Банк бөлімшесіне хабарласыңыз.

Қосымшада қауіп-қатері жоғары елдерде операциялар жүргізуге шектеу қоюға болады:

  1. Шектеу қоятын келетін дебеттік картаны таңдаңыз;

  2. «Әрекеттер» → «Лимиттерді басқару» → «Қауіп-қатері жоғары елдер» батырмасын басыңыз.

Қауіп-қатері бар елдердің тізімімен және операциялардың түрлерімен сілтеме бойынша танысуға болады. 

Шот ашу үшін келесі құжаттарды жеке келіп ұсыну қажет:

Барлық бейрезиденттер үшін міндетті:

- Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжат.

- Қағаз жеткізгіштегі ЖСН-ді (Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірі) тіркеу куәлігі.

- SMS хабарламаларын алу және верификациядан өту үшін роуминг қызметі қосылған, +7 санынан басталатын ұялы телефон нөмірі.

- Егер Сізде Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат болса, оны қосымша ұсыныңыз.

- Банктің толтырылған сауалнамасы.

ЕАЭО елдерінің азаматтары (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) үшін қосымша: 

- Қазақстан Республикасына кіру және онда болу құқығын растайтын келесі құжаттардың біреуі: паспорттағы шекарадан өткендігі туралы мөртаңба, уақытша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, көші-қон қызметінен немесе мемлекеттік қызметтер порталы арқылы алынған Қазақстан Республикасына кіргені туралы анықтама https://vmp.gov.kz/ru/services/cabinet/last-crossing-fact-certificate-cabinet.

- Егер Қазақстан Республикасында болу мақсаты жұмыс істеу болса, жұмыспен қамту туралы уәкілетті органға хабарлама жіберілгенін/рұқсат алынғанын растайтын уақытша тұруға рұқсатты (УТР) немесе қызметкерді тіркеу үшін көші-қон полициясына жолданған қазақстандық жұмыс берушінің хатын ұсыну қажет.

- Егер Қазақстанда болу мақсаты оқу болса, оқу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет.

- Қазақстанда емделу жағдайында – медициналық қызмет көрсетуге арналған медициналық мекемемен жасалған шарт.

- Қазақстан аумағында бизнес болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды көшірмелері немесе түпнұсқалары (егер Компанияның Банкте шоты бар болса, құрылтай құжаттарының пакетін қайта ұсыну талап етілмейді).

ЕАЭО-ға кірмейтін елдердің азаматтары үшін қосымша: 

Қазақстанға кіру және болу құқығын растайтын келесі құжаттардың бірі: виза, шетел азаматының келуі немесе болуы туралы хабарлама, уақытша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, паспорттағы шекарадан өту мөрі немесе ҚР аумағында болу құқығын растайтын өзге де құжат.

Қазақстанда болу мақсаты жұмыс істеу болса, уақытша тұруға рұқсатты (УТР) ұсыну қажет, ол уәкілетті органға жұмысқа орналасу туралы хабарламаның жіберілгенін/рұқсат алынғанын растайды немесе түпнұсқа еңбек шартын және ҚР ұйымдарындағы жұмысқа орналасуды растайтын «Enbek» сайтынан жүктелген анықтаманы ұсыну қажет.

- Егер Қазақстанда болу мақсаты оқу болса, оқу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет.

- Қазақстанда емделу жағдайында – медициналық қызмет көрсетуге арналған медициналық мекемемен жасалған шарт.

- Қазақстан аумағында бизнес болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды көшірмелері немесе түпнұсқалары (егер Компанияның Банкте шоты бар болса, құрылтай құжаттарының пакетін қайта ұсыну талап етілмейді).

Маңызды: сауалнама толтыру кезінде Банк келесі құжаттарды сұратуы мүмкін:

- шот ашу мақсатын растайтын құжаттар (мысалы, еңбек шарты, оқу шарты, жылжымайтын мүлік сатып алу құжаттары және т.б.),

- ақша қаражатының шығу көзін растайтын құжаттар,

- банк картасы мен шотты пайдалану мақсаты.

Иә, сіз картаны қазақстандық теңгеде, АҚШ долларында және еврода да шығара аласыз.

Карта нөміріне аудару, сондай-ақ карта шотының банк деректемелеріне банктерден аударым жасау арқылы.

Иә. Mastercard және Visa халықаралық төлем жүйелерінің карталарына қызмет көрсетілетін шет елдерде сауда жасай аласыз.

Иә, картаны Apple Pay-ге, Google Pay-ге және Samsung Pay-ге қоса аласыз.

Егер картаның қолданыс мерзімі аяқталмаса, сіздің картаңыз белсенді, сізге:

- ҚР аумағында сатып алу ақысын төлеу және қолма-қол ақша шешіп алу (Kaspi банк терминалдарынан басқа)

- бүкіл әлем бойынша интернет-дүкендерде төлем жасау

- ҚР басқа банктерінің карталарынан/карталарына аударым жасау (Kaspi банктен басқа) қолжетімді


Картаны шектеусіз пайдалану үшін сізге мобильді қосымшада, ALL IN картасын ашып, Bereke Bank бөлімшесінде пластикалық картаны алуды немесе Алматы, Астана және Шымкент қалаларында картаны тегін жеткізуге тапсырыс беруге кеңес береміз. B-Bonus+ жоғарылатылған бонустарын қосу және барлығына 7%-ға дейін және санаттарға 30%-ға дейін алу.

Бонустар бойынша талаптар сайтта қолжетімді. Қызмет көрсету құны мен операциялардың лимиттері мобильді қосымшада. Қалған тарифтермен сілтеме арқылы танысуға болады.

Үзінді көшірме мен деректемелерді мобильді қосымшада қалыптастыруға болады. Мөр қойылған үзінді көшірмені алу үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне келіңіз.

Сіз картаны келесі тәсілдермен толықтыра аласыз:

- карта нөмірі бойынша аударым жасау (Kaspi банктен басқа –  ALL IN картасын ашыңыз 

- басқа банктен шот нөмірі бойынша аударым жасау

- телефон нөмірі бойынша аударым жасау

- Bereke Bank банкоматтары мен кассалары арқылы қолма-қол ақшамен

- жалақыны Bereke Bank картасына алу

Оны алу үшін жеке куәлігіңізбен банк бөлімшесіне жүгіну жеткілікті. Инкассация бір ай ішінде жүргізіледі. Содан кейін карта Bereke Bank бас кеңсесіне жеткізіліп, онда 30 күнге дейін сақталады. Егер карта басқа банкпен шығарылған болса, ол үш айға дейін сақталады. Одан кейін карта жойылуға жіберіледі.

B-Bonus адалдық бағдарламасы бұл – Банктің төлем карточкаларын ұстаушы клиенттерін ынталандыру жүйесі, жасаған сауда (немесе банк өнімдері бойынша басқа да іс-шаралар) үшін бонустар есептеуге негізделген

Бағдарламаға Банктің төлем картасын ұстаушылар және/немесе белсенді ағымдағы шоты бар банктің клиенттері (жеке тұлғалар) қатыса алады  

Бонустар жинау үшін Банктің төлем картасымен көбірек төлем жасау қажет. Сенімділік бағдарламасына қатысу картамен жасалған әр төлемнен B-Bonus+ қызметін қосып 1% кэшбэк алуға мүмкіндік береді, 1 млн ₸ бастап депозиттер болған жағдайда – 3%, ал премиум карта болған жағдайда – 5%. Бонустар есептелмейтін санаттар көрсетілген сенімділік бағдарламасының ережелерін қарауды ұсынамыз

 

Жиналған бонустарды Bereke мобильді қосымшасындағы "Төлемдер" сервисінде толық немесе ішінара жұмсай аласыз. Және де бонустарды төлем картаңызға тікелей аудара аласыз.

Standart және Salary деңгейіндегі карталары бойынша айына 15 000 бонус

Premier және First деңгейіндегі карталар бойынша айына 200 000 бонус

Егер өткен айда депозитте қалдық сома 5 000 000 теңгеден жоғары болған болса, Standart және Salary деңгейіндегі карталар бойынша ай сайын 30 000 бонус

Ай сайынғы кэшбэктың максималды сомасы депозиттердегі қалдықтарға байланысты:

  • 5 млн ₸ дейінгі депозиттер үшін – 15 000 ₸
  • 5 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 30 000 ₸ 
  • 10 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 60 000 ₸
  • 20 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 100 000 ₸
  • 100 млн ₸ бастап депозиттер үшін – 200 000 ₸

Бонустар мына жағдайларда берілмейді:

- карталарды толықтыру;

- электрондық әмияндарды толықтыру;

- казино, ломбардтар, лотерея, букмекерлік контора төлемдерін жасау;

- қолма-қол ақша шешіп алу;

- MCC-кодтары бар операциялар: 4112, 4812, 4813, 4814, 4829, 4900, 5211, 5511, 5521, 6012, 6050, 6051, 6211, 6513, 6529, 6530, 6531, 6532, 6533, 6534, 6536, 6537, 6538, 6539, 6540, 7299, 7372, 7995, 8999, 9211, 9222, 9223, 9311, 9399, 9402, 4214

Толық ақпарат Банктің ресми сайтында көрсетілген "Ниеттестік бағдарламасы" құжатында берілген