Bereke Bank-тегі тұрақты даму
Тұрақты даму Bereke Bank стратегиясының және Банктің басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. ESG қағидаттары стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерімен біріктірілген және Банк қызметінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге, басқару сапасын арттыруға, ұзақ мерзімді тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескеруге, қолданыстағы талаптар мен стандарттарды орындауға, сондай-ақ қызметкерлер мен қоғамды ескере отырып жүзеге асырылатын жауапты дамуға бағытталған.
Банктің басқару жүйесіндегі ESG тәсілдері
Тұрақты даму қағидаттары Bereke Bank-тің корпоративтік басқару жүйесімен біріктірілген және негізгі басқару процестерінде жүйелі түрде ескеріледі. ESG-факторлар:
• Банктің стратегиясын қалыптастырған және іске асырған кезде, соның ішінде стратегиялық басымдықтар мен ұзақмерзімді даму бағыттарын анықтаған кезде;
• тұрақтылық факторлары мен ықтимал ұзақмерзімді әсерлерді ескере отырып тәуекелдерді басқарған кезде;
• қызмет көрсету сапасын арттыруға және клиенттерге қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған банктік қызметтерді әзірлеген және жетілдірген кезде;
• әртүрлі деңгейде басқару шешімдерін қабылдаған кезде қолданылады.
ESG бойынша негізгі бағыттар
Жауапты қаржыландыру
Bereke Bank тәуекелдерді басқару және қаржылық шешімдер қабылдау барысында тұрақты даму факторларын ескереді. Банктің бұл тәсілі теңгерімді өсуді қамтамасыз етуге, портфельдің тұрақтылығын арттыруға және ұзақмерзімді тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік Банктің ESG-тәсілінің маңызды элементі болып табылады және қызметтің тұрақтылығы мен клиенттік сервис сапасының факторларының бірі ретінде адами капиталды дамытуды қамтиды. Дамудың негізгі бағыттары:
• қызметкерлерді дамыту, оқыту және қолдау;
• тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және инклюзивті ортаны қалыптастыру;
• қаржылық сервистердің қолжетімділігін арттыру;
• білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу.
Корпоративтік басқару
Bereke Bank ашықтық, іскерлік әдеп және жауапкершілік қағидаттарына негізделген корпоративтік басқару жүйесін үнемі дамытуда. Осы бағыт аясында Банк келесі мәселелерге назар аударады:
• корпоративтік процестерде ESG қағидаттарын қолдану;
• ESG факторларын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерімен біріктіру;
• комплаенс мәдениетін және іскерлік әдепті дамыту;
• Банктің басқару органдарының тұрақты даму мәселелеріне қатысуы;
• серіктестермен және қызмет көрсетушілермен орнатылатын өзара қарым-қатынасқа жауапты қарау.
Экологиялық аспектілер
Экологиялық аспектілер Банк тарапынан тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, ресурстарды ұтымды пайдалану, ішкі процестерді жетілдіру және цифрлық шешімдерді дамыту арқылы операциялық қызметтің және тиімділікті арттырудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.