2022-02-25

Ақшаңызды алаяқтардан сақтаңыз

Қазақстанда алаяқтар көбейіп кетті. Олар кез келген нөмірден, телефоннан немесе мессенджер арқылы қоңырау шалуы мүмкін. Олар аватарына көбінесе банктің ресми логотипін қояды.  

 

Ең кең таралған схема – клиентті қорқыту және шатастыру. Алаяқтар ақшаңызға қауіп төніп тұрғанына сендіреді: шот қаскүнемдердің қолына түсті, шоттан үлкен сома алынды немесе әлдекім сіздің атыңызға несие ресімдеді. Әңгімеге өзін құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыратын сыбайластар қосылуы мүмкін.

 

Мұндай қоңыраудың мақсаты – сіздің мобильді қосымшаңызға кіру немесе сізді ақшаңызды басқа "қауіпсіз шотқа" аударуға сендіру. Алаяқтар көбінесе кредит алуға көндіруге тырысады немесе мынадай ресми қосымшаларды, бағдарламаларды жүктеуді сұрайды: TeamViewer, Anydesk, RustDesk, Hoptodesk, Rudesktop және т.б. Олар күдікті болып көрінбейді, бірақ телефондағы немесе компьютердегі барлық ақпаратқа, демек, сіздің шоттарыңызға да қолжетімділік бере алады.  

 

Алаяқтардың жиі қолданатын 10 сөз орамы

«Ақшаны сақтап қалу үшін оларды қорғалған шотқа аударыңыз»

«Сізбен сөйлесіп тұрған тергеуші (Т. А. Ә.), тұтқаны қоймаңыз!»

«Бұл қоңырау жайында ешкімге айтпаңыз, құпия операция жүргізіліп жатыр!»

«Қаржы нөмірін өзгертуге өтінім түсті»

«Дәл қазір әлдекім сіздің атыңызға кредит алғалы жатыр!»

«Кредит ресімдеу қажет»

«Бұл банктің қауіпсіздік қызметі»

 

Қауіпсіздік ережелері

Құпия сөздер мен есептік деректерді ешкімге бермеңіз.

Жеке ақпаратты немесе аккаунтқа кіруді сұрайтын хаттарға, хабарламаларға және қоңырауларға сенбеңіз.

Сізге айтылған ақпаратты тексеру үшін банкке қоңырау шалыңыз – тіпті ол сенімді болып көрінсе де.

Символдардың қиын комбинациясын қолданып парольді жиі ауыстырып тұрыңыз.

 

Банк қызметкерлері ешқашан басқа шоттарға ақша аударуды ұсынбайды, SMS арқылы жіберілетін кодтарды, құпия сөздерді және жеке кабинет кодтарын сұрамайды.