2022-12-09

«Bereke Bank» АҚ лицензиясын ұзарту туралы

«Bereke Bank» АҚ (бұрынғы «Сбербанк» АҚ ЕБ) АҚШ Қаржы министрлігі Шетел активтерін басқару жөніндегі басқармасының (OFAC) ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Банктің қатысуымен мәмілені аяқтауға мүмкіндік беру үшін лицензия мерзімін 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартқанын хабарлайды. 

Бүгінде Банк реттеуші орган ҚРҚНРДА-мен және негізгі акционер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен бірлесіп банкті SDN санкциялық тізімінен шығару жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп жатыр.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкін сатып алу жөніндегі мәмілені жапты. Банк  атауы «Bereke Bank» АҚ болып өзгертілді.

Банк қаржылық тұрақтылығын айқындап, өзінің клиенттерінің алдында салымдарға, несиелерге қызмет көрсету, сондай-ақ  ақша қаражатын қабылдау және беру сияқты міндеттемелерін уақтылы орындауды жалғастыруда.

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі

press@berekebank.kz  

| +7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466; 00 351) |