2022-09-13

Bereke Bank – Қазақстандағы Сбербанктің ресми құқықтық мұрагері

Банк өзінің қазіргі клиенттерін, сондай-ақ жаңа клиенттерін жоғары бағалайды және олар үшін қашан да ең қолайлы әрі жылдам шешімдер ұсынуға тырысады. Бүгінде қызметтер мен сервистерге банк бөлімшелерінде, сонымен бірге жеке және заңды тұлғаларға арналған мобильді қосымшаларда онлайн қол жеткізуге болады.

Естеріңізге салсақ, Сбербанк Тобына тиесілі акцияларға меншік құқықтарын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне беруге байланысты Қазақстандағы «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ өз қызметін тоқтатты.

2022 ж. қыркүйек айының ортасында банк мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, «Bereke Bank» акционерлік қоғамы» деген жаңа атауға ие болды, лицензия алды. Банк – «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ның толық құқықтық мұрагері және бұрынғы барлық шарттық міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді өз мойнына алады.

«Bereke Bank» АҚ нарықтың барлық қатысушылары үшін түрлі қаржылық қызметтер ұсынады. Қазіргі клиенттер үшін банктік шоттарды және олар бойынша жүргізілетін операцияларды, депозиттерді, айырбастау операцияларын, қарыздарды қосқанда, банктік өнімдер бойынша қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 20.09.22 ж.  №1.2.199/93/31 лицензия.