2 немесе 3 жылға ашылған депозиттердің ең жоғарғы сомаға шектеулері бар. Ең жоғарғы соманы есептеу оңай: депозитті ашқан кездегі соманы 10-ға көбейтесіз. Мысалы, егер сіз депозитті 100 мың теңгеге ашсаңыз, сіз оны 1 миллион теңге сомаға дейін толтыра аласыз. Басқаша айтқанда, 2 немесе 3 жылда сіз 900 мың теңгеден артық емес сомада ақша енгізе аласыз. Мерзімі 2 жылдан кем депозиттерде ең жоғарғы сомаға ешқандай шектеулер жоқ екенін атап өткен жөн.
Банктің салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сенімді қорғалған. Барлық депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік бір салымшыға келесідей соманы құрайды:
Мобильді қосымшада депозит ашу үшін Басты бетте "Депозит ашу" мәзіріне басып, өзіңізге ұнаған депозитті таңдау қажет.
Бөлімшеде депозит ашу үшін жеке бас куәлігінің түпнұсқасын немесе төлқұжатты ұсыну қажет. Шетел азаматтарында ЖСН болуы тиіс.
Депозитті теңгеде ашуға болады
Депозитті келесі жолдармен толықтыруға болады:
- B-Bank мобильді қосымшасында немесе жеке кабинетінде өз шоттарыңыз арасында аударым жасау арқылы,
- АТМ және АТТ арқылы,
- банк бөлімшелеріндегі қассалар арқылы қолма-қол ақшамен,
- Jusan, Еуразиялық, ForteBank, БЦК, Қазпошта, Freedom Finance Bank, касса 24 сияқты Банктерден біздің Банктегі картаға телефон нөмірі арқылы сырттай аударым жасау арқылы.
Қаражатты жартылай шешіп алу қарастырылмаған
Жоқ
Депозит бойынша сыйақы күнделікті қалдыққа есептеледі және айына бір рет аударылады. Ай бойынша сыйақы номиналдық мөлшерлемеге байланысты есептеледі. Өз депозитіңіз бойынша толық есепті мобильді қосымшадан қарай аласыз. Ол үшін сізге "депозит ашу" бөлімінде қажет депозитті және талаптарды таңдау қажет, ары қарай жүйеде есептеу жүргізіледі.
Мерзімінен бұрын тоқтату кезінде салым мерзімінен бұрын тоқтату күнінен кейін 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін клиенттің ағымдағы шотына немесе төлем картасына қайтарылады. Сыйақы қайта есептеліп, талап етілгенге дейінгі 0,1% мөлшерлеме бойынша аударылады
Мерзімді ұзарту салымды қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылданған сәтке дейін негізгі мерзім аяқталған күннен кейінгі күні берілген салым түрі бойынша Банкте қолданылатын сыйақы мөлшерлемесімен сол мерзімге автоматты түрде шексіз рет жүзеге асырылады.
Салымдар үшке бөлінеді:
• Жинақ салымдар - теңгедегі депозиттер арасындағы сыйақы мөлшерлемесі ең жоғары қайтарылып алынбайтын депозит.
• Мерзімді депозиттер – жинақ және мерзімсіз салым арасындағы ымыралы нұсқа. Бұл салым ақшаны толық және сыйақыны ішінара жоғалта отырып, жартылай шешіп алуға мүмкіндік береді.
• Мерзімсіз депозиттер - ең үйреншікті депозит түрі, оны толтыруға және ақшаны кез келген уақытта шешіп алуға болады (төмендетілмейтін қалдық шегінде) Мерзімсіз салымдар бойынша - мүмкін сыйақы мөлшерлемелері арасындағы Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне жақын ең төмен мөлшерлеме. Орнына Сіз өз ақшаңызды кез келген уақытта басқара аласыз.
Депозит түрлері бойынша ең жоғарғы мөлшерлемені ҚДКҚ бекітеді.
Салымдар бойынша толығырақ ақпаратты kdif.kz. сайтынан ала аласыз.
Банк депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Сіздің депозиттеріңіз "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-мен сенімді түрде қорғалады