Банктің салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сенімді қорғалған. Барлық депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік бір салымшыға келесідей соманы құрайды:
Мобильді қосымшада депозит ашу үшін Басты бетте "Депозит ашу" мәзіріне басып, өзіңізге ұнаған депозитті таңдау қажет.
Бөлімшеде депозит ашу үшін жеке бас куәлігінің түпнұсқасын немесе төлқұжатты ұсыну қажет. Шетел азаматтарында ЖСН болуы тиіс.
Депозитті 4 валютада ашуға болады: теңге, Ресей рублі, еуро, АҚШ доллары
Депозитті келесі жолдармен толықтыруға болады:
- B-Bank мобильді қосымшасында немесе жеке кабинетінде өз шоттарыңыз арасында аударым жасау арқылы,
- АТМ және АТТ арқылы,
- банк бөлімшелеріндегі қассалар арқылы қолма-қол ақшамен,
- Jusan, Еуразиялық, ForteBank, БЦК, Қазпошта, Freedom Finance Bank, касса 24 сияқты Банктерден біздің Банктегі картаға телефон нөмірі арқылы сырттай аударым жасау арқылы.
Ақшаны депозиттен бірнеше жолмен шешіп алуға болады:
- B-Bank мобильді қосымшасында немесе жеке кабинетінде өз шоттарыңыз арасында аударым жасау арқылы,
- Банк бөлімшелерінде касса арқылы, Банк банкоматтары арқылы (ақшаны депозиттен Банк картасына аудару арқылы)
- Басқа ЕДБ-ге сыртқы аударым жасау арқылы. Сіз жылдам аударымдар жүйесі арқылы телефон нөмірі бойынша біздің Банктегі шоттан usan, Еуразиялық, ForteBank, БЦК, Қазпошта, Freedom Finance Bank, касса 24 сияқты Банктерге аударым жасай аласыз.
Жоқ
Күн сайынғы капиталдандыру - бұл пайыздарға пайыздарды есептеу. Банк есептеген пайыздар депозит сомасына қосылып, келесі күні сыйақы алдыңғы күнгі банктің есептеген пайызын қоса алғанда барлық сомаға есептеледі, салым бойынша пайыздарды төлеу күн сайын жүзеге асырылады.
Мерзімді ұзарту салымды қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылданған сәтке дейін негізгі мерзім аяқталған күннен кейінгі күні берілген салым түрі бойынша Банкте қолданылатын сыйақы мөлшерлемесімен сол мерзімге автоматты түрде шексіз рет жүзеге асырылады.
Салымдар үшке бөлінеді:
• Жинақ салымдар - теңгедегі депозиттер арасындағы сыйақы мөлшерлемесі ең жоғары қайтарылып алынбайтын депозит.• Мерзімді депозиттер – жинақ және мерзімсіз салым арасындағы ымыралы нұсқа. Бұл салым ақшаны толық және сыйақыны ішінара жоғалта отырып, жартылай шешіп алуға мүмкіндік береді.
• Мерзімсіз депозиттер - ең үйреншікті депозит түрі, оны толтыруға және ақшаны кез келген уақытта шешіп алуға болады (төмендетілмейтін қалдық шегінде) Мерзімсіз салымдар бойынша - мүмкін сыйақы мөлшерлемелері арасындағы Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне жақын ең төмен мөлшерлеме. Орнына Сіз өз ақшаңызды кез келген уақытта басқара аласыз.
Депозит түрлері бойынша ең жоғарғы мөлшерлемені ҚДКҚ бекітеді.
Салымдар бойынша толығырақ ақпаратты kdif.kz. сайтынан ала аласыз.
Банк депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Сіздің депозиттеріңіз "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-мен сенімді түрде қорғалады