2022-11-08

«Bereke Bank» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы

 

«Bereke Bank» АҚ Даму стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) мақсаты икемді және өте сенімді АТ-инфрақұрылымы, негізі тиімді команда болып табылатын қызметтер мен өнімдерді шығарудың жоғары жылдамдығы бар Data-driven шешімдері негізінде адамдар мен бизнесті біріктіретін, олардың барлық қажеттіліктерін қамтитын платформа құру.

Банктің миссиясы: «Біз адамдар мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ең жақсы өнімдер мен сервистерді жасау, сондай-ақ клиенттеріміз бен қызметкерлерімізге сенімділік беру арқылы қоғам мен елдің дамуына айтарлықтай үлес қосамыз».

 

  Стратегия 7 стратегиялық бағытты қамтиды:

  • 1. Корпоративтік бизнесті дамыту
  • 2. Бөлшек бизнесті дамыту
  • 3. Сенімді және икемді IT инфрақұрылымын құру
  • 4. Шешім қабылдау үлгілерін енгізу, сонымен қатар деректерді модельдеу және талдау
  • 5. Филиалдық желіні дамыту
  • 6. Тиімді команда
  • 7. ESG тұрақты дамуы (Environmental, Social and Governance)

   Стратегия 3 негізгі мақсаттың орындалуын анықтайды:

  • 1. Бизнесті дамыту үшін үздік банк
  • 2. Өмір сүру үшін үздік банк
  • 3. Нарықтағы көшбасшылық орынға қол жеткізу

 

   Корпоративтік бизнес

Корпоративтік бизнестегі Стратегияның негізгі бағыттары:

  • 1. Бизнесті қалпына келтіру
  • 2. Бизнестің өсуі
  • 3. Цифрлық банк

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Банк қызметінің келесі стратегиялық негізгі көрсеткіштері анықталды:

  • ✓ Белсенді клиенттердің өсуі
  • ✓ ЗТ кредит беру көлемінің өсуі
  • ✓ Тартылған қаражат көлемінің өсуі
  • ✓ Цифрлық банкті дамыту
  • ✓ Транзакциялық бизнестің қалпына келуі және өсуі
  • ✓ Қаржылық және қаржылық емес өнімдерді дамыту
  • ✓ Мемлекеттік сервистерді кеңейту
  • ✓ Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыруды қайта бастау
  • ✓ Сауданы қаржыландыруды дамыту және қаржы институттарымен өзара әрекеттесу
  • ✓ Ірі төлем ұйымдарымен серіктестікті дамыту
  • ✓ Ірі ойыншылармен стратегиялық серіктестікті дамыту
  • ✓ Жаһандық нарықтарға шығу және брокерлік қызмет көрсету
  • ✓ ҚР нарығында жетекші және тұрақты қаржы институттарының бірі ретінде позицияларды нығайту
  • ✓ ESG қағидаттарын енгізу

Банктің корпоративтік бизнесі үш негізгі клиенттік сегментке бағдарланған: ірі, орта және микро-, шағын бизнес және ЗТ-ның белсенді клиенттік базасын табысты өсіруде және серіктестік желіні дамыту бойынша ауқымды жобалардың арқасында осы үрдісті сақтап қалуды жоспарлап отыр.

 

   Бөлшек бизнес

Бөлшек бизнестегі Стратегияның негізгі бағыттары:

  • 1. Бизнесті қалпына келтіру
  • 2. Бизнестің өсуі
  • 3. Цифрлық банк

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Банк қызметінің келесі стратегиялық негізгі көрсеткіштері анықталды:

  • ✓ ЖТ белсенді клиенттерінің өсуі
  • ✓ ЖТ кредит беру көлемінің өсуі
  • ✓ Тартылған қаражат көлемінің өсуі
  • ✓ Цифрлық банкті дамыту
  • ✓ Автокредит берудегі көшбасшылық
  • ✓ Кепілсіз және ипотекалық кредит беру көлемінің өсуі
  • ✓ Трансшекаралық аударымдар мен онлайн төлемдердегі көшбасшылық
  • ✓ Қосымша сервистерді енгізу арқылы экожүйені дамыту

Бөлшек бизнес стратегиясының басым міндеттері: ЖТ белсенді клиенттік базасымен жұмысты қайта бастау, Банктің транзакциялық тартымдылығын дамыту, флагмандық карталық өнімді жетілдіру, Банктің трансшекаралық әлеуетін дамыту, мемлекеттік сервистер мен қызметтерді енгізе отырып, цифрлық банкингті дамыту.

 

   IT және AI дамыту

IT және AI дамыту Стратегияның негізгі векторлары болып табылады.

Стратегияның мақсаты - бұл микро сервистік құрылымға көшу және кластерді енгізу және жеке ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) құру арқылы қамтамасыз етілетін өте сенімді және икемді IT инфрақұрылымы, цифрлық трансформациясы бар ұйымының Data Driven-ін құру.  

Модельдеу нәтижелері мен деректерді талдау ұйымының Data-driven-інде шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Осы мақсатта Банк шешім қабылдау үлгілерін енгізуді, жасанды интеллектті барлық арналарда қолдануды, цифрлық сервситердің айтарлықтай дамуы аясында деректермен жұмыс көлемін арттыруды, жетілдірілген модельдеу мен платформаларды қолдануды жоспарлап отыр.

Озық инфрақұрылымды енгізу Банкке еңбекті жаппай автоматтандыру есебінен іске қосу үдерісінің Е2Е қысқа мерзімін береді. Осы мақсатта Банк үлгілердің әсерін бағалауды автоматтандыруды, үлгілерді коммерциялық пайдалануға шығаруды жеңілдетуді, үлгілерді әзірлеудің арнайы ортасын құруды және деректер қоймаларын дамытуды жоспарлап отыр.

 

   Команда

Стратегия аясында команданы дамыту келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • ✓ Үміткерлерді жалдау бағдарламаларын қолдану (Рекрутинг)
  • ✓ Құзыреттерді дамыту
  • ✓ Ынталандырудың жаңа жүйесін әзірлеу және енгізу (Грейдинг)
  • ✓ Құндылықтарды әзірлеу және енгізу
  • ✓ Оқыту бағдарламаларын әзірлеу (Talent Management)
  • ✓ Digital коммуникация

Стратегияға сәйкес қызметкерлерді дамыту және оқыту келесі жолдармен мақсатқа қол жеткізетін үздік оқыту жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады: тиімділікті арттыру үшін оқытудың жаңа форматтарын енгізу, басшылардың жаңа буынын негізгі құзыреттіліктермен оқыту, кейіннен кадр резервіне қосу арқылы дарындарды анықтау және дамыту, периметр ішінде әлеуметтік оқыту мәдениетін қалыптастыру.

Нәтижеге бағытталған кәсіби, өршіл және үдеріске тартылған, дарынды және тиімді қызметкерлер – осы күнге дейін Банктің негізгі капиталы болып келді және болып қала береді. Өз кезегінде, Банк болашағы зор мамандарды тартуға және олардың әлеуетін ашуға бағытталған корпоративтік мәдениетті қалыптастыру арқылы өз қызметкерлерінің жұмысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылады.

 

   ESG

Банк «жасыл қаржыландыру», экологияны сақтау, корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік бойынша ұстанымды белсенді қолдайды.  Банк ESG жаһандық қозғалысының бөлігі ретінде келесі бағыттарды ұстанады:

  • ✓ Экологиялық критерийлер
  • ✓ Корпоративтік басқару критерийлері
  • ✓ Экологиялық критерийлер
  • ✓ Әлеуметтік критерийлер