2023-12-04

«Депозитке супер кешбэк» акциясының ережелері

Акция – «Bereke Bank» АҚ өткізетін «Депозитке супер кешбэк» атты маркетингтік акциясы (бұдан әрі – Акция).

 

Банк – «Bereke Bank» АҚ Акция ұйымдастырушысы болып табылады.

 

Карта – расчетная дебетовая карта, выпущенная Банком, участвующая в Программе Лояльности «B-bonus» на момент совершения покупки в рамках Акция аясында сатып алу кезінде «B-Bonus» Бейілділік бағдарламасына қатысатын Банк шығарған есептік дебеттік карта.

 

Жоғарылатылған бонус – осы Ережелердің 3-т. сәйкес есептелген Бонустар сомасы.

 

Акция мерзімі – 04.12.2023 ж. бастап 29.02.2024 ж. дейін.

 

Акцияға қатысушы – Акцияға қатысу талаптарын орындаған, Карта ұстаушысы болып табылатын және келесі талаптарға сәйкес келетін Банк клиенті:

 

  • Акция мерзімі басталған күні жасы толық 18 жастан кіші емес.
  • Акция мерзімі басталған күннен бастап Акция бойыынша Жоғарылатылған бонустар есептелген соңғы күнге дейін Банк алдында мерзімі кешіктірілген кез келген берешек жоқ
  • «B-Bank» мобильді қосымшасында тіркелген

 

Сатып алу – Клиенттің Банк шығарған төлем карточкасын немесе оның деректемелерін (E-com операциясы) пайдалана отырып, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді төлеуі.

 

Депозит – Акция мерзімі ішінде Банк пен Қатысушы арасында жасалған және келесі критерийлерге сәйкес келетін «Күн Сайын» салым шарты:

 

  • Жоғарылатылған бонус төленген күні салым шарты қолданыстағы (бұғатталмаған және «жабуға дайындау» статусына ауыстырылмаған) болып табылады
  • шарт клиент Акция мерзімі басталғаннан бұрын ашқан салым/депозит бойынша ұзартылған болып табылмайды

 

Депозит/Депозиттер бойынша қалдық – Акцияға қатысу үшін ашылған Депозит/Депозиттер шотына орналастырылған ақша қаражатының сомасы. 

 

Акцияға қатысу талаптары:

 

  1. Акция мерзімі ішінде Депозит ашу. Акцияға қатысушы бірнеше Депозит аша алады, бірақ біреуден кем болмауы керек.
  2. 2-т. сәйкес Акция мерзімінде Депозит/Депозиттер бойынша жиынтық Қалдықты сақтау.

 

Жоғарылатылған бонустарды есептеу тәртібі мен талаптары:

 

  1. Банк Акцияға қатысу талаптарын орындаған Акцияға қатысушыға Жоғарылатылған бонустарды келесі тәртіппен есептейді:
    • Жоғарылатылған бонустар Акция мерзімі ішінде Картамен төленген Сатып алу сомасының % ретінде анықталады, бірақ біріші Депозитті ашқан күннен ерте емес
    • Жоғарылатылған бонустар пайызы келесі кестеге сәйкес анықталыды:

Жоғарылатылған бонус есептелетін Сатып алу жүргізілген есеп айырысу күннің соңындағы Депозиттегі қалдық 

Сатып алу үшін Жоғарылатылған бонустар пайызы («B-bonus» Бағдарламасы аясында басқа Бонустарға қосылмайды) 

Жоғарылатылған бонустарды есептеудің ай сайынғы лимиті 

1

2 000 000,00 теңгеден 4 999 999,99 теңгеге дейін 

Сатып алу сомасының 5% 

15 000 бонус

2

5 000 000,00-ден 9 999 999,99 теңгеге дейін

Сатып алу сомасының 7% 

20 000 бонус

3

10 000 000,00 теңге және одан жоғары 

Сатып алу сомасының 10% 

25 000 бонус

 

  • Егер Депозит есеп айырысу айының аяқталуына 5 күнтізбелік күннен аз уақыт қалғанда ашылса, онда мұндай Депозит бойынша Қалдық мөлшері мұндай Депозитті ашқан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Жоғарылатылған бонустарды есептеу үшін қолданылады.
  • Акция аясында ашылған Депозит бойынша Қазақстандық теңгеден басқа валютадағы қалдық Жоғарылатылған бонустар пайызын анықтау мақсатында есеп айырысу күнгі Банк бағамы бойынша теңгеде қайта есептеледі.
  • Акцияға қатысушының бонустық шотына Жоғарылатылған бонустарды есептеу келесі күнтізбелік айдың 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

Акцияның басқа талаптары:

 

Банк Акция қатысушыларын Банктің https://www.berekebank.kz сайтында Ережелердің жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландыра отырып, Акция Ережелеріне өзгертулер енгізуге құқылы.  Сонымен қатар Банк Акцияға қатысушыларға Ережеледің өзгеруі туралы маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы.

 

Акцияға қатысушылар Акция Ережелерімен және https://www.berekebank.kz мекенжайы бойынша орналасқан өзекті өзгертулермен өз бетінше танысады.

 

Акция қатысушысының Акция талаптарына сәйкес Ережелердің жаңа редакциясы күшіне енген сәттен кейін әрекеттер жасауы Қатысушының Акция Ережелерінің жаңа редакциясымен келісетінін білдіреді.

 

Банк телекоммуникациялық және энергетикалық желілерінде болған ақаулар, зиян келтіретін бағдарламалар, үшінші тұлғалардың арам пиғылды әрекеттері нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Акция қатысушылары алдында жауапты болмайды.

 

Банк еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда Акция қатысушыларына мұндай шешім туралы алдын ала хабарландырмай, өз жеке қалауы бойынша Акцияны өткізуді біржақты тәртіппен тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.

Банк Акция қатысушыларының Акцияға қатысуына байланысты пайда болуы мүмкін ақшалай залалдардың, ұсталымдардың және өзге де кез-келген шығындардың орнын толтырмайды және қайтармайды. 

 

Банк Акция қатысушысының әрекеттерін/әрекетсіздігін алаяқтық, арам ниетті және/немесе Акцияға қатысу талаптарын өзге де жолмен бұзатын деп таныған сәтте, оның ішінде Бейілділік Бағдарламасында көзделген жағдайларда Банк мұндай Акция қатысушысына хабарламай және себептерін түсіндірмей Акция Ережелеріне сәйкес есептелген Бонустарды/Жоғарылатылған бонустарды есептемеуге және/немесе күшін жоюға құқылы.