2023-11-16

Кадрлық тағайындаулар

«Bereke Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2023 ж. 16 қарашадағы шешімімен Тимченко Андрей Игоревич жаңа мерзімге банк басқармасының төрағасы болып сайланды.

«Bereke Bank» АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады: Аникина А.В., Касенов С.М., Тимченко А.И.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Тимченко А.И. 2022 жылдың 17 қарашасында бір жыл өкілеттілік мерзімімен Bereke Bank басқармасының төрағасы лауазымына сайланған еді.

Андрей Тимченко 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң институтын “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады, сондай-ақ Harvard Business School және London Business School-ды қоса алғанда, жетекші американдық және еуропалық университеттерде бірқатар бағдарламалар бойынша білім алды.

А. Тимченко еңбек жолын 1997 жылы Ernst & Young Kazakhstan компаниясында салық жөніндегі кеңесші болып бастады. 1998-2013 жылдар аралығында "Қазкоммерцбанк" АҚ-да Инвестициялық банкинг департаментінің 2-санатты маманынан бастап Басқарушы директор және Басқарма мүшесіне дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2013 жылдың қазанынан 2016 жылдың маусымына дейін "Сбербанк" АҚ ЕБ Басшысының Орынбасары болды, бөлшек бизнес мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылғы маусымнан 2022 жылғы мамырға дейін "Альфа-Банк" ЕБ АҚ-да бас басқарушы директор-Басқарма мүшесі және Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымдарын атқарды. 2022 жылдың мамырынан маусымына дейін Андрей Тимченко "Есо Center Bank" ЕБ АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары болды.