2023-02-08

Bereke Bank санкциядан наурыз айында шығарылмақ

Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) американдық биліктің санкциядан шығару туралы шешімін наурызда күтетінін мәлімдейді.

Банк Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармадан (OFAC) АҚШ Конгрессына банкті санкциядан шығаруға өтінім берілгені туралы ақпаратты алды. Бұл қаржы институтының меншік иесін ауыстыруымен және акционері Қазақстан Үкіметі болып саналатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне толығымен тиесілі екенімен байланысты.

Барлық қажетті құжаттар АҚШ-тың тиісті инстанцияларына тапсырылды. Біздің күтуімізше, шешім наурызда қабылданады. Бұл дегеніміз, банк валюталық операциялармен жұмыс істеуге оралып, шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастарды қайта қалпына келтіре алады.

Естеріңізге салсақ, Сбербанк пен «Бәйтерек» ҰБХ арасында сатып алу-сату мәмілесі қыркүйек айының басында жасалды, банк атауын Bereke Bank деп өзгертті. Сондай-ақ қыркүйекте банктің жаңа иесі OFAC-қа банкті санкциядан шығару туралы құжаттар пакетін өткізді.  

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия

 

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі

press@berekebank.kz  

| +7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466; 00 351) |