2023-10-17

Проблемалық берешекті реттеу

Берешекті реттеу талаптары мен тәртібі

Проблемалық берешекті реттеу және Шарт бойынша мерзімнің кешіктірілуіне байланысты құралдарды қолдану мүмкіндігін қарау мақсатында Банк Қарыз алушының банк алдындағы берешегін өтеу жөніндегі ұсыныстарын қарауға дайын. Қарыз алушы Банкке келіп, шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін кешіктіру себептері, табысы және оның кредиттік құжаттама талаптарына өзгертулер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтері бар жазбаша өтінішті ұсынуға құқылы.

Дауды реттеу аясында келесі тәсілдер қолданылуы мүмкін:

  1. 1. кредиттеу талаптарын өзгерту (қайта құрылымдау/мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу), соның ішінде:
  2. 2. негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге шегеру;
  3. 3. өтеу кестесін өзгерту (мерзімін ұзарту);
  4. 4. тұрақсыздық айыбы (айыппұлы, өсімпұлды), комиссияларды және басқа төлемдерді есептен шығару;
  5. 5. құқықты (талапты) беру шартын жасасу;
  6. 6. қарызды аудару туралы шарт жасасу;
  7. 7. новация шартын жасасу;
  8. 8. бітімгершілік келісім жасасу;
  9. 9. дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім.

 

Банкттің шарт талаптарына өзгерту енгізуді қарастыруы

Банк ішкі нормативтік құжаттарда және қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте және мерзімде шарт талаптарына енгізілуі ұсынылған өзгертулерді қарайды және жазбаша түрде және (немесе) шартта қарастырылған тәсілмен қарыз алушыға келесілер туралы хабарлайды:

  1. 1. шарт талаптарына ұсынылған өзгертулермен келісетіні;
  2. 2. шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары (қажет болған жағдайда Банктің шешім қабылдауы үшін тиісті құжаттар тізімі сұратылуы мүмкін);
  3. 3. шарт талаптарын өзгертуден бас тарту.

 

Қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайда кредитор қолданатын шаралар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және шарттардың талаптарына сәйкес қарыз алушы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Банк белгіленген тәртіпте келесілерге құқылы: 

  1. 1. төлем талабын жіберу арқылы мерзімі кешіктірілген берешекті өтеу шотына қарыз алушының және кепілгердің кез келген банктік шоттарынан ақшаны акцептісіз және даусыз алуды жүргізуге;
  2. 2. қарыз, сыйақы, айыппұлдар (тұрақсыздық айыбы) және шығындар сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап ете отырып, Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартатыны туралы мәлімдеуге;
  3. 3. берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға бастамашылық етуге;
  4. 4. кепілге қойылған мүлікті соттан тыс/сот тәртібімен өндіріп алу;
  5. 5. Банктің атқарушылық іс жүргізу/банкроттық/ тарату рәсімдеріне қатысуы, соның ішінде атқарушылық іс жүргізу немесе банкроттық рәсімі аясында, өткізілмеген сауда нәтижелері бойынша Банк меншігіне кепіл мүлкін алу арқылы берешекті өтеу.