2024-04-08

Bereke Bank теңгедегі депозит бойынша мөлшерлемені 18%- ға дейін көтерді

Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің жаппай төмендеуіне қарамастан, қазақстандықтар әлі де өз салымдарынан пайда таба алады. Сәуір айының соңына дейін нарықта депозитті ең тиімді мөлшерлемемен - жылдық 18%-бен ашуға болады.

Bereke Bank барлық жаңа салымшыларға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 18%-ды құрайтын «Сәлем» Bereke Депозиті ұсынады. Ол үшін банкте қолданыста бұдан басқа депозиттің болмауы шарт. Депозиттің ең төменгі сомасы 15 000 теңгеден басталады және 50 000 000 теңгеге дейін жетеді, ал мерзімі 2 айды құрайды.

Салымды рәсімдеу үшін сізге бар болғаны интернет пен бірнеше минут уақыт қажет. «B-Bank» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз да, жылдам тіркеуден өтіңіз, кейін депозитті онлайн ашып, оны қажетті сомамен толықтырыңыз.  

Bereke Bank банк клиенттерінің өмірін жеңіл әрі жайлы етуге мүмкіндік беретін ерекше әрі тиімді шешімдер ұсынады.

Bereke Bank – көп жылдық тарихы бар қазақстандық банк. Банктің акционері – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, банк қаржы көрсеткіштері бойынша елдегі үздік он банктің қатарына тұрақты кіреді. Банктің барлық депозиттерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қорғайды.

«Сәлем» Bereke Депозиті  жайлы толық ақпаратпен және шарттарымен банктің сайтында танысуға болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.