2024-04-05

Bereke Bank клиенттері бонустар арқылы табыс табады

Бес айдың ішінде банк клиенттері MasterCard және Visa карталарымен сауда жасай отырып, Bereke Bank-тен 220 миллион теңгеден астам табыс алды.

Өткен жылдың қазан айында банк «B-Bonus» сенімділік бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарламаның аясында банктің төлем карталарымен сауда немесе қызмет ақысын төлегенде 30%-ға дейін жоғарылатылған бонустар есептеледі. Бүгінде «B-Bonus» бағдарламасы банктің карта ұстаушылары арасында өте танымал және 1 сәуірден бастап банк клиенттердің күнделікті транзакцияларын бұрынғыдан да тиімді ету мақсатында бағдарламаның шарттарын жаңартты.

Жаңартылған бағдарлама клиенттерге бонустар жинақтауға және үздік ұсыныстар мен артықшылықтарға ие болуға бірегей мүмкіндік береді. «B-Bonus» бағдарламасының аясында 1 бонус 1 теңгеге тең және жинақталған бонустармен ұялы байланыс, мемлекеттік және коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге, қайырымдылыққа ақша аударуға және тағы да басқа төлемдер жасауға болады. Сонымен қатар бонустарды өз шотыңызға аудару арқылы оларды нақты ақшаға айырбастай аласыз.

Жоғары бонустарды алу үшін Bereke Bank-тің төлем картасын ашу қажет немесе жалақы жобасының қатысушысы болу керек, содан кейін «B-Bank» мобильді қосымшасында «B-Bonus» бағдарламасын қосу қажет. Ай сайынғы кешбэкті есептеу лимиті таңдалған тарифтік пакетке байланысты.

Егер де карта иесінің Bereke Bank-те 100 000 теңгеден астам көлемде депозиті бар болса, онда ол әрбір сауда үшін 3%, 500 000 теңге көлеміндегі салымға 5%, ал 7 млн теңге және одан да көп сомадағы депозит үшін 7% бонус алады. Сондай-ақ депозиттердің барлық иелері үшін Жанармай құю және Такси сияқты жекелеген санаттарға 10% жоғарылатылған бонустар көзделген, сондай-ақ Кино билеттерін сатып алғанда 30% мөлшерінде кешбэк есептеледі.

Депозиті жоқ банк карталарының иелері үшін де жақсы кешбэктер қарастырылған, олар «B-Bonus» қызметін қосқанда, барлық сауда үшін 1,5 мөлшерінде жоғары бонус алады.

Bereke Bank депозиттерінің салымшылары қазірдің өзінде көптеген артықшылықтарға ие, мысалы, күнделікті пайыздарды капиталдандыру, қаражатқа онлайн қолжетімділік және СЖТМ-нің 18%-на дейінгі ең тиімді пайыздық мөлшерлемелер.

Бағдарламаның толық шарттары мен ережелері банктің ресми сайтында берілген. Бонустық шотты әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде B-Bank мобильді қосымшасы арқылы басқарыңыз. «B-Bonus» сервисіне қосылып, жоғары бонустарды тегін алыңыз! 

Bereke Bank – көп жылдық тарихы бар қазақстандық банк. Банктің акционері – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, банк қаржы көрсеткіштері бойынша елдегі үздік он банктің қатарына тұрақты кіреді. Банктің барлық депозиттерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қорғайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.