2024-03-12

Bereke Bank-тің Mastercard карталарын ұстаушыларға Glovo тегін жеткізу қызметін ұсынады

Алматы қ., Қазақстан – «Bereke Bank» АҚ және Glovo Kazakhstan LLP Mastercard карталарын пайдаланатын банк клиенттеріне арнап бірлескен маркетингтік акцияны бастады.

Енді сіз Glovo қосымшасы арқылы тапсырыс берген кезде және тапсырыс ақысын Bereke Bank-тің Mastercard банктік картасымен төлеген кезде, тапсырысыңыз тегін жеткізіледі. Акцияға қатысу үшін бар болғаны «Тамақ» немесе «Супермаркеттер» бөлімдерінде кез келген сомаға тапсырыс берсеңіз жеткілікті, жеткізу құны 0 теңгені құрайды.

Акция 2024 ж. 10 наурыздан бастап 2024 ж. 10 мамырды қоса алғанға дейін өткізіледі.

Bereke Bank әрқашан өз клиенттеріне қолайлы жағдай жасауға, ыңғайлы әрі тиімді шешімдер ұсынуға тырысады, сондықтан тегін жеткізуден бөлек, біз сізге B-Bonus+ бағдарламасына қатысуды ұсынамыз.  

Бонустар түрінде берілетін кешбэкті біздің B-Bank мобильді қосымшамызда қызмет ақысын төлеуге жұмсауға болады, 1 бонус = 1 теңгеге тең. B-Bonus+ бағдарламасына қосылу арқылы барлық сауда түріне 3% кешбэк, сондай-ақ такси және жанармай құю ақысын төлегені үшін 10%-ға дейін және кино сервисінде билеттер сатып алғаны үшін 30% қосымша кешбэк аласыз.

10 наурызда Рамазан айы басталады, біздің банкіміз аталған қасиетті мерекені атап өтетін барлық клиенттерімізге ерекше демеу, қолдау көрсетуге  дайын. Қосымша бонустарға ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және ыңғайлы онлайн сервисті дәл бүгіннен бастап пайдаланыңыз!

Glovo Kazakhstan LLP жұмыс істейтін қалалардың тізімі – https://glovoapp.com/kz/ru/map/goroda/

Анықтама

«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі. 01.02.2023 ж. жағдай бойынша Bereke Bank Қазақстанның ҮЗДІК 10 банкінің қатарына кіреді.

 

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі

press@berekebank.kz   

| +7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466, 601 387)

 

Mastercard (NYSE: MA) — төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Біздің миссиямыз — қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қол жетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, барлығына және барлық жерде артықшылықтар беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қорғалған деректер мен желілерді пайдалану, серіктестіктер құру және шабыттандыратын нәрселерге сүйену арқылы біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтерге және бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз және компания ішінде және одан тыс жерде жасайтын барлық нәрсе адамгершілік коэффициентіне (decency quotient, DQ) сәйкес анықталады. Біз 210-нан астам экономикада бизнес жүргіземіз және барлығына баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрамыз.

Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі

Тел: +7 (727) 264 67 37

mastercard@pressclub.kz