2024-03-06
Қуаныш, сенімділік, қамқорлық және ерекше көзқарас — бұл жай ғана сөздер емес, мұның барлығын Bereke Bank өз клиенттеріне тарту еткісі келеді.
Наурыз айының басында банк көпшіліктің назарына жаңа ролик ұсына отырып, жаңартылған брендті таныту мақсатында жарнама науқанын бастады. Банктің атауының өзі қазақстандықтар үшін мағынасы терең, молшылық пен ырыс-дәулетті білдіретін «береке» сөзімен тікелей байланысты.
Бейнеролик әр адамның жақсылыққа ұмтылысын, маңызды құндылықтарды баяндайды.
Bereke Bank – бұл:
Bereke Bank – көп жылдық тарихы бар қазақстандық банк, банктің акционері – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, банк қаржылық көрсеткіштері бойынша еліміздегі үздік он банктің қатарына кіреді және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесінің қатысушысы.
Қараша айының ортасында Bereke Bank рестайлинг жүргізгенін жариялап, жаңа логотипі мен жаңа түстерді ұсынды. Бірнеше ай ішінде бүкіл ел бойынша айдентикасы және бөлімшелері қайта жаңартылды.
Логотиптің рестайлингі Bereke Bank-тің заманауи цифрлық ортаға тез бейімделе алатын бәсекеге қабілетті бизнес құруға деген талпынысын
айқындайды. Жаңа логотип технологиялық тұрғыдан өте ыңғайлы, оны кез келген тасымалдаушы, соның ішінде Цифрлық құралдар арқылы оңай пайдалануға болады.
Логотиптің түстері Bereke Bank-тің жаңа брендінің жаңа мән-мағынасын сипаттайтын эмоцияларды тікелей жеткізеді. Көк – сенімділікті, тұрақтылық пен тепе-теңдікті білдіреді. Жасыл – қуаныш, сәттілік, жарқын өмір. Брендингтің барлық элементтері банктің өз клиенттерінің игілігі үшін атқаратын жұмыстарына қатысты мақсат-ойларын айшықтайды.
«Бәрі Bereke-лі болады!»