2024-02-27

Fitch Ratings «Bereke Bank» АҚ рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ның «BB» деңгейіндегі ұзақмерзімді рейтингісін растады және  болашақта акционердің ауысуына байланысты банкті «Rating Watch Negative» бақылау тізіміне енгізді.

2023 жылғы маусымда агенттік сарапшылары банктің өзіне тұрақты болжамы бар «В деңгейінде және банктің ұзақмерзімді рейтингісін тағайындаған болатын. Сондай-ақ «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ -ның атынан мемлекеттің қолдауын ескере отырып, «Тұрақты» болжамымен «BB» деңгейіндегі рейтингті берген еді (мұнда акционердің «BBB»/»Тұрақты» деңгейіндегі рейтингісі назарға алынды).

Fitch Ratings-тің процедураларына сәйкес акционер ауысқан кезде эмитенттің болжамы қайта қарастырылады. Осы процедураны жүргізу кезінде агенттік 2024 жылғы 14 ақпанда жарияланған Катар қор биржасында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен LESHA Bank арасындағы ҚР-да банкті әлеуетті сатып алу туралы алдын ала келісімі жөніндегі ақпаратқа сүйенеді.

Айта кетерлігі, агенттіктің «Rating Watch Negative» тізіміне бақылауға алуы бұл ықтимал акционерге қатысты берген қандай да бір баға емес. Бұл Fitch Ratings үшін болжамды инвестордың компаниялар тобын және акционердің банкті қолдауын бағалауға жұмсалатын уақытты білдіреді.

Bereke Bank-тің жағдайы тұрақты. 2023 жыл бойы және осы уақытқа дейін банк ай сайын пайда тауып келеді, барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды және негізгі қаржылық көрсеткіштерді жақсартуда.

Банк жүйелі түрде кредиттік портфельдің сапасын тексеру процедураларынан өтеді және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерді уақытында және толық көлемде орындай алады. Бұны 2023 жылғы желтоқсанда Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттігі халықаралық меже бойынша «BB+» берген рейтингісі растайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Bereke Bank халық салымдарының жылдық өсімі бойынша бірінші орынға шықты, бөлшек салымдар портфелі бірден 2,1 есеге ұлғайып, 430 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар банк - Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесінің қатысушысы.

Жақын арада банк 2023 жылғы қызметінің аудиттелген қаржылық есептілігін жариялайды, онда банктің жоғары сенімділігі мен сапалы дамуын растайтын деректерді толығырақ ұсынады.

Осылайша, Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы ақпараты жоспарлы процедура болып табылады және Банктің жағдайына қатысты қандай да бір өзгерістерді көздемейді.

Bereke Bank нарықтағы орнын күшейту арқылы, сондай-ақ клиенттерге барынша тиімді шешімдер ұсыну арқылы өз позицияларын нығайтуда.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 жылы берген №1.2.199/93/31 лицензия