2024-01-15

Bereke Bank клиенттерге онлайн қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша Bereke Bank клиенттік операциялардың 90%-ын автоматтандырды. Бүгінде барлық өнімдерді қайта қалпына келтірдік және банк бұрынғыдай клиенттерге қызметтердің толық спектрін көрсетеді. Біздің жеке тұлғаларға арналған «B-Bank» және кәсіпкерлерге арналған «B-Business» қосымшаларымыз біздің құрметті клиенттеріміз үшін кез келген уақытта қолжетімді әрі оларды пайдалану өте ыңғайлы.

Клиенттер сервисті бөлімшелерге бармай-ақ қашықтықтан ала алатындай етіп, қызметтің ыңғайлы әрі сенімді болуына назар аудара отырып, қызмет көрсету сапасын жетілдіру үстіндеміз. Тиімділікті арттыра отырып, біз барлық қызмет көрсету арналарының жұмысын жақсартуға, клиенттеріміз үшін жаңа сервистер ендірудеміз. Барлық қызмет көрсету арналарының, соның ішінде бөлімшелердің қаншалықты сұранысқа ие екені үнемі талданады. Жасалған талдаулар нәтижесінде 1 ақпаннан бастап кейбір аймақтарда келушілер саны аз бірқатар бөлімшелердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды, алайда бұл бөлімшелердің клиенттері Bereke Bank-те онлайн арналар арқылы немесе банктің басқа жақын орналасқан нүктелерінде қызмет ала алады.

 

Клиенттер онлайн-сервистерді пайдалану арқылы сенімділік бағдарламасының аясында Банк картасымен кез келген тауар және қызмет ақысын төлегені үшін жоғарылатылған кешбэк түрінде қосымша пайда табады. «B-Bonus+» сервисі бағдарламаны пайдаланушыларға 3%-дан 30%-ға дейін кепілдендірілген бонустар алуға мүмкіндік береді. «B-Bank» мобильді қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүстесінен 24/7 режимінде сервисті қосып, бонустық шотты басқаруға болады.

 

Біздің банк еліміздің 18 аймағында қызмет көрсетеді, 18 филиалды қосқанда, 68 бөлімше жұмыс істейді, орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Жеке тұлғаларға арналған «B-Bank» мобильді қосымшасын және кәсіпкерлерге арналған «B-Business» платформасын мына сілтеме арқылы жүктеуге болады:

B-Bank    

B-Business

Біздің қосымшаларымыз қаржыңызды тиімді басқаруға және үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, қаржылық емес және мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, қызметтердің көп түріне қол жеткізуге көмектеседі.

 

Қосымша ақпарат алу үшін 5030 (жеке тұлғалар үшін) және 7744 (заңды тұлғалар үшін) нөмірлеріне хабарласыңыз.

Анықтама үшін:

«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.12.2023 ж. жағдай бойынша Bereke Bank барлық негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан банктерінің ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді.

2023 ж. маусым айында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг бере отырып, сенімді банк екенін растады. Бұл Қазақстанның банк нарығында ең жоғары рейтингтердің бірі. 2023 ж. желтоқсан айында Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттік (АКРА) Bereke Bank-ке  халықаралық шкала бойынша BB+ деңгейінде рейтинг тағайындады, болжамы – «Тұрақты».

 

Бәрі Bereke-лі болады!