2023-10-16

Bereke Bank VISA төлем жүйесімен жұмысын қайта іске қосты

Bereke Bank Visa халықаралық төлем жүйесімен жұмысын қайта бастады. Осылайша, банк клиенттер үшін әлемдегі ең ірі Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қызметін толық қалпына келтірді. 

Енді клиенттер Bereke Bank-тің жаңа Visa карталарын ресімдей алады, ол бойынша сауда орындарында, қосымшаларда және интернет-сайттарда сауда ақысын төлеуге, қолма-қол ақшаны шешіп алуға және бүкіл әлем бойынша ұлттық және шетел валютасында жасалатын (АҚШ доллары, еуро, рубль, юань) ақша аударымдарын қоса алғанда, онлайн операциялардың барлық түрін жүргізуге болады.

Сондай-ақ POS-терминалдарда және Bereke Bank-тің интернет-эквайрингінде кез келген басқа банктің VISA карталарымен төлем жасау мүмкіндігі де жаңартылды. Сонымен қатар Bereke Bank Банктің POS-терминалын қолданатын немесе оны 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін орнататын кәсіпкерлер үшін акция ұйымдастырды, оның аясында төлемдерді басқа банктердің карталары бойынша қабылдаған кезде комиссия бар болғаны 1,7%-ды құрайды. 

«Bereke Bank үшін Visa төлем жүйесімен жұмысын қайта бастау операциялық қызметті толық қалпына келтіру үшін жасалған жұмыстардың соңы еді. Visa-ға жоғары кәсібилігі үшін үлкен алғыс білдіреміз, қысқа мерзімде жүйеге қосылу үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Бүгінде банктің клиенттері әлемнің кез келген нүктесінде Visa карталары бойынша цифрлық төлемдер мен транзакциялардың барлық түрін толық пайдалана алады. Біздің клиенттеріміз ыңғайлы әрі тиімді қызметке, сервиске қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Банктің және бүкіл команданың атынан бізге сенім артқан әр клиентке, серіктеске алғыс айтамын», – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Тимченко.

Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан алуға болады: 5030 нөмірі (жеке тұлғалар үшін) және 7744 нөмірі (заңды тұлғалар үшін), Қазақстан аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Анықтама үшін:

«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.09.2023 ж. жағдай бойынша ҚР ЕДБ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді.

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі. 

Банк ай сайын пайда табады, 2023 ж. 8 айда таза пайда 17,2 млрд теңгені құрады. Банк барлық пруденциалдық нормативтерді орындап келеді. 2023 ж. 8 айда k2 капиталының жеткіліктілік коэффициенті 9,4%-дан 11,0%-ға дейін артты.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.