2023-07-05

Bereke Bank қарқынды дамып келеді

Қазақстан Ұлттық Банкінің деректеріне сай ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық активтері жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 45 трлн теңгеден астам соманы құрады.

2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша «Bereke Bank» АҚ ҚР-дағы үздік 10 ЕДБ қатарына енді, активтердің мөлшері бойынша 8-інші орында (4 айдағы қорытындымен салыстырғанда, +1 позиция).

2023 жылы 5 айдың ішінде клиенттердің банк шотындағы қаражаты 150 млрд теңгеге көбейді, оның ішінде корпоративтік сектор қаражаты 90 млрд теңгеге өсті.

Bereke Bank капиталының жеткіліктілік коэффициенті 2023 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9,4%-дан 2023 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 11%-ға артты.

Бүгінде «Bereke Bank» АҚ операциялық қызметті жоспарлы түрде қайта қалпына келтіруде. Bereke Bank (бұрынға «Сбербанк» АҚ ЕБ) АҚШ-тың санкциялық тізімінен 2023 жылдың наурыз айында, меншік иесі ауысқаннан кейін бір жылдан аз уақытта шығарылды.

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға  тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді, бұл – Қазақстанның банктік нарығында ең жоғары рейтингтердің бірі. Маусым айының соңында Bereke Bank АҚШ долларында орындалатын валюталық операцияларды қайта іске қосты. Банк жақын арада еурода жасалатын операцияларды, сондай-ақ VISA және Mastercard халықаралық төлем жүйелерімен қатынастарды қалпына келтіруді көздеп отыр.

«Bereke Bank» АҚ – Қазақстандағы екінші деңгейлі банк, қаржы ұйымының 100% акциясы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі.