2023-06-29

Bereke Bank валюталық операцияларды қайта қалпына келтірді

Банктің жеке және заңды тұлға клиенттері ел ішінде, сондай-ақ шетелдік қаржы мекемелеріне төлемдерді, валюталық ақша аударымдарын және айырбастау операцияларын АҚШ долларында қайта жүргізе алады. Кәсіпкерлер валюталық келісім-шарттар бойынша валюталық төлемдер жасау мүмкіндігіне ие болады және FX-платформаның аясында жасалатын онлайн айырбастау операцияларының  ең тиімді шарттарын қолдана алады.

АҚШ долларында жүргізілетін операцияларды қайта бастау – санкциялық тізімнен шыққаннан кейін Bereke Bank-тің операциялық қызметін қайта қалпына келтіру үшін жасалған  маңызды қадамдардың бірі. Банк қазақстандық Екінші деңгейлі банктерде, сондай-ақ шетелдік корреспондент-банктерде долларда корреспонденттік шоттар ашты.

Бүгінде банктің долларда шоттары бар клиенттері операцияларды шетел валютасында жүргізе алады. Жаңа клиенттер шотты банк бөлімшелерінде, сонымен бірге App Store, Google Play және AppGallery дүкендерінде қолжетімді B-Bank (жеке тұлғалар үшін) және B-Business (заңды тұлғалар үшін) мобильді қосымшаларында онлайн аша алады.   

Бүгінде Bereke Bank-тің клиенттері теңгеде, АҚШ долларында, ресей рублінде және юаньда операциялар жасай алады

Банк жақын арада еурода жасалатын операцияларды, сонымен қатар VISA және Mastercard халықаралық төлем жүйелерімен қатынастарды қалпына келтіруді көздеп отыр.   

Bereke Bank (бұрынғы «Сбербанк» АҚ ЕБ) АҚШ-тың санкциялық тізімінен 2023 жылдың наурыз айында, меншік иесі ауысқаннан кейін бір жылдан аз уақытта шығарылды. Кәсіби қатысушылардың бағалауы бойынша операциялық қызметті осындай қысқа мерзімде қалпына келтіру қаржы нарығы үшін бірегей жағдай болып саналады.    

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға  тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг» берді, бұл – Қазақстанның банктік нарығында ең жоғары рейтингтердің бірі. 

Анықтама:

«Bereke Bank» АҚ, бүгінде оның 100% акциясы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі.

2023 жылы 5 айдың ішінде клиенттердің банк шоттарындағы қаражаты 150 млрд теңгеге артты, оның ішінде корпоративтік сектор қаражаты 90 млрд теңгеге өсті. 

Bereke Bank капиталының жеткілікті коэффициенті 2023 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша  9,4%-дан 2023 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 11%-ға көбейді. Қаржы институты ай сайын пайда тауып отыр, 2023 жылы 5 айда түскен кіріс мөлшері 12 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу үшін мына нөмірлерге хабарласыңыз, Call-center: 5030 (жеке тұлғаларға) және 7744 (заңды тұлғаларға).

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 20.09.2022 ж. № 1.2.199/93/31 лицензия