2023-06-22

Bereke Bank-тің мобильді қосымшалары енді App Store-да қолжетімді

Банкке салынған санкцияларға байланысты туындаған барлық мәселелер оң шешімін тапқаннан кейін Bereke Bank жеке және заңды тұлғаларға арналған B-Bank және B-Business мобильді қосымшаларын App Store-да қайта жүктеп алуға болатынын қуана хабарлайды.

Bereke Bank өз қызметтерін барынша ыңғайлы әрі оңай етуге тырысады, B-Bank және B-Business мобильді қосымшалары – осы бағытта жасалған негізгі қадам. Клиенттер бұл қосымшалар арқылы өз қаржысын тиімді басқара алады және үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, түрлі қызметтерге, соның ішінде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізеді.

Несиелерді рәсімдеу, сондай-ақ оларды ішінара немесе толық өтеу енді әлдеқайда оңай әрі ыңғайлы. B-Bank қосымшасының көмегімен телефон нөмірі бойынша Bereke Bank-тің клиенттеріне, сондай-ақ карта немесе шот нөмірі бойынша Қазақстандағы басқа банктерге жылдам ақша аударымдарын жасауға болады. Шот деректемелері бойынша халықаралық аударымдар және ТМД елдеріне жедел ақша аударымдарын жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар клиенттер қосымша арқылы қолма-қол ақшаны картасыз ала алады және коммуналдық қызмет, салық, айыппұл және т.б. сияқты төлемдерді комиссиясыз төлейді.

Сонымен қоса клиенттер тиімді ұсыныстар мен акциялардан хабардар болып, анықтамаларды қалыптастыру, кино билеттерін сатып алу, іс-шаралар афишасы және т.б. сияқты ыңғайлы онлайн-сервистерге қол жеткізеді.

Заңды тұлғаларға арналған B-Business қосымшасы клиенттерге өз қаржысы мен бизнес операцияларды тиімді басқару мүмкіндігін ұсынады. Кәсіпкерлер қосымшаның көмегімен шоттары мен жүргізетін операцияларын бақылайды, төлемдер жасайды және қаражат қозғалысы туралы хабарлама алады. Сонымен бірге B-Business арқылы корпоративтік кредит алуға, депозиттер рәсімдеуге, оларды басқаруға, сондай-ақ мемлекеттік сервистерге оңай қол жеткізуге болады.

- Мобильді қосымшаларымызды App Store арқылы қайта жүктеп алу мүмкіндігі  – санкциялар алынып тасталғаннан кейін Bereke Bank-тің қызметін толық қалпына келтіру үшін жасалған тағы бір қадам. Біз өз клиенттерімізге қиын кезеңде танытқан төзімділіктері мен көрсеткен қолдауларына үлкен алғыс айтамыз. Bereke Bank қосымшаларының жаңа нұсқалары жетілдірілген және қолдануға ыңғайлы интерфейсті, жақсартылған қауіпсіздік шараларын және қызметтерімізді пайдалану тәжірибесін бұрынғыдан да ыңғайлы әрі тиімді ететін жаңа мүмкіндіктерді қамтиды, - деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Тимченко.

B-Bank және B-Business мобильді қосымшаларын дәл бүгін жүктеп алыңыз да, Bereke Bank-тің өз клиенттеріне ұсынатын жаңа мүмкіндіктерінен хабардар болыңыз!

B-Bank қосымшасын жүктеуге арналған сілтеме  

B-Business қосымшасын жүктеуге арналған сілтеме

Қосымша ақпарат алу үшін 5030 (жеке тұлғаларға) және 7744 (заңды тұлғаларға) нөмірлері арқылы хабарласыңыз.