2023-06-13

Bereke Bank-ке ВB деңгейінде несиелік рейтинг берілді

Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді.

Агенттік рейтинг деңгейіне акционердің «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып ауысуы оң әсер еткенін атап өтті.

«ВВ» рейтингі банк жағдайының тұрақты екенін, клиенттердің алдында өзінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындай алатынын білдіреді. Өзгеше айтқанда, қаражат салу қауіпсіздігі тұрғысынан Банкке толық сенім артуға болады.

- Әлемдегі ең ірі рейтингтік агенттіктердің бірінен "ВВ" халықаралық несиелік рейтингін алу – бұл Банктің несие қабілеттілігіне, салымшылар мен басқа кредиторлар үшін сенімді екеніне берілген жоғары баға. Біз берілген осы бағаға өте қуандық, бұл "Бәйтерек" холдингінің банкті сатып алуы туралы шешімнің дұрыстығын растайтын тағы бір дәлел. Банктің жоғары рейтингтері оның кез келген қиындықтарды еңсеруге және өз клиенттерінің алдында міндеттемелерін толық көлемде орындауға қауқарлы екенін айқындайды, - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев

- Ағымдағы жылдың наурыз айында санкциядан шығарылған сәттен бастап операциялық қызметті толық қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Несиелік рейтинг алу процедурасынан өту стратегиялық шешім болды және осы нәтижеге жету үшін жасалған қадамдардың бірі. ВВ рейтингі – соңғы бір жарым жылда орын алған оқиғаларды ескерсек, өте жоғары баға.

Алдағы уақытта Қазақстандық қор биржасында операцияларды қайта жүргізуді; жергілікті және шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастарды қайта жандандыруды; халықаралық төлем жүйелерімен жұмысты біртіндеп қайта бастауды қосқанда, барлық операцияларды іске қосуды көздеп отырмыз, - деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Тимченко.

2023 ж. наурыз айынан бастап Банк барлық пруденциалдық нормативтерді орындап келеді. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9,4%-дан 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 11%-ға дейін артты. Қаржы институты ай сайын пайда табады, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 12 млрд теңгеге дейін көбейді. Банктің клиенттік базасы қалпына келтірілуде. Клиенттерден түскен қаражат өсімі жыл басынан есептегенде 150 млрд теңгені құрады, соның ішінде корпоративтік бизнес клиенттерінің қаражаты 90 млрд теңгеге, жеке тұлғалар бойынша 55 млрд теңгеге артты.

- Менің ойымша, ВВ деңгейінде берілген рейтинг – бұл Банктің нарықтағы жағдайының объективті бағасы, бірде-бір қазақстандық Банк тап болмаған дағдарыс пен турбуленттілік жағдайында банк өз тұрақтылығын сақтап қалды.

Клиенттерге біздің банкке артқан сенімдері үшін алғыс айтамын. Бұл – жоғары сервиспен қамтамасыз ету үшін, ыңғайлылық сыйлау үшін күн сайын аянбай еңбек ететін бүкіл команда үшін өте құнды жетістік, - деп атап өтті Андрей Тимченко.