2023-05-25

Bereke Bank клиенттерге ТМД елдеріне жылдам ақша аудару қызметін ұсынады

Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) B-Bank мобильді қосымшасында ТМД елдеріне телефон нөмірі және карта нөмірі бойынша жылдам ақша аудару сервисін іске қосты.  

Bereke Bank өз қызметін жоспарлы түрде қалпына келтіруде және сервистер мен қызметтер тізбесін кеңейту үстінде. Банк клиенттері бүгіннен бастап Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей банктеріне ақша аудара алады. Аударған қаражат алушының шотына бірден түседі.

Жылдам төлемдер жүйесі банктер арасында телефон нөмірі және карта нөмірі бойынша аптаның кез келген күнінде тәулік бойы жедел аударымдар жасауға мүмкіндік береді.

Операция теңгелік карталардың иелері үшін қолжетімді және теңгеде жасалады, оны серіктес нарықтық бағам бойынша басқа валютаға қайта есептейді.

Сервистің артықшылығы – пайдалану өте оңай, комиссия алынбайды және өзіңізге ыңғайлы соманы аудара аласыз. Шарттар алушы банктің еліне байланысты ерекшеленеді.

 

Ел

Ақша аудару тәсілі

Карта түрлері

Аударатын сома

Комиссия

Лимит

  Өзбекстан

Карта нөмірі бойынша

«UzCard»,  «Humo» ТЖ

1 000 теңгеден 180 000 теңгеге дейін

0%

 

 

 

Тәулігіне 500 000 теңге

 

  Тәжікстан

Карта нөмірі бойынша

«Корти милли» ТЖ

 

100 теңгеден 75 000 теңгеге дейін

 

0%

Телефон нөмірі бойынша

Банк Душанбе Сити

  Қырғызстан

Карта нөмірі бойынша

«Элкарт» ТЖ

20 теңгеден 75 000 теңгеге дейін

0%

  Ресей

Карта нөмірі бойынша

Кез келген карталар

20 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін

1%

Ресейге ақша аударымдары санкциялық тізімге енбейтін банктерге жасалады. Қызмет банктің KZT валютасында карталары бар барлық клиенттеріне қолжетімді.

Қызметті пайдалану үшін Android жүйесінің пайдаланушысы болу керек, мобильді қосымшаны немесе B-Bank-тің web-нұсқасын қолдану қажет.

Қосымша ақпаратты 5030 нөмірі арқылы байланыс орталығынан алуға болады (ҚР аумағында ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін).

ТМД елдеріне қаражат аудару жөнінде бейне нұсқаулық.   

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.2022 ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия.